4.15. Стандарт «Емшек жасындағы балалардың тыныс алу жиілігін санау алгоритмі »
Мақсаты: диагностикалық
Көрсеткіштері: бақылау жүргізу
Керекті құрал-жабдықтар:секундомері бар сағат, температура парағы, қалам
Іс-әрекет алгоритмі: Анасына жасалатын шараның мақсатын және жасалу ретін түсіндіру;
Қолыңызды жуып, құрғатыңыз. Қолыңызды жылытыңыз;
Баланы арқасына жатқызыңыз, кеуде бөлігін және іш аймағын киімнен босатыңыз (емшек жасындағы балаларда ұйықтап жатқанда анықтаған тиімді);
Бір минуттың ішіндегі кеуде клеткасы мен іш пердесінің қозғалысына назар аударыңыз;
Егер көзбен қарап отырып санау қиындық туғызса, тыныс алудың түріне байланысты қолыңызды кеуде клеткасына не болмаса іш пердесіне қойып бір минуттағы тыныс алу жиілігін санаңыз;
1 жасқа дейінгі балаларда – «іштік» дем алу типі;
1-2 жас аралығында балалрда – аралас дем алу типі:
3-4 жас аралығындағы ұл балаларда – «кеуделік» дем алу типі;
3-4 жас аралығындағы қыз балаларда – «іштік дем алу типі»;
Алынған мәліметтерді температура парағына жазыңыз;
Қолыңызды ждуып құрғатыңыз.
Ескерту: Емшек жасындағы балалардың тыныс алу жиілігін анықтағанда фонендоскопты қолдануға болады. Тыныс алу жиіліктері: