4.12. Стандарт «Резеңке жылытқыштардың (грелканың) көмегімен шала туылған нәрестелерді жылыту»
Мақсаты: қалыпты дене температурасын қамтамасыз ету
Көрсеткіші: шала туылған сәби
Керекті құрал-жабдықтар: резеңке жылытқыштар 3 шт, 42-45º С су, 3шт жөргек, көрпе, перчатки, маска, КБУ, дез. Ерітіндісі бар ыдыс, ветошь (шүберек)
Іс-әрекет алгоритмі:
Анасына шараның мақсаты мен жасалу ретін түсіндіріңіз
Шала туылған нәрестені жөргектеп, төсекке жатқызыңыз
Маска киіңіз, гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіңіз, перчатки киіңіз
Резеңке жылытқыштың 1\2 немесе 2\3 бөлігін 42-45ºС сумен толтырыңыз
Резеңке жылытқышты қолыңызбен қысып тұрып ауасын шығарыңыз, қақпағын тығыздап жабыңыз
Жылытқышты төмен қаратып, қақпағының дұрыс жабылғанына судың төгілмейтініне көз жеткізіңіз, 1-2 минут жылытқышты білектің ішкі бетіне қойып температурасын тексеріңіз
Тағы да 2 жылытқышты осындай реттілікпен дайындаңыз
Әр жылытқышты 4 қабат жөргекке ораңыз
Жылытқыштарды 8-10 см аралықта, екеуін кеуденің сыртқы беттеріне, үшінші жылытқышты баланың табанына қойыңыз
Баланы көрпемен жабыңыз (көрпе астындағы температураның 28-30ºС болуын қадағалаңыз)
Жылытқыштардағы су суыған кезде суды міндетті түрде кезектестіріп ауыстырып отырыңыз
Шараның соңында жылытқыштардағы суды төгіп, сыртқы жағын дез. Ерітіндімен өңдеңіз
Перчаткиді шешіп, КБУ-ға тастаңыз
Қолыңызды жуып, құрғатыңыз
Ескерту: Егер баланың дене қызуы 37ºС-тан жоғары болса, онда табанына қойылған грелканы ғана қалдырыңыз немесе барлық грелканы алып тастаңыз
4.13 Стандарт «Кювез дезинфекциясы»
Мақсаты: дезинфекция, санитарлық-гигиеналық режимді ұйымдастыру
Көрсеткіштері:
Жаңа кювезді қолдансықа енгізгенде (қолданғанда);
Бала кювезде ұзақ уақыт жатқанда әр 3 күн сайын;
Кювезге басқа баланы жатқызғанда;
Кювезге 5 күн ішінде бала жатқызылмаса
Достарыңызбен бөлісу: |