Іс-әрекет алгоритмі: Анасына жасалатын шараның мақсатын және жасалу ретін түсіндіру;
Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Қолыңызды жылытыңыз;
Баланы арқасына жатқызыңыз, кеуде бөлігін және іш аймағын киімнен босатыңыз (емшек жасындағы балаларда ұйықтап жатқанда анықтаған тиімді);
Бір минуттың ішіндегі кеуде клеткасы мен іш пердесінің қозғалысына назар аударыңыз;
Егер көзбен қарап отырып санау қиындық туғызса, тыныс алудың түріне байланысты қолыңызды кеуде клеткасына не болмаса іш пердесіне қойып бір минуттағы тыныс алу жиілігін санаңыз;