Мазм ұ н ы Кіріспе



бет9/38
Дата14.08.2023
өлшемі193,57 Kb.
#179823
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38
Байланысты:
мустапаева

Оқыту үшін бағалау дегеніміз не?
Кез келген мұғалім “Оқыту үшін Бағалау»(ОүБ) оқытуды және оқуды жетілдіру мәселелерін шешудің маңызды мәселесіне айналып отыр деген сұрақ қоюы мүмкін, онысы орынды да. Өздерінің бұрынғы тәжірибесі бойынша көптеген мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналары бағалауды оқыту және оқудан кейін болатын нәрсе ретінде қарастырады.
Бағалау оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі болуы мүмкін деген ойды санамызға сіңіру үшін бізге өз түсінігімізді едәуір өзгертуталап етіледі.


Бағалаудың мәні
«Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін-өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бұл жорамал ресми тестілерден және емтихандардан бастап, мұғалімдер сыныптарда күніне жүз рет өткізетін бейресми бағалауға дейінгі бағалаудың барлық түрлеріне қатысты. Оның үстіне, бағалау түрлі нысанда жүргізілуі мүмкін: бір тестілер қолдағы қарындаш пен қағаздың көмегімен жүргізілсе, басқалары сыныптағы әдеттегі әңгіме кезінде сұрақ қоюға негізделеді. Бағалаудың барлық түрлеріне тән жалпы сипаттамалар төмендегілерді қамтиды:
1) қадағалау;
2) алынған мәліметтердің интерпретациясы;
3) бұдан арғы іс-әрекетті анықтауға арналған қорытынды.


Қадағалау
Баға қою үшін оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын, сонымен қатар олар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет. Сыныптағы әдеттегі іс-әрекетті қадағалау, яғни, балалардың өзара әңгімесін тыңдап, тапсырманы орындап отырған оқушыларды қадағалау немесе олардың орындаған сынып және үй жұмыстарын тексеру бірталай ақпарат бере алады, бірақ кей жағдайларда қажетті ақпаратты алу үшін ерекше ойластырылған тәсілді қолдану керек болады. Жазбаша тапсырма немесе тест жоғарыда айтылған мақсаттарды іске асыра алады, бірақ кей жағдайларда дұрыс таңдалған ауызша сұрақтың өзі де тиімді болып шығуы мүмкін. Оқушының сұрақтарға берген жауаптарын қадағалап отыру керек. Басқа сөзбен айтқанда, бағалайтын тұлға алынған мәліметтердің мәнін анықтай білуі маңызды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет