Материалдары



Pdf көрінісі
бет42/62
Дата07.02.2022
өлшемі1,71 Mb.
#96169
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   62
Байланысты:
abai2020

ӘОЖ 327 (045) 
 
А.ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ 
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАР 
 
Амангүл Қайнарбай 
Ш.Есенов атындағы КМТИУ студенті 
Ғылыми жетекші: Егенисова А.Қ. 
Аңдатпа.
Бұл мақалада А.Құнанбаетың психологиялық көзқарастары, 
психологиядағы тән мен жанның арақатынасы, Абай өлеңдеріндегі психологиялық ой-
пікірлерлерді саралайды. Сонымен қатар, Абай шығармаларындағы сан алуан 
адамдардың (бай, болыс, атқамінер, т.б.) психологиялық бейнелеріне де сипаттама 
берген.
Адамның жан-дүниесіне қатысты түрлі ұғымдар мен түсініктердің мәнін әсерлі 
етіп, жеткізіп, Абайдың өлеңдері мен қара сөздері арқылы қазақ халқының 
психологиялық білімнің молаюына ықпал еткендігін баяндайды. 
Түйінді сөздер:
ақын, психология, жан, тән, қара сөз, міне-құлық. 
Ақын шығармашылығанда психологияның негізгі мәселесі – мен тәннің 
арақатынасы, адамның психологиялық даму жолындағы тәрбие мен білімнің атқаратын 
қызметі, сондай-ақ бала психологиясы мен қоғамдық ұлттық психологияның жекелеген 


136 
мәселелері де (адамның жеке басына және жас деңгейіне баланысты ерекшеліктер, 
әдет, үлгі өнеге,өзін-өзі тәрбиелеу жайлы оқу мен үйретудің психологиялық негіздері, 
ұлттық мінез-құлық, т.б.) көрініс тапқан. Ол бұларды талдап-талқылағанда адамның 
психологиялық өмірінің қыры мен сырына жаратылыстық-ғылыми тұрғыда түсініктеме 
бере қоймайды. Алайда, Абай тұжырымдарының ауқымы мен терңдігі – оның әлем 
психологтарының еңбектерімен таныс болғандығын айқын дәлелдейді. Нақтырақ 
айтсақ оның, психологиялық көзқарастары Аристотель, әл-Фараби көзқарастарымен 
астарласып жатады. Оның таным процесінде байланысты материялистік түсініктері 
аллаға сену мен жанның мәңгілігі туралы ұғымдарымен араласып отыады. «Өлсе өлер 
табиғат, адам өлмес», «Күн тұман – алдындағы келер заман», т.б. өлеңдерінде ойшыл 
ақын адамның тәні ғана өледі, ал жаны ешқашан да өлмейді деп тұжырымдайды [1].
Абай қоршаған ортаның шындығын мойындай отырып ақыл мен сана еңбек 
барысында қалыпьасатындығы туралы: «Ақыл, ғылым – бұлар кәсіби», – дейді. – 
«Ғылым сол үшеуінің жөнін бермек», – деп, Абай адамның ішкі жан-дүниесінің ақыл, 
сезім және қайрат секілді қуаттарын біртұтас етіп алады. «Он жетінші сөзінде» (қайрат, 
ақыл, жүректің сөз таластыруы) тек бірлесіп, ынтымақтасқан жақдайда ғана күш 
алатын үш түрлі жан құбылысын әдеби-публиситикалық тұрғыдан көрсетпек болды. 
Ойшыл ақын негізгі үш бастау – ақыл, сезім жіне қайрат арасындағы тартыс арқылы 
адам мінезінің қарама-қайшылықтарын дұрыс түсіндіреді. Осы сұхбаттың логикалық 
үйлесімді, дәлелдері, терминдік сөздердің байлығы (мақсат, кішіпейілділік, әділдік, 
қайырымдылы, елкезектік, қатыгездік, реніш, абырой, қайрат, жауыздық, қулық т.б.) 
оқырманды қайран қалдырады. 
Абай адамның танымдық қасиеттерінің табиғатын ғылыми түрғыдан түсіндіреді. 
Сезіну және түйсіну мәселелерін де дәл осы бағытта талдайды. Ақын сыртқыдүниенің 
адмның сезім мүшелеріне әр түрлі сипатта әсер ететінің айта келіп: «Құлақ болмаса, не 
қаңғыр, не күңгірғ дауыс, жақсы үн, күй, ән – ешбірінен ләззат ала алмас едік. Мұрын 
иіс білмесе, дүниеде болған жақсы иіске ғашық болмақ, жаман иістен қашық 
болмақтық қолымыздан келмес еді. Таңдай, тіл дәм білмесе, дүниеде не тәтті, не 
дәмінің қайсысынан ләззат ала алмас едік. Мұрын иіс білмесе, дүниеде болған жақсы 
иіске ғашық болмақ, жаман иістен қашық болмақтың қолымыздан келмес еді. Таңдай, 
тіл дәм білмесе, дүиеде не тәтті, не дәмінің қасысынан ләззат алар едік?», – деп 
көрсетеді. Алайда сезім мүшелерінің (көз, құлақ, мұрын, т.б.) мимен байланысты детін 
ғылыми түсінкке ол ба қоймайды. Бірақ түсіну, қабылдаудың басқа да танымдық 
құбылыстармен, дәлірек айтқанда, ойлау елестету, ұғым сияқты түсініктермен 
байланысты екенін ашып айтады. Осыған байланысты Абай: «Ол хабарлардың бір 
ұнамдысы ұнамды қалпыменен, ұнамсызы ұнамсыз қалпыменен, әрнешік өз 
суретменен көңілге түседі», – деп жазады [2]. Ақын: 
Сыртын танып іс бітпес, сырын көмей, 
Шу дегенде құлағың тосаңсиды, 
Өткен соң мұндай сөзді бұрын көмей, 
Таң қаламын алдыңғы айтқанды ұқпай, 
Және айта бер дейді жұрт тыным бермей, – 
деген жолдарда «түйсік» деген ұғымды арнайы айтпағанмен психологиялық 
құбылыстың мәніне көңіл аударады. Ол түйсік пен қабылдау адамның жиған тергенін 
тәжірибесіне байланысты, сөзді дұрыс қабылдап, меңгеріп алмай келесі сөзді түсәну 
қиын деп дұрыс тұжырымдайды.
Ақынның ес туралы пікірлері де қызғылықты. Абай естің мәнін ашу үшін 
ерекше «ұмытпастық себептер» деген психолгиялық атау енгізген. Ол ұсынған орай 
«Отыз бірінші сөзінде»: «Естіген нәрсесіне ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі – 
көкірегі байқаулы бер болмақ керек; екінші – сол нәрсені естігенде ия көргенде 
ғибратлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғыну керек; үшінші – сол нәрсені 
іштен бінеше уақыт ойланып, көңілге бекіту керек; төртінші – ой кеселде нәрселерден 


137 
қашық болу керек. Егер кез болып қалса салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз, 
салғырттқ, ойыншы-күлкішілді, иә бір қайғыға салыну, иә бір нәрсеге құмарлық пайда 
болу секілді. Бұл төрт нәрсе – күллі ақын мен ақыл мен ғылымды тоздыратұғын 
нәрселер», – деп жазды. Бір нәрсені есте сақтау, ренішті, қуаншты көңіл күйлерінтану 
барысындағы естің маңызы жайлы айтып келіп, адам «...сөзді есіткенде шайқақтап, 
шалықтанып не салбырлап, салғырттанып естісе, не есіткен жерде қайта қайрып сұрап 
ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расында көзі жетсе де, шыға беріп қайта 
қалпын кетсе, естіп-есітпей не керек», – деп түйіндеді. 
Ақын шығармаларынан тек адамға ғана тән жан қуаттарының негіздері – сөз бен 
қиял халқындағы пікірлерін жиі кездестіруге болады. Абай: 
Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек,
Әр нәрсеге өзіндей баға бермек, – 
деп терең ойлай білетін, қиялы ұшқыр, кең, ақылды адамдарды жоғары 
бағалайды. Ақын: «...Білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар. Оның бірі – мұлахаза 
(ойласу, пікір алысу), екіншісі – берік мұхтаза (сақтау, қорғау)... Бұлар зораймай, 
ғылым зораймайды», – деп жазды. Абай жан қкаттарын адамдардың бір-бірімен жәй 
түсінісуі ғана емес, сонымен қатар олардың көңіл-күйіне, бүкіл психологиясына әсер 
ететін күшті ұүрал ретінде түсінеді. Адамның сан алуан қызыққа толы, сезім әлемі 
ақын шығармаларының негізгі тақырыптарының бірі. Адамның ішкі жан-дүниесін 
оның үш қырымен (ақыл, сезім, қайрат) тұтастыра қарастыратын Абай адам өмірінде, 
таным мен күнделікті тіршілікте, сезімнің аса маңызды қызмет атқаратынын көресете 
келіп, кіснің рухани дамуы үшін ең алдымен жан-дүниесі бай, сезімтіл болуы қажет 
дейді. Ақын адамның адамгершілік, имандылық, моральдық, эстетикалық сезімдеріне 
айрақша мән береді. Осындай сезімдері бойға дарытуда адам жаман мінездерден 
арылып, өзін-өзі тәрбиелеуі керек деп есептейді. «...Ғылымды, ақылды сақтайтұғын 
мінез бұзылмасын! Көрсе қызығарлықпен, жеңілдіпен, ия біреудің орынсыз сөзіне, ия 
бір кез келген қызққа шайқалып қала берсең, мінездің бреіктігі бұзылады», – деп 
ескертеді [3]. 
Ақын қағидаларында қоршаған әлемді тану үшін адамға алдымен – «не көрдің, 
естідің, әрнешік білдің, соны тездікпенен ұғып...» алу; екінші – «...бір нәрсені естіп, 
көріп білдің, қош келді, қазір соған ұқсағандарды тексерерсің. Түгел ұқсаған ба? Яки 
бір ғана жерден ұқсағандығы бар ма? Әрнешік сол іске бір келіскен жері бар 
нәрселердің бәрін ойлап, білгенін тексері, бімегенін сұрап, оқып, бөтеннен хабарласып 
білмей, тыншытпайды», – деп көресетді. Абай сезім мүшелерінің шындықты танудағы 
қызметін юылайша түсіндіреді. «Адамның қуатты, өмірі бірқалыпта тұрмайды. Әрбір 
мақұлыққа құдай тағала бірқалыпта тұрмақты берген жоқ», – деп, табиғат қана емес, 
адам да үнемі өзгеріп отыратындығына ерекше көңіл аударады. Абай адам мен жан-
жануарларды салыстырып келіп: «қай өгір шаһар жасап, құрал жаса, неше түрлі сайман 
жасап, сыпайылық, шеберліктің үндесінен шығар қисыны бар?» – адамның 
хайуанаттан басты айырмашылығы қоғамға қызмет етуіне деп түсіндірді. Ол жастарды 
білім-ғылымға шақыра отыры, тек қажырлықтың, құштарлықтың арқасында ғана 
ғылымға қол жеткізуге болатынын айтады. Абайдың түмінігінде құмарлық ғылым 
жолында табысқа жеткізетін ең күшті сезім: «... білім-ғылымның өзіне ғана құмар, 
ынтық болып, бір ғана білместіктің өзіне дәулет білсең және әр білмегенді білген 
уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил (тыныштық, рахатшылық) болады», – дейді. 
Білімге ынтық сияқты құмарлықтың да адамның жсампаздық қызметін арттыра түсері 
сөзсіз. Ақын, сондай-ақ, біржолата құмарлық билеген адам тап сол сәтте қай нәрсенің 
аса маңызды екенін аңғармай, тек жеке басын күйттеп кетуі де мүмкін дейді. Егер 
құмарлық ақыл таразызысын басып кетсе, ол жемісті еңбек етуге кедергі келтіреді, 
кейде құбылысты теріс бағалауға әкеп соқтырады: «Әрбір ққұмарлық өзіне бір дерт 
болады екен, әр түрлі құмар болған нәрсеге жеткенде, яки әне-міне, жетер-жетпес 
болып жүргенде, бір түрлі мастық пайда болады екен» – деп суреттейді. Абайдың 


138 
ойынша құмарлық жаңадан білім алуға, көмектессе ғана адамның рухани өсуінің 
қуатты күшіне айнала алады. 
Адамның көңіл көтеріп, бойына құат беретін сезімдердің бірі қуаныш. Ар-
ожданы таза адам ғана бір шынайы көңілімен күледі. «Әрбір жақсы адамның жақсылық 
тапқанына рахаттанып күлесің, оның жақсылықты жақсылығынан тапқандығын 
ғибадат көріп күл», – дей отырып, құаныштың ғана шын көңілден күлкі шығаратынын 
меңзейді. Ақын сонымен қатар: «...қолдан жасап, сырты менен бет-аузын түзеп, бай-бай 
күлкінің әнін әндеп, әдемілік үшін күлетін бояма күлкнің» қажетсіздігін еске салады. 
Күлкі, қуаныш туралы ой жалғыстыра келе, Абай: 
Қайғы келсе қарсы тұр, құлай берме, 
Қызық келсе, қызықпа, оңғаққа ерме», – 
деп жастарды басына іс түскенде сары уаымға беріліп жүнжіп кетпей, өмірге 
құштарлығын жоғалтпауға шақырады. «әрбір орынды характер өзі де уайым-қайғыны 
азайтады, орынсыз күлкіменен азайтпа, орынды харекетпен азайт!», – дейді Абай [4].
Өзінің қадір-қасиетін, өмірдегі орнан білетін саналы адамның қай-қайсысында 
да мақтаныш сезімі болады. Абай мақтанышты адамынң өркөкіректік, мақтаншақтық, 
менмендік сияқты мінездің жағымсыз сипаттарын иқарсы қояды. Мақтанышты 
үлкендітің, кісіліктің баламасы деп түсінген ақын: «Үлкендік – адам ішінен өзін өзі 
бағалы есеп қылмақ. Мысалы, надан атанбастығын, жеңіл атанбастығын, мақтаншақ 
атанбастығын, әдепсіз атанбастығын, байлаусыз, пайдасыз, сұраншақ, өсекші, өтірікші 
алдамшы, кеселді – осындай жарамсыз қылықтардан сақтанып, сол мінезді бойына 
қорлық біліп, өзін ондайлардын зор есептемек. Бұл мінез – ақылдылардың, арлылардың 
мінезі», - деп тұжырымдайды. 
Ашу – Абай түсінігінде негізінен жағымсыз сезім. Ол ашуды екі тұрғыдан 
қарастырады: біреуі – оқыс қимылдар мен ащы сөздер арқылы сырттай айқын 
көрінгенімен, дүмпуі әлсіз, кісінің көңілінде дақ қалдырмай тез тарқап кетеді де, 
екіншісі – сыртқа шықпай, жасырын қуатын ішке бүгеді. Ашу туралы ойларын ақын: 
«Ашулы адамның сөзі аз болса, ыза, қуаты артында болғаны. Егерде аузынан қара қан 
ағызса, домбыт, мақтаншақ, ия қорқақ», – деген қанатты сөздермен түйіндейді. 
Адамның ең асыл қасиеттерінің бірі – ар-ұят адамның іс-әрекетімен тығыз байланысты. 
«Отыз алтыншы сөзінде» адамның осы секілді қастерлі сезімін ол былайша 
сипаттайды: «Олай болғанда білмек керек, ұят өзі қандай нәрсе? Бір ұят бар 
надандықтың ұяты...ұялмас нәрседен...ұялу – ақымақтық, жамандық. Шын ұят сондай 
нәрсе, шариғатқа теріс, ия ақылға теріс, иә абиұрлы бойға теріс бір себепті болады. 
Мұндай ұят екі түрлі болады. Біреуі – ондай қылық өзіңнен шықпай-ақ, бір бөтен 
адамнан шыққанын көргенде, сен ұялып кетесің...Біреуі сондай ұят, шариғатқа теріс,иә 
ақылға,иә абиұлы бойға тері, адамшылыққа кесел қылық, қатеден яки нәпсіге еріп 
ғапылдықтан өз бойыңнан шыққандығынан болады». Абайдың пікірінше, өзіне-өзі сын 
көзімен қара, өзін тізгендей білген адам келеңсіз қылықтардан аулақ жүріп, әр қадамын 
ұят таразысына сала алады. Адамды көздеген мақсатына, асыл арманына жеткізетін, 
ғылы-білімді меңгеруге мүмкіндік тудыратын жан қуаттарының бірі ерік-жігер, қажы-
қайрат. Ерік-жігер адамның өз мінез-құлқын меңгере алу қабілеті, оны әртүрлі 
кесапаттардан қорғайды. Абай: «Жан қуаты деген қуат бек көп нәрсе...Бұл қуаттың 
ішінде үш артық қуат бар...ол жоғалса, адам баласы хайуан болады, адамшылықтан 
шығады...ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын», – 
деп адамның өзі таңдап түскен жолынан таймауына ерік-жігері мен қажыр-қайраытның 
ғана көмектесетінін еске салады. Адамның бірқатар жағымды да, жағымсыз қасиеттерін 
көрсете келіп, олардың табиғатын түсіндіруге тырысады... 
Тиянақсыз, байлаусыз байғұс қалпың, 
Не түсер қу күлкіден жыртың-жыртың», – 
деп тиянақтылық пен ұстанымдылықты адам мінезінің жақсы қасиеттеріне 
жатқызады да, елі, халқы үшін уаым жеу ер азаматтың жақсы қасиетінің бірі, сондай-ақ 


139 
жігіт адам кеңпейіл, шамасы келсе, мырз, дархан келеді, босқа еріліп, елпектеп жүру – 
жақсы адамның іс емес дейді: 
Уайым – ер қорғаны, есі барлық, 
Қиыны бұл дүниенің – қол тарлық. 
Еhe-ehere» елірме, бозбалалар, 
Бұл-бес күндік бір майдан ер сынарлық, – 
дейді [5]. Ол нағыз уайымның өзін ұстамдылыққа бастайтын, кісіні орынсыз 
жекөкпеліктен сақтандыратын жақсы қасиетке балайды. Осындай қасиет қазіргі кезде 
егемендігімен тәуелсіздігін алған қазақ азаматтарына қатысты сипат болса құба-құп. 
Табанды адам ешқандай кедергіге қарамастан көздеген мақсатына жетеді, бұл одан 
рухани қуаттылықты, төзімділікті және қажырлылықты талап етеді. Осындай кісі ғана 
өз дегеніне тұрып, «көштің соңынан итше ере бермей, ...әділетті, ақыл мойындаған 
нәрсеге, қиын да болса, мойындауға...» бара алады. Абай бала мінезінің қалыптасуы 
жөргектен басталатынын айта келі, бұл жөнінде «Жетінші сөзінде» былай дейді: «Жас 
бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп 
тұрады... Біреуі – білсем екен демелілік... Мұның бәрі – жан құмары, білсем екен, 
көрсем екен, үйренсем екен деген» тұжырымнан жақсы байқалады. Абай бала 
психологиясының басты ерекшелігі – білуге құштарлы деп есептейді. Өсе, ержете келе, 
тәрбие құралдары арқылы бала жанына жақсылық ұрықтарын егіп, игі сезімдерге, 
адамгершілікке тәрбиелекге болады. Ақын бала мінезін қалыптастыруда ата-анасының, 
ұстаздарының, құрдастары мен достарының үлгі-өнегелі мен тәрбиесінің маңызы зор 
деп дұрыс түйіндейді. Осы айтылғандар және жеке басының ерекшеліктері жайлы 
айтқан психологиялық пайымдаулары өзінің ғылыми тереңдігі мен ерекше бағалы. 
Абайдың психологиялық көзқарастары жалпы және педагогикалық психология 
мәселелерімен ғана шектелмейді. Ақын туған халқының әлеуметтік жағдайымен, оның 
әр түрлі топтарының мінез-құлықтарына да ерекше зейін қояды. Ол өз жұртының 
мінез-құлқын, көңіл-күйін, іс-әрекеттерін, күйініш-сүйініш, талап-талғамын, салт-
санасын жақсы білді. Оның шығармаларынан мінез-құлықтары сан алуан адамдардың 
(бай, болыс, атқамінер, т.б.) психологиялық бейнесі тамаша көрініс тапқан. Ақын 
осынау әлеуметтік топтардың барлығына толыққанды, көркем бейнелі сипаттама 
беріпқана қоймай, сонымен қатар олардың әлеуметтік-психологиялық мәнін де ашып 
көрсетеді. Ол көшпелі халықтың өмірінің мәнін ашып көрсетеді. Ол көшпелі халықтың 
өмірінің ұсақ-түйектеріне дейін, тұрмыс-салты мен әдет-ғұрпының өзіндік 
ерекшеліктерін зерттеп, қазақтың рухани мәдениетіне қатысты деректерді жан-жақты 
пайдаланды. Абай жасаған қазақ қаумының түрлі топтырының өкілдері жайлы 
психологиялық сипаттаманы шын мәнісіндегі өміршең де әділ тұжырым деп 
бағалауымыз абзал [5]. 
Абай адамның жан-дүниесіне қатысты түрлі ұғымдар мен түсініктердің мәнін 
айшықты тілмен әсерлі етіп жеткізіп, өлеңдері мен қара сөздері арқылы қазақ 
халқының қалық бұқарасы арасына психологиялық білімнің таралуына қолайлы жағдай 
жасады. 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1. Бердібаева С.Қ. Творчестволық іс-әрекеттің этнопсихологиясы. – Алматы, 
2016, 262б.
2. Жарықбаев Қ. Қазақ психологиясының тарихы. –Алматы: 2006 – 160 б.
3. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі: Оқу құралы, – Алматы, 
«Санат» 1995 – 352 б.
4. Орынбеков М.С. Философские воззрение Абая. Алматы, 2016, 320 б.
5. Орынбеков М.С. История философской и общественной мысли Казахстана (с 
древних времен по XIІ в.) Алматы, 2003., 186 б. 


140 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет