Мазмұны Кіріспе І – Тарау; Әдебиеттерге шолу


Дислокацияның тосқауылдан өтуі



бет29/37
Дата08.02.2022
өлшемі5,67 Mb.
#98046
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   37
Байланысты:
Дип.-Денелердің-беріктілігін-зерттеу

Дислокацияның тосқауылдан өтуі. Сырғанау жазықтығында жанама  кернеудің әсерінен дислокация қозғалып, қозғалу бағытында қозғалмайтын Д тосқауылды кездестірді дейік. Мұндай тосқауыл ролін дислокациялардың бір-бірімен қиылысқан нүктесі, қоспа атом және басқа ақаулар атқаруы мүмкін. Дислокацияның тосқауылдан өту теориялық схемасын көрсетуге болады (2.18.-сурет).

2.18. - сурет
Дислокация «Д» тосқауылға жақындау барысында иіледі, тосқауылды айналып өтіп, дислокация жабылады және қайтадан тура сызықты дислокацияға айналады, яғни Франк-Рид дислокация көзі секілді процестер жүреді. Дислокацияның тосқауылмен кездескенде болған нақты картина 2.19.-суретте көрсетілген. Теориялық схема мен нақты картина суретінің бір-біріне ұқсастығы теориялық схемаға күмән тудырмайтыны 2.18. және 2.19.-суреттерден көрініп тұр.



2.19.-сурет
Дислокацияның тосқауылды қоршап өтуі, дислокацияның созылуына және тор бұзылуының бірден күшеюіне алып келеді, тордың бұзылуы қосымша жұмыстың орындалуын талап етеді. Сондықтан ақауды дислокация өту кезінде дислокация елеулі үлкен кедергі кездестіріп қозғалуы, тордың бұзылмаған бөлігіндегіге қарағанда қиындыққа алып келеді. Пластикалық деформацияның өсуімен кристалда дислокациялар саны өседі, олай болса, әрбір дислокацияның қозғалуына кедергі жасайтын тосқауылдар саны көбейеді (дислокациялардың бір-бірімен қиылысқан нүктелері көбейеді). Сондықтан деформацияның өсуі кристалдың беріктелуімен қабат жүреді. Осы сияқты әсерді қоспа атомдар да береді, яғни оларда кристалды беріктендіреді, себебі, қоспа атомдар орналасқан аумағында торды бұзады. Сондықтан олар дислокацияның қозғалуына кедергі жасайды. Сонымен кристалдың ығысуына кедергі күштерді көбейтеді, яғни кристалл беріктелінеді. Дислокациялардың қозғалуына аса қатты кедергі жасайтын блоктардың және дәндердің шекаралары, сонымен қатар тордың түйіндерінде немесе түйін аралығында орналасқан ерекше (включения) атомдардың жинақтары болып есептеледі. Суық деформациялану, қоспа атомды кристалға ендіру (легрлеу), қоспаларды дайындағанда ерекше атомдарды қосу, күйдіру, ескіру, т.б. құбылыстар практикада кеңінен қолданылады. Осы аталған әрекеттер машина жасайтын материалдардың механикалық қасиеттерін жақсартуға алып келеді. Осы көрсетілген жолдармен кейінгі 80 жылдардың ішінде материалдардың беріктілігін жобамен 8-10 есе арттырған. Сонымен, тордағы ақаулар кристалл деформациясына екі түрлі әсер етеді. Бір жағынан дислокацияның пайда болуы, ол кристалды әлсіретеді. Екінші жағынан, дислокацияның еркін қозғалуына кедергі жасап, кристалды беріктендіреді. Ақаулар санының кристалл беріктілігіне әсерін схема түрінде көрсетуге болады (2.20.-сурет). Ал сызықтың сол жағындағы беріктеліну ақаусыз кристалды алу технологиямен байланысты. Қазіргі кезде ішкі құрылымы идеал құрылымға жақын жұқа жіп тәрізді кристалдар алына бастады. Бұл кристалдарды көбінесе «усы» деп атайды. Мұрт (усы) кристалдардың қалыңдығы (диаметрі) 0,05-2 мк аралығында, ал ұзындығы 2, 3-10 мм дейін. Бұл кристалдардың ерекшелігі, беріктілігі өте жоғары, теориялық беріктілікке жақындайды. Мысалы, жіп тәрізді темір кристалдың беріктілігі 1,336·1010Н/м2 (1336 кг/мм2), мыстікі – 0,3·1010Н/м2 (302 кг/мм2), мырыштікі – 0,225·1010Н/м2 (225 кг/мм2), ал кәдімгі жағдайда алынған сол металдардың беріктілігі сәйкесінше 3·108Н/м2 (30 кг/мм2), 2,6·108Н/м2 (26 кг/мм2) және 1,8·108Н/м2 (18 кг/мм2). Жіп тәріздес кристалдардың серпімді деформациясы бірнеше пайызға жетсе, кәдімгі кристалдың деформациясы 0,01%-дан аспайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет