ӘОЖ 821.512 АБАЙ МҰРАСЫ ЗАМАНЫМЫЗДЫҢ РУХАНИ БАЙЛЫҒЫ Қалмұқан Жансая Қалмұқанқызы Ш.Есенов атындағы КМТИУ, Менеджмент мамандығы 1-курс студенті
Ғылыми жетекшісі: Бағдатұлы М.
Аңдатпа. Абайдың әлемі – ол қазақ халқының әлемі. Ал, Абай мұрасы – ол
біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық.
Мақалада Абай Құнанбайұлы өміріне қысқаша шолу, әрі оның ғажап туындыларының
қазақ әдебиетінде алатын орны, ақынның әлемдік мәдениет бөлігіндегі рөлі, сонымен
қатар, Абай сөзінің бүгінгі заманымыз үшін көкейкестілігі, ақын шығармаларынан
халқымыз қандай тағылым алатындығы қарастырылды. Ал, мақала соңында ұлы
тұлғаның қазақ тарихы үшін ерекше орынға ие екендігі толығымен тұжырымдалды.