Материалдары



Pdf көрінісі
бет47/62
Дата07.02.2022
өлшемі1,71 Mb.
#96169
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   62
Байланысты:
abai2020

ӘОЖ 811.512.1:18 
АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ АФОРИЗМДЕР СИПАТЫ 
 
Ардақ Абдуллаева 
Ш.Есенов атындағы КМТИУ, КЯЛ-18 тобының студенті 
Ғылыми жетекші: аға оқытушы Г.Қ.Алтыбаева 
Аңдатпа.
Афоризмдер тақырыбы адамның қоғамдағы алатын орнынан бастап, 
дүниені сезінуінің нәзік қалтарысына дейінгі аралықты қамтиды. Ол – дүниенің тілдік 
бейнесінің Абай шығармашылығындағы көрінісі ұлттық менталитет пен ұлт 
дүниетанымының тілде вербалдануы. 
Түйінді сөздер:
Афоризмдер, тілдік тұлға, коннотативтік семантика, кірме 
афоризмдер, оңашаланған афоризмдер. 
Қазіргі таңда қазақ тіліне әлеуметтік сұраныстың жоғарылауы сөйлеу тіліне тән 
ұлттық ерекшеліктерді айқындауды қажет етіп отыр. Сөйлеу актілерінің типтік 
жалпыланған түрлерінің болуы ойлаудың адамзатқа тән ортақ логикалық 


155 
құрылымымен байланысты. "Сөйлеу әрекетінде жалпылылықпен қатар әр ұлттың 
дүниетаным ерекшелігінің тілдік бейнесі беріледі. Ұлттық ерекшеліктің белгісі, ең 
бірінші, сөйлеу актісінің берілуінен көрінеді. Сөйлеу актілерінің тілдік көрінісі ұлттық 
ерекшелікке бай". Ұлттық ерекшелікке толы сондай құндылықтар қатарына біз 
афористік ойлау үлгілерінде енгізе аламыз. Қазіргі жоғары қарқынмен дамыған, 
ақпараттар ағыны тасқындаған, техникасы қарыштаған заманда, уақыты шектеулі тіл 
тұтынушыға нағыз қысқа әдеби жанр – афоризмдер өте ыңғайлы, яғни ойына ой қосу, 
пікір түю, ойын өзгеге жеткізу сияқты прагматикалық функқия атқару үшін афоризм 
көмегі керек-ақ. Оның ішінде, әсіресе қазақ ұлтының менталитетіне өте жақын келеді. 
Сонда: 1) сөзге үйыған (сөзге тоқтаған), 2) таңнан таңға көз ілмей жыр тыңдаған 
(сөзге мән берген), 3) түйдек-түйдек ойларға ден қойған, 4) шешендік өнерге елтіген, 5) 
"қызыл тілді өнер алды" деп бағалаған ұлттың бүгінгі өрендері үшін қысқа қайырылған 
афоризмдер бүгінгі күні де аса өзекті болып отыр дей аламыз. 
Абайдың тілдік тұлғасындағы афоризмдердің 1) пайда болу уәжін анықтау; 2) 
тақырыптық, мағыналық топтарын нақтылау; 3) коннотативтік семантикасын, 
құрылымын талдау; 4) ұлттық мәдени ерекшелігін саралау және 5) лингвокогнитивті 
деңгейден 
алатын 
орнын 
айқындау 
нақты 
тілдік 
деректер 
негізінде 
репрезентақияланады. 
Көркем әрі кемел ойға суарылған афоризмдердің ақынның жалпы 
шығармашылығында және Қарасөздерінде жиі кездесуі – Абайдың қуатты ойын, кемел 
білімінің өрісін танытып, халық тілі қайнарынан нәр алғандығының айғағы бола алады. 
Абай афоризмдері оның ой куаты мен, көркемдік шеберлігін бір арнаға тоғыстырған 
дүниетаным тереңдігінен туғандығы дәлелдеуді қажет етпейді. Афоризмдері ақынның 
жеке шығармашылығы аясымен түйықталып қалған жоқ, әдеби тіл қорынан лайықты 
орнын алды. Тіпті халық тілінің төл туындысына айналды, әдеби тілді байытуға үлес 
қосты. Афоризмдер тақырыбы адамның қоғамдағы алатын орнынан бастап, дүниені 
сезінуінің нәзік қалтарысына дейінгі аралықты қамтиды. Ол – дүниенің тілдік 
бейнесінің Абай шығармашылығындағы көрінісі ұлттық менталитет пен ұлт 
дүниетанымының тілде вербалдануы. 
Абай афоризмдер ұлттық психологияның жағымды-жағымсыз тұсына түйін 
жасап қана қоймайды, ең озығын одан әрі бекіте түседі. Афоризмдер – Абай тілдік 
тұлғасының негізгі стилъдік ерекшелігі, басты көрсеткіші болып табылады. 
Абайдың тілдік тұлғасы философиялық түйіндемесімен ерекшеленеді. Тілдік 
тұлға қоғамдық-әлеуметтік тартысты, рухани өрені, мінез-құлык қырларын және өзге 
де құбылыстарды бейнелеуде, сонымен қатар, көркемдік шешім шығарғанда 
афоризмдік мәнді нұсқалар арқылы түйіндейді: Дәуір келбетін, уақыт табын, қоғам 
шындығын дәл беру үшін афористік қысқа түйін түйеді. Абай афоризмдерінің 
прагматикалық әлеуетін осылай таразылаймыз.Ұлы ақынның тілдік тұлғасы 
дидактикалық, тәрбиелік мәндегі Қарасөздерінде барынша ашыла түседі, өйткені 
Қарасөздерінің жазылу мақсатының өзі тілдік тұлға болмысынан келіп шығады. 
Абай 
поэзиясындағы 
дәстүр 
жалғастығы, 
Батыс, 
Шығыс 
әдебиеті 
классиктерімен ой үндестігі, рухани сабақтастық мәселесі Қ.Жұмалиев еңбектерінің 
орталық өзегіне айналды. Ғалым барды бағалап қана қойған жоқ, болашақ зерттеулерге 
де жөн сілтеді. Соның бірі дидактикалық сөздер (ақыл сөздер) мен афоризмдердің 
(нақыл сөздердің) ара жігін ажыратып, әрқайсысының өзіндік ерекшелігін көрсетуге 
байланысты мәселе. Ғалым бүл екі сабақтас құбылыстың нэзік қырларын көре білуге, 
айырмашылығын тани білуге бағыттайды. "Нақыл сөз мағына жағынан алғанда ақыл 
сөз тәрізді мынаны істе, жақсы; ананы істеме – жаман демейді: өмірдегі өзінің көргенін, 
сезгенін, бақылағанын қорытып айтады да қояды", Ардақ дейді Қ.Жұмалиев.
Зерттеуші "өмір-тіршілікке жетекші басшылық ететін ақыл сөз де, үлкен ой, 
терең пікірге құрылған даналық ой түйіні" нақыл сөзде де Абай шығармашылығында 
даналықтың сәулесіндей із қалдырғанын нақты мысалдар арқылы көрсетеді. 


156 
Абайдың өз шығармашылығындағы пікір-түйіндер мен үлағатты ойлардың 
сығындысы, түйін-тұжырымы – афоризмдердің ықпал-әсері, қуат-күшіне ғұлама ұстаз 
М.Әуезов үнемі көңіл бөліп келген. ұлы жазушының абайтану бойынша 60-жылдары 
оқыған лекциясында Абай афоризміне қатысты мол мағұлмат беріледі. Ол туралы 
М.Әуезовтің тікелей шәкірті, аспиранты, халық жазушысы Сәкен Жүнісов ұстазының 
өз аузынан шыққан лекциясынан мынадай үзінділер ұсынады: Біз мақсатты түрде ұстаз 
дәрісін тыңдаған шәкірттің жазбасынан үзақтау үзінді келтіріп отырмыз. Оның уәжі – 
Абай афоризмінің мәнділігін парасаттай білген тұлғалардың танымдық деңгейін таныту 
әрі афоризм мазмұнын дәлірек аша түсу. 
М.Әуезов: Афоризм – құрылысы жағынан мақал сияқты, бірақ тың жайды 
айтатын күшті сөз. Абайдың аудармаларының ішінде де афоризмдер бар. Олар мақал 
болуға даяр тұрған сөздер. Мысалы: "Крыловтың "Үлкен ұры құтылып, кіші ұры 
түтылды" дегенін Азат басың болсын құл, қолдан келмес іске ұмтыл – деп басқа жаққа, 
өз ойына бұрады. 
"Көңілдегі көрікті ой, ауыздан шыққанда өңі қашады" – бұл тіпті, мақалдың 
төресі. 3 7 афоризмі. Адамды заман өсіреді, егер замандасы жаман болса виноват 
дейді. Мұндағы алып отырғаны адам мен ортаның байланысы."Биік мақсатқа (жартас) 
екпіндеп ұшып қыран да шығады. Бауырымен жер сызып жылан да шығады" дегені өте 
күшті. Мансап дегені биік жар – карьера, қызмет, дәреже – соған біреу бас иіп 
жалынып, алдап жүріп жыланша жетеді, енді біреу қыранша сермеп адал ұшып жетеді 
дейді. "Сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала артық" дегені тіпті патриархалдық 
рушылдықтың тамырына балта шабу. ("У нас есть одна молитва, это – труд" – дейді 
Герцен). Бүл өресі зор, өнімі мол сөз. "Қарекетсіз сопы монтаны" дегендегісі, монтаны - 
сырты мүләйім, іші зәлім. Міне, діннің бас адамының суреті. Сопы болып жүріп 
лицемер, адамды адам ететін қарекеттілік дейді. "Жаман дос көлеңке, басыңды күн 
шалса кашып құтыла алмайсың, басыңа күн туса іздеп таба алмайсың". 
21-афоризмде – "Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас, қайғысыздан сақ 
бол, қайғылыға жақ бол"; "Қайратсыз ашу – тұл, тұрлаусыз ғашық тұл, шәкіртсіз ғалым 
тұл"; "Қайратсыз ашу болмау керек, айныған ғашықтың емес, баяны болу керек" 
дейді... Бұл да екінің бірі айта бермейтін сөз; "Бағың өскенше тілеуіңді ел де тілейді" ... 
т.б. 
Абай шығармаларындағы афоризмдер қазақ дүниетанымының айнасындай 
болып, қазақ ойын жаңғыртады, сөйтіп, қанатты ойлары мен ажарлы афоризмдері бүкіл 
шығармашылық мұрасының негізгі өзегін құрайды. 
Афоризмдер қызмет етер ортасына қарай кірме және оңашаланған афоризмдер 
болып бөлінеді. Жеке мәтін болып оңашаланбаған, көркем әдебиет, философиялық т.б. 
мәнмәтіндер аясынан орын алып, мәтін құрамына енген ой қорытындысы – кірме 
афоризмдер деп аталады. Жеке мәтіндік құрылымда келіп, бірыңғай афоризмдерден 
түзілген, өз алдына біртұтас ой-толғамдар кешені оңашаланған афоризмдер деп 
анықталады.
Біз Абай шығармашылығында афоризмдердің осы екі түрі де қатар 
қолданылғанын байқадық. Отыз жетінші Қара сөзі тұтастай афоризмдік сипат иеленген. 
Басқа сөздердің мазмұнында ықшамдалған ой-түйіндер жымдаса кірігіп, жүйелі, тұтас 
ойдың бір сілеміндей болып, автор идеясы мен мәтін композициясын бекітетін қызмет 
атқарады. Мәтінінің семантикалық құрылымында кездесетін қысқа, тұжырымды, 
мазмұны терең афоризмдер – Абайдың тілдік тұлғасының лингвокогнитивтік деңгейін 
көрсетеді. Автор қабылдауындағы дүние бейнесінің мазмұны когнитивтік тілдік 
жүйеде афоризмдер арқылы көрініс тауып, тілде бұрын қолданылмаған сөйлеу бірлігі 
пайда болады. 
Біздіңше, афоризмнің бірнеше айқындауыштық ерекшеліктері бар: 1) шындықты 
межелейтін ең басты қасиеті – ой тереңдігі, мұнда автор маңызды мәселені қозғай 
отырып, алынған нысанға өз көзқарасы бойынша, ең дүрыс бағасын береді; 2) 


157 
афоризмнің екінші белгісі – жан-жақтылығы, өйткені афоризм көптеген фактілер мен 
мәліметтерден жинақталған, содан туған ой қорыту және жасалған тұжырымдар болып 
табылады. Ол жалпы түйіндеме жасай отырып, ой тереңдігі мен ақиқатына ықпал етеді; 
3) афоризмнің үшінші белгісі – ықшамдылық оның ең мәнді ерекшелігі. Ойды қоюлата 
отырып, барынша қысқа қайыру – оның мағынасын тереңдетіп көңіл аудартады, әрі 
есте сақтауға да ыңғайлы болып келеді; 4) афоризмнің төртінші белгісі – ой 
тиянақтылығы, афоризм мағыналық тұрғыдан аяқталған сөйлем түрінде келіп, 
қосымша түсініктемесіз ұғыныңқы болуы тиіс; 5) афоризмнің бесінші өзіне тән ерекше 
белгісі – қырналған ой, ол барынша дәл, нақты, мәнерлі, мазмұнда беріледі; 6) 
афоризмнің алтыншы белгісі – түрлі стильдік, эмоционалдық құралдар көмегімен қол 
жеткізген көркемдік бояуы. Тапқырлық ақыл-парасатқа қарағанда тек шындық айтумен 
шектеліп қалмай, әдемілікке ұмтылады, ал көркемдік түрлі көркем құралдарды қолдану 
арқылы жүзеге асады. Даналық пен көркемдіктен басқа өткір ойларды жеткізудегі 
қысқалық пен нақтылықтың рөліне де баса назар аударады. Сол трактатта афоризмнің 
тапқырлықтан туатындығы, басты белгісі – даналық, көркемдік және баяндау 
қысқалығы екендігін теориялық трұрғыдан дәлелденеді. Әсемдік, көркемдік – 
афоризмнің маңызды белгілерінің бірі. 
Афоризм көтеретін тақырыбы "ескі" болса да, "мәңгілік" мәселелерге айналып 
соғып отырады. Егер жаңа әрі тосын ойлар жаңа кейіпте, өзге реңкте берілсе, оны 
афоризмнің көркем бояуының әсерінен болған деп ұғу керек. Жоғарыдағы айырым 
белгілерді жинақтай отырып, мынадай тұжырым жасауға болады: 
Афоризмдер – терең ойға құрылған, жан-жақты байыптау барысында алынған, 
барынша қысқа да ықшам, көркем келісіммен келген, нақты бір автордың қаламынан 
туған тиянақты ой жүйесі. 
Афоризмдер – шағын сөздің кешені, ақыл мен эсемдік құймасы. Афоризм – 
қазақ менталитетіне аса жақын жанр. Афоризм – өзінің құнарлы ойларын "тоқсан ауыз 
сөздің тобықтай түйініне" "түйіп" үйренген қазақ халқына тән сөз өнері."Қара қылды 
қақ жарған" эділдігін айтар би-шешендер жүгінетін оңтайлы тәсіл. Өзінің ой өзегінде, 
негізінде ақыл-насихат сақталғандықтан, өсиет – толғау өлеңдер қазақ сахарасында 
тәрбие құралы міндетін атқарады. 
Абай тіл көркемдігі мен ой тереңдігіне халық ауыз әдебиетінен қанығады, тіл 
ұстаратын ұсталықты, сөз асылын талғаған зергерлікті, ой қиюластырған шеберлікті, 
сұлулықты әспеттеген өнерпаздықты меңгеріп шығады, өз үлгісін өнер өрнегіне (сөз 
өнеріне) салады. Оның терең ойлары, шешендік афоризмдері, нақыл қанатты сөздері, 
максималары адам санасына ой тереңдігімен әсер етеді. Эстетикалық сезімге сөз 
әсемдігімен, адам жадына ықшамдылығымен ықпал етеді, әсерге бөлейді. 
Қоғам қайраткері, ақын Абай әдебиеттің әртүрлі көркем үлгілерін жасауға 
мақсатты түрде кірісті. Уақыт талабына лайық келетін әдеби үлгіні қару етіп, оны 
әлеуметтік қызметке жұмсады, тәрбие құралы функқиясында пайдаланды. Ой-сана мен 
қоғамға қозғау салу мақсатынан туған афоризмдер үлгілеріне талдау жасау барысында 
мақал, нақыл сөздер, қанатты сөздердің бір-бірімен ортақ тұстары да айырым белгілері 
де бар екені байқалды. 
ӘДЕБИЕТТЕР: 
1.
Байтұрсынов А. Ақ жол: Өлеңдер мен тәржімелер. Публ.мақалалар және 
әдеби зерттеулер. – Алматы. Жалын, 1994. – 464 б. 
2.
Әуезов М. Абайтану мәселелері. – 20 т. -Алматы: Жазушы, 1985. – 496 
б.Сыздықова Р. Абай және қазақтың ұлттық әдеби тілі. – Алматы: Арыс, 2004. – 616 6.
3.
Жүнісов 
С. 
М.Әуезовтің 
Абайтану 
туралы 
лекқиясынан. 
Көмекші оқу құралы. – Алматы: Санат, 1996. – 80 б. 


158 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет