Материалдары


ӘОЖ 378.02  АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ



Pdf көрінісі
бет43/62
Дата07.02.2022
өлшемі1,71 Mb.
#96169
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   62
Байланысты:
abai2020

ӘОЖ 378.02 
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВТЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ 
 
Назира Джумагалиева, 
Ш.Есенов атындағы КМТИУ студенті 
Ғылыми жетекші: Егенисова А.Қ. 
Аңдатпа.
Бұл мақалада А.Құнанбаетың педагогикалық көзқарастары, қара 
сөздерінің тәрбиелі мәні туралы баяндаған. Абайдың өнер-білімге шақырған өлеңдерін 
талдап, тәрбиелік мәнін ашып, көрсеткен. Мақалада Абайдың еңбекке деген 
педагогико Назира психологиялық көз-қарасын төмендегіше айқындаған пікірлерін
саралаған. Атап айтсақ, 1. Ұлы ағартушы жастарда еңбекке баулу тәрбиесіне 
материалистік тұрғыда педагогикалық көзқарасын; 2. Көшпелі қазақ халқының 
өмірінде еңбек тәрбиесін қалыптастыруда баға жетпес үлес қосқандығын, 3. Ойшылдар 
арасында алғашқы болып еңбек тәрбиесіне баға бергендігін баяндаған.
Түйінді сөздер:
ақын, педагогика тәрбие, ақыл, қайрат, қара сөз. 
Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны, жазба әдебиетінің негізін салушы 
ғана емес, сонымен бірге ұлы ойшыл педагогы. Оның поэтикалық шығармалары мен 
“ғақлия” сөздері пәлсапалық, этикалық, эстетикалық, психологиялық және 
педагогикалық ой-пікірлерге толы. Ұлы ойшыл адамдар жаратылысында бірдей емес 
дейтін нәсілдік көзқарасқа қарсы шыға отырып (отыз төртінші қара сөз), “адамның 
туысы, дене бітімі, шыққан жері, бармақ жері бәрі бірдей… Адам баласы анадан 
туғанда екі түрлі мінезбен туады. Бірі – ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар 
тәннің құмарлығы. Екіншісі – білсем екен деу – жан құмарлығы”… (жетінші, қырық 
үшінші сөз) деп ой түйіндей келе, “адам бойына жан құмарлығы арқылы жиналатын 
нәрсенің аты ақыл, ғылым… ол талаптылықпен ерінбей еңбек еткен адамның қолына 
түседі…” деген қорытынды жасайды. 
Абайдың дүниені тану жөніндегі көзқарасында диалектикалық сарын басым. Ол 
табиғат құбылыстары бір-бірімен өзара байланыста, үнемі өзгерісте, дамуда болады, 
адам қоршаған ортаны – табиғаттың ішкі сырын білім-ғылым арқылы танып біледі –деп 
қарады. Ол қазақ халқының саяси-экономикалық және мәдени жағынан артта 
қалушылығы – оның феодалдық-патриархалдық қатынасынан, рулық талас-тартыс етек 
алған көшпелі тұрмысынан деп қарайды. “Күнде ұрлық, күнде төбелеспен күн кешкен” 
алты бақан алауыз елінің “жақсыларына” налыған Абай “малыңды жауға, басыңды 
дауға” салып, өміріңді қор қылмай татулас, бірлесіп ел боп “егіннің ебін, сауданың 
тегін” үйрен, “жан аямай кәсіп қыл” деп өсиет айтты. Ол қазақ ауылындағы тап 
тартысын көре білді, сол таптық қанаудан құтылудың жалғыз жолы оқу, ағарту 
мәселесі деп қарады. 
Ол оқудағы мақсат халыққа адал қызмет ету деп ұқты. Жастарды білім-ғылымды 
меңгеруге шақырды. Сол кездегі кейбір оқыған жастардың білімді шен алу, шекпен 
кию үшін пайдаланып, парақорлықпен, алдап-арбаудың құралы етуге тырысқанына 
ызаланған Абай: 
Ойында жоқ олардың 
Салтыков пен Толстой. 
Я тілмаш, я адвокат, 
Болсам деген бәрінде ой, – 
деп сөкті. Тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде деп ұққан Абай: 
Түбінде баянды еңбек егін салған, 
Жасынан оқу оқып білім алған. 
Би болған, болыс болған мақсат емес, 


141 
Өнердің бұдан өзге бәрі жалған, –
дейді. 
Ел болу үшін қала салып отырықшы болу керек, егіншілікті кәсіп ету, мектеп 
салып, оқу оқып, білім алу қажет, тіршіліктің тұтқасы еңбек пен білімде ғана тұр деп 
жар салады. Өнер-білімсіз қоғамның пайдалы азаматы болудың мүмкін емес екендігін 
терең түсінген ол: “Барыңды салсаң да балаңа орыстың ғылымын үйрет… өнер де, 
ғылым да орыста тұр. Орыстың ғылымы, өнері дүниенің кілті, оны білгенге дүние 
арзанырақ түседі…” – деп озық мәдениетті орыс халқын өнеге етті. Абай бас 
қатыратын жаттамалы діни оқуға қарсы болды. 
“Ақыл – ардың сақтаушысы” деп қарап, адамгершілік мәселелерін жоғары 
бағалап, ар тазалығы үшін күресуді дәріптеген ұлы ағартушы – 
Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр, талап, 
Бұларды керек қылмас ешкім қалап… 
Терең ой, терең ғылым іздемейді 
Өтірік пен өсекті жүндей сабап, –
деп кейбір жастардың іс-әрекетіне кейістік білдіреді. 
Талап, еңбек, терең ой, 
Қанағат, рақым ойлап қой. 
Бес асыл іс көнсеңіз, –
деп, ел қамын ойлаған жастардың бойында қандай қасиеттердің болуы 
керектігін тізбектейді. Ақылды азамат болу үшін адам бойындағы қасиеттердің қалыбы 
үш нәрсеге байланысты екендігін айтады: 
…Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, 
Сонда толық боласың елден бөлек, –
деп адам мінезіндегі орынсыз мақтан, ойсыздық, салғырттық, жалқаулық, 
күншілдік, көрсеқызарлық сияқты жаман әдеттердің ақыл мен ойды тоздыратынын айта 
келіп, естігенді еске сақтау, көргеннен үлгі-өнеге алу, жаман әдет-дағдылардан бойын 
аулақ ұстау, нәпсіні ақылға жеңгізу, ұстамды болу сияқты адамгершілік қасиеттерді 
қастерлейді. 
Ұлы ойшыл Абай адамның өсіп, жетілуіндегі тәрбиенің рөліне ерекше тоқтала 
келе, өзінің он тоғызыншы қарасөзінде “Адам баласы туа сала есті болмайды. Естіп, 
көріп, ұстап, татып, естілердің айтқандарын есте сақтап қана естілер қатарында болады. 
Естіген нәрсені есте сақтау, ғибрат алу ғана есті етеді”, – деп ақыл-естің тәрбиенің 
жемісі арқылы жетілетінін ғылыми тұрғыда дәлелдеп береді. Абай “сүйекке біткен 
мінез сүйекпен бірге кетеді” дейтін теріс көзқарасты әшкерелеп, адам мінезі өмір 
барысынан сабақ алып, өзін қоршаған әлеуметтік орта әсерінен өзгеріске енеді, ол іс-
әрекет арқылы көрінеді деген тұжырым жасайды. Адам мінезінің түрлерін 
адамгершілік, моральдық, имандылық тұрғыдан қарастырып, оларды жақсы және 
жаман деп жіктейді. Әдептілікті, сыпайылықты, құмарлықты, тәуелсіздікті, беріктікті 
жақсы мінезге жатқызса, сенгіштікті, арсыздықты, мақтаншақтықты, қулықты, 
жауыздықты т.б. жаман мінез деп есептейді. “Егер есті кісінің қатарында болғың келсе, 
күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасына бір, ең болмаса айында бір, өмірді қалай 
өткізгенің жайында өзіңнен өзің есеп ал” – дейді. Яғни адамның өзін-өзі тәрбиелеу 
мәселесінің маңызы мен мәніне ерекше тоқталады. Абай: “Адам баласы бір-бірінен 
ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. Онан басқа нәрселермен оздым ғой 
демектің бәрі ақымақтық”, – дей келе, адамды тәрбиелеудегі қоғамдық ортаның рөлінің 
ерекшелігін саралап көрсетеді. “Адам баласын заман өсіреді, кімде-кім жаман болса, 
оның өзінің замандастарының бәрі виноват”, – дейді. Нәсілдік көзқарасқа қарсы Абай 
адам мінезінің қалыптасуы тәрбиеге байланысты екенін дәлелдей келіп, өзінің отыз 
жетінші сөзінде: “Мен, егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп 
болмайды деген кісінің тілін кесер едім”, – деді. 


142 
Абай жастардың белгілі бір мамандықты игеруін қуаттайды. Өзінің отыз үшінші 
қарасөзінде “Егер мал керек болса, қолөнерін үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер 
жұтамайды” деп, жастардың сегіз қырлы, бір сырлы, өнерлі азамат болуын, белгілі бір 
өнер үйреніп, пайдалы іспен шұғылдануын, адал еңбекпен мал табуын уағыздаған ұлы 
ақын оларға: 
Әсемпаз болма әрнеге, 
Өнерпаз болса, арқалан. 
Сен де бір кірпіш дүниеге 
Кетігін тап та, бар қалан, –
деп өмірден өз орныңды таба біл, қоғамның пайдалы азаматы бол деп өсиет 
айтады. 
Абай махаббат мәселесіне де ерекше көңіл бөліп, жастарды жұбайлық өмірге 
үлкен жауапкершілік сезімімен қарауға шақырады. Өзінің “Жігіттер, ойын арзан, күлкі 
қымбат” (1891) деген өлеңінде отбасы өмірінің этикасын, ерлі-зайыптылардың бір-
бірімен сыйласымды өмір сүруін ескерте келіп, күнделікті тіршілікте кездесетін 
қиындық атаулыны қол ұстаса отырып жеңе білуге жастардың әзір болуын талап етеді. 
Абайдың педагогикалық көзқарас-тары жастарды оқу, өнер-білімді меңгеруге 
үндеген өлеңдерінде айқын танылады. 
Жасымда ғылым бар деп ескермедім, 
Пайдасын көре тұра тексермедім. 
Ер жеткен соң түспеді уысыма, 
Қолымды мезгілінен кеш сермедім, –
деп, өзінің ілім-білімді игеруге кеш, қырық жастан асқан соң ден қойғанына 
өкіне отырып: 
Дүние де-өзі, мал да-өзі; 
Ғылымға көңіл бөлсеңіз, – 
деген берік тоқтамға келеді. Білім – алынбас қамал емес, ғалым болу – қол 
жетпес арман емес, керегі – «осындай болсам», «боламын» деген талпыныс. Міне, 
осыны Абай өзінің «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде ашып айтады. Ұлы ақынның 
қара сөздерінің өзі – тұнып тұрған педагогика, философия. Абайдың айтуынша, 
«Естілген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі көкірек байлаулы берік 
болмақ керек; екінші – сол нәрсені естігенде я көргенде ғибратлану керек, үшінші – 
ішінен бірнеше қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек, төртінші-ой кеселдерінен 
аулақ болу керек. Бұл төрт нәрсе – күллі ақыл мен ғылымды тоздыратын нәрселер». 
Бүгінгі күні кез-келген ұстаз ақынның осы бір дана сөзін үнемі қайталап, бала жадына 
жеткізіп, есіне сақтата білу тиіс. Адам баласының ілім-білімді игеруде өз мақсаты 
болуы тиіс. Бақастыққа, есепке немесе ата-ананың абыройына, атақ-мансапқа, жеке 
бастың қызығына негізделген білім – білім емес. Сол себептен де алған білімің, 
оқығаның, тоқығаның ел қамына, көпке арналу керек деген ойын ұлы ағартушы өзінің 
отыз екінші қара сөзінде ашып айтады. Жастық шақ – адамның жақсылықты да, жаман-
дықты да жылдам қабылдайтын албырт кезеңі. Сол себепті ілім-білімді жас кезің-нен 
қолға түсіріп, меңгеру-өте тиімді. Жақсы киім мен әдемі әлпетің – әдемілік, сұлулық 
емес. Адамды көріктендіретін бұлармен қоса ілім-білім деген дана көзқарасын 
білдіреді. Абайша айтқанда, ақыл мен сұлулық – синонимдес ұғым. Өзгеден сұрап, 
біліп алған білім аздық етеді, ал ең сенімді, ең ақылды, ешкімге жалтақтамайтын білім 
көзі, ғылым көзі – кітап деген дана ұғымы бар ақынның. Сол себептен де Абай 
«ғылымсыз бұл дүниеде де, о дүниеде де жақсылық жоқ» деген пікір айтады. Абайдың 
педагогикалық көзқарастарын айқындайтын бүгінгі оқу жүйесімен үндес төмендегідей 
дидактикалық пікірлерін атауға болады: 
1. Оқытудың жеңілден ауырға қарай бағытталуы. Күшпен, ерекше талап қойып 
оқыту нәтиже бермейді. Баланың қабылдануына, қызығушылығына, білгенінен 
білмегеніне негізделіп оқыту қажеттілігін айтады. 


143 
2. Абай ұлы ойшылдар Пифагор мен Аристотельдің пікірлерін толығымен қол-
дап, баланы күш көрсетіп, ұрып-соғу арқылы оқытуға қарсы болады. Оқытудың мұндай 
антипедагогикалық түрі, бірінші-ден, баланың ілім-білім игеруге деген талабын, 
қызығушылығын жойып, екін-шіден, жалған сөйлеуге, қорыққанынан сыйлауға мәжбүр 
болатынын айтады. 
3. Оқытудың көрнекілігіне ерекше мән береді. «Жас бала анадан туғанда екі 
түрлі мінезбен туады: біреуі-ішсем, жесем, ұйықтасам деген тән құмары, екіншісі- не 
көрсе соған талпынып, жалт-жұлт еткенге қызығып, аузына салып, дәмін татып, бетіне 
басып қарап, «ол немене?», «бұл немене?», «ол неге үйтеді?», «бұл неге бүйтеді?» деп, 
көзі көріп, құлағы естігеннің бәрін сұрап, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен 
деген жан құмары» делінген жетінші қара сөзінде. Олай болса, жас жеткіншектің 
осындай тән, жан ерек-шелігін ескеру –- ұстаздардың қолында. 
4. Балалардың жас және психо-логиялық ерекшелігін ескеру керектігін айтады. 
Балаға берілетен тапсырма деңгейі балаға түсінікті, қабілетіне сай, қабыл-дауына 
сәйкес болуы керек. 
Кемеңгер ақын, ұлы данышпан Абай өз педагогикалық көзқарасында жастарды 
ақыл-ой тәрбиесіне, ілім-білімге үндей отырып, болашақтың тұтқасына ие бола-тын 
жастар білімді, зерек, көкірегі ояу бол-маса, ешқандай нәтиже болмайтынын баса 
айтады. Ақынның бұл педагогикалық ғұла-ма ойының оптимистік сипаты бар екенін 
өмірдің өзі дәлелдеп отыр. 
Ал отыз сегізінші қара сөзінде: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. 
Содан қашпақ керек. Әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық», – 
дейді. Адам бойындағы ең бір жағымсыз әдет- екіжүзділік. 
Бір көрмеге жап-жақсы 
Қазаны мен қалбаңы 
Дөң айналмай ант атты 
Бықсып-бүксіп ар жағы, –
дейді ақын. Мұндай әдет – сол заманнан күні бүгінге дейін қанымызға сіңіп 
кеткен жаман әдет. 
Абайдың педагогикалық пайымдауы-нша, адамгершілік қасиеттің ең 
басты тірегі – бірлік, достық, ынтымақ. Аталған қасиеттер болмаған жерде адами 
қасиет те сезілмейді. 
Достық, қастық, бар қызық – жүрек ісі, 
Ар, ұяттың бір ақыл – күзетшісі. 
Ар мен ұят сынбаса, өзге қылық, 
Арын, алқын – бұл күннің мәртебесі, – 
деп, нағыз достыққа ерекше баға бере білді. Абай достық пен жолдастықтың 
аражігін ажырата айтады. Дос-ол жалғыз, жолдас- көп. Досыңмен ғана қуанышыңды да, 
қайғыңды да бөлісіп, ішкі сырыңды айта аласың. Достық жақсы жолдастықтан ғана 
туады. 
Аямай жанын дос ертер, 
Жолдастықты ақтаса
– дейді ақын. 
«Жаман дос, – дейді Абай, – көлеңке. Басыңды күн шалса, қашып құтыла 
алмайсың, басыңды бұлт алса, іздеп таба алмайсың» деген пікірінің де тәрбиелік мәні 
ерекше. Адамгершііктің бір сипаты- ар-ұят. Абайдың педагогикалық көзқарасы ар-ұят 
бар жерде ғана шындық бар дейді. Ар-ұят пен шындық бірінен бірі туындайды, бұл 
тамаша ұғымдар- адамдық-тың белгісі. «Анық ұяла білген адам өзін-өзі меңгере алмай, 
көзінен аққан жас пен мұрнынан кеткен суды сүртуге шамасы келмей, құлағы естімей, 
көзі көрмей, меңіреу болып қалады. Ондай күйде тұрған адамды одан әрі ұялту- иттік» 
дейді Абай. Ақын ұяла білген адамның психологиясын, жан күйзелісін шеберлікпен 
осылайша бейнелейді. 


144 
Шыншылдық, әділдік – Абай ұстанатын игі адамгершілік қасиеттердің бірі. 
Абайдың өзі осы шыншыл, әділ қасиетінің арқасында «мыңмен жалғыз алысып өткен». 
Өз заманында өзі де әділ болып, маңайы-нан да соны талап етті. Абайдың баласы 
Тұрағұл Құнанбаев «Әкем Абай туралы» деген естелік кітабында былай дейді: «Жалпы 
ұрылар айтады: «Абайдың алдына өтірікпен бара алмаймыз, жанымыз қалса, шын 
сөзіміздің арқасынада қалады». Осының өзінен Абайдың шындықты ту етіп ұстағанын 
байқаймыз. Ар-ұят пен шындық екеуін үнемі байланыстыра қарап отырады. 
Ойшыл ақын өз педагогикалық көз-қарасында еңбек тәрбиесіне ерекше көңіл 
бөледі. Қазақ ұлтының еңбекке көзқарасын басқа ұлт өкілдерімен салыстыра сипат-
тайды. «... Әуелі құдайға сиынып, екінші, өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек 
қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды», – дейді Абай өзінің төртінші қара сөзінде. 
Ақын өз заманындағы қазақ жастарының еңбекке деген құлшынысын сынай біледі. 
Оған себепкер болған тағы бір жай – Семейге жер айдалып келген Долгополовтың 
Абай балаларына айтқан сыны. «Ғылымға ет ауыртып, еңбек қыл-маса, қолға түспейді. 
Балаларың сенің аулыңнан төбесі көрінбестей алысқа кетсе, сонда адам болады», – 
депті Абайдың досы. Абайдың еңбекке деген оң көзқарасы әке тәрбиесінен басталады. 
Себебі әкесі Құнан-бай болашағынан зор үміт күткен баласын ерте уақыттан-ақ ел 
басқару ісіне ара-ластыра бастайды. Абай өз шығармасында: 
Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас 
Қардың суы секілді тез суалар, –
деп, еңбектің адалынан келеріне ерекше мән береді. Немесе: 
Тамағы тоқтық, киімі көктік 
Аздырар адам баласын, –
деген жолдарында да оптимистік, педагогикалық ойы білінеді.
Абайдың 
көреген ойы бүгінгі заманымыздағы жастар арасындағы жұ-мыссыздық, соның 
салдарынан болатын келеңсіздікті айтып тұрғандай. Жұмыстың ешқандай арлығы жоқ. 
Маңдай теріңмен еткен еңбектің бәрі де таза. Абай өзінің шығармаларында жастарды 
еңбекке тек үндеп, шақырып қана қоймайды, ойшыл педагог ретінде өзіндік 
педагогикалық такт пен шеберлік таныта біледі. Еңбекке үндеуде әр адамның 
психологиялық ерек-шелігіне де көңіл аудару қажеттігін айтады. Ақын өзінің әр 
шығармасында еңбекке тәрбиелеудің әрбір компонентін ар мен ұят түсініктерімен 
байланыстырып отырады. Сол себептен де: 
Үш-ақ нәрсе – адамның қасиеті: 
Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек, –
ейді. Сонымен, Абайдың еңбекке деген педагогико – психологиялық көз-
қарасын төмендегіше айқындауға болады: 
1. Ұлы ағартушы жастарда еңбекке баулу тәрбиесіне материалистік тұрғыда 
педагогикалық көзқарас таныта біледі. 
2. Көшпелі қазақ халқының өмірінде еңбек тәрбиесін қалыптастыруда баға 
жетпес үлес қосты. 
3. Ойшылдар арасында алғашқы болып еңбек тәрбиесін жан-жақты тәрбие деп 
бағалады. Себебі еңбек тәрбиесі арқылы ғана адам бойындағы басқа да адамгершілік 
қасиеттер қалыптасада деген педагогикалық пікір айтады. 
4. Еңбектің әлеуметтік сипатына ерекше көңіл аударып, мән бере білді. 
5. Абай алдыңғы қатарлы ойшыл-педагог ретінде еңбек басқа халықтардың 
экономикалық және мәдени өмірімен байланыста болудың басты шарты екенін 
педагогикалық тұрғыдан дәлелдеп берді. 
Сонымен қатар, Абай әйелдің бас бостандығын, жастардың сүйгеніне қосылып 
махаббатты өмір сүруін қорғаушы болды. Ұлы ақын Абайдың педагогикалық 
көзқарасындағы басты нысана “Атаның баласы болма, адамның баласы бол… жақсы 
көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін” деген гуманистік ой-пікірді қуаттауы еді. 
Оның жастарды тәрбиелеудегі педагогикалық көзқарастары дүниежүзілік педагогика 


145 
классиктері Ж.Руссо, Д.Дидро, И.Кант т.б., орыстың ойшыл ұлы педагогтары: 
Л.Н.Толстойдың, К.Д.Ушинскийдің ағартушылық ой-пікірлерімен терең қабысып 
жатыр. Абай ұрығын сепкен оқу, өнер-білім, адамгершілік, әдеп, мораль мәселелері 
бүгінде қазақ халқының рухани азығына айналып отыр. 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1. Абай (2 томдық өлеңдер жинағы). – Алматы: «Ғылым», 1997.
2. Абай қара сөздері. – Алматы, 1982. 
3. Жиреншин А. Абай және оның орыс достары. – Алматы: «Ғылым», 1959.
4. Құнанбаев Т. Әкем Абай туралы. – Ана-тілі, 1993. 
5. Жарықбаев Қ.Б. Қазақ ағартушылары жастар тәрбиесі жөнінде. – Алматы: 
Білім, 1995. 
6. Ерсәлімов Б. Құнанбайдың қуғын көрген ұрпақтары. – Семей: Ғалам-шар, 
2005. 
7. Өміралиев Қ. Абай афоризімі. – Алматы: Кітап, 1993., 127. 
8. Ысқақова М. Ұлы Абайға адалдық. – Семей: Ғалам-шар, 2005. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет