Мазмұны IV «Балалар ауруы» пәні бойынша кәсіби стандарттар


Стандарт «Резеңке жылытқыштардың (грелканың) көмегімен шала туылған нәрестелерді жылыту»



бет12/29
Дата14.12.2022
өлшемі77,01 Kb.
#162763
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29
Байланысты:
стандарты пед ЛД каз

4.12. Стандарт «Резеңке жылытқыштардың (грелканың) көмегімен шала туылған нәрестелерді жылыту»


Мақсаты: қалыпты дене температурасын қамтамасыз ету
Көрсеткіші: шала туылған сәби
Керекті құрал-жабдықтар: резеңке жылытқыштар 3 шт, 42-45º С су, 3шт жөргек, көрпе, перчатки, маска, КБУ, дез. Ерітіндісі бар ыдыс, ветошь (шүберек)


Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Анасына шараның мақсаты мен жасалу ретін түсіндіріңіз

  2. Шала туылған нәрестені жөргектеп, төсекке жатқызыңыз

  3. Маска киіңіз, гигиеналық деңгейде қол деконтаминациясын жүргізіңіз, перчатки киіңіз

  4. Резеңке жылытқыштың 1\2 немесе 2\3 бөлігін 42-45ºС сумен толтырыңыз

  5. Резеңке жылытқышты қолыңызбен қысып тұрып ауасын шығарыңыз, қақпағын тығыздап жабыңыз

  6. Жылытқышты төмен қаратып, қақпағының дұрыс жабылғанына судың төгілмейтініне көз жеткізіңіз, 1-2 минут жылытқышты білектің ішкі бетіне қойып температурасын тексеріңіз

  7. Тағы да 2 жылытқышты осындай реттілікпен дайындаңыз

  8. Әр жылытқышты 4 қабат жөргекке ораңыз

  9. Жылытқыштарды 8-10 см аралықта, екеуін кеуденің сыртқы беттеріне, үшінші жылытқышты баланың табанына қойыңыз

  10. Баланы көрпемен жабыңыз (көрпе астындағы температураның 28-30ºС болуын қадағалаңыз)

  11. Жылытқыштардағы су суыған кезде суды міндетті түрде кезектестіріп ауыстырып отырыңыз

  12. Шараның соңында жылытқыштардағы суды төгіп, сыртқы жағын дез. Ерітіндімен өңдеңіз

  13. Перчаткиді шешіп, КБУ-ға тастаңыз

  14. Қолыңызды жуып, құрғатыңыз



Ескерту: Егер баланың дене қызуы 37ºС-тан жоғары болса, онда табанына қойылған грелканы ғана қалдырыңыз немесе барлық грелканы алып тастаңыз
4.13 Стандарт «Кювез дезинфекциясы»
Мақсаты: дезинфекция, санитарлық-гигиеналық режимді ұйымдастыру
Көрсеткіштері:

  • Жаңа кювезді қолдансықа енгізгенде (қолданғанда);

  • Бала кювезде ұзақ уақыт жатқанда әр 3 күн сайын;

  • Кювезге басқа баланы жатқызғанда;

  • Кювезге 5 күн ішінде бала жатқызылмаса





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   29




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет