Мазмұны. Кіріспе. I. Tapay. Ағылшын сленгтерінің ерекшеліктері



бет10/22
Дата01.09.2022
өлшемі0,75 Mb.
#148573
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
Байланысты:
Мазм ны. Кіріспе. I. Tapay. А ылшын сленгтеріні ерекшеліктері
isahanov elektr исаханов лекция Элек машины, аға куратор есебінің құрылымы, English Grammar in Use, 1лаб ДМ, GPS приемник - современное спутниковое оборудование - системы GPS и Глонасс Технокауф в Москве, 5 урок Осеева, Философияның Адам рөліндегі орны, презентация, Готовность ДП 28..04 спец Приборостроение, Негізгі комбинаториканың объектілері, Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика. ІІ оқулық (Аканбай Н.) (z-lib.org) (1), Айнымалы ток тізбегі активтік, индуктивтік ж не сыйымдылы ты ке, Жылу берілу түрлері, В ней сопротивления R1 и R2 заменены сопротивлением R
«Upfront» - «авансы алдын-ала төленген»: деген мағынаны береді: «ир-rate» -» «қоғамда біреудің үстемдігін көтеру»; «up-tick» -»бағаның кішкене өсуі»; «up-tight» -»ашулы»; т.б.
Ал «over» префиксі болса тым асып кеткен, кейде тіпті болымсыз мағынада мысалы «артық қыламын деп тыртық қылу» яғни өзінің тиісті дәрежесінен асып кетіп, ақырында керексіз болып қалу сияқты қосымша мағынаны ұстанады. Мысалы; «over-drive» - «бір нәрсені істеуді тым артық кету», өзінің шегінен асып кету; «over-kill» - «өте көп»; «overqualified» - «аса білікті маман» (көбіне болымсыз мағынада яғни жұмыс сұрағанға, өзінің бұл қарапайым жұмысқа тым сапалы, білікті маман болғандықтан лайықты емес деп келісім бермеу мақсатында қолданылады).
«Up» және «over» префикстеріне мынадай мысалдарды ұсынуға болады:
The smile Grocery Shop on West 18\St Street upvalued its bananas after the demand for them increased. [A.S., 268 6]
«Жүз сексен бірінші Вест көшесіндегі «Смайл» көкөніс дүкенінде банандарға сұраныс ұлғайғандықтан олардың бағасы өсті».
Those little upticks on the subway fare really make me mad. [A.S., 268 6] «Жер асты темір жолдың бағасының көтерілуі менің ызамды келтірді».
Thanks, Maggie, I had enough. This work will be overkill for me. [A.S., 169
«Рахмет, Мэгги, маған жеткілікті. Бұл жұмыс мен үшін аса көп болды».
Сленг сөздерінің жартылай аффикстер арқылы жасалуы. Біз қарастырған префикс, инфикс және суффикстерден басқа аффикстердің тағы бір түрі жартылай аффикстер де бар. Олар да өз кезегінде жартылай префикс және жартылай суффикс болып екіге бөлінеді. Жартылай аффикстер аффикстерден өзінің нақты лексикалық мағынасының болуымен ерекшеленді, және сөзбен тіркесіп келген кезде сөзге өзінің мағынасын ендіреді. Жартылай аффикстер әртүрлі лексикографиялық жұмыстарда түрлі атауларға не болды. Мысалы: «DAS» жұмыстарында «-friend», «-fest», «-freak», «-happy», «-nut», «-put» және тағы басқа тіркестер «suffix word» яғни «суффикстік сөз» деп ал «RHH DAS» жұмыстарында «happy», «head» морфемалары күрделі сөздің бір бөлігі ретінде қарастырылды.
Біз жұмысымызда Ю.Волошинның пікірін қолдай отырып бұл тіркестерді жартылай аффикс оның ішінде жартылай суффикстер деп қарастырып, оларға жеке-жеке тоқталып мысалдар беріп өтуді ұйғардық. Сонымен сленг екі сөздің бірге қолдануынан жасалады және бұл екі сөздің біреуі ғана жартылай суффикс өзгеріссіз басқа да сөздермен қайталанып келеді. Мысалы: «aholic» - «workaholic», «alcoholic»,»coffeeholic», «bookaholic» тағы басқалар және де бұл суффикс осы сөздердің барлығына өзінің мағынасын ендіреді. Мысалы: «aholic» «бір нәрсені қатты ұнату, бір нәрсеге тәуелді болу, берілу, тіпті бір нәрсемен ауыру сияқты» мағынаны береді де ол мағына барлық сөзде үстемдік етеді. Мысалы: «workaholic» -»тынбай жұмыс істейтін адам»: «alcoholic» - «араққа тәуелді адам»; «coffeeholic» - «кофеге тәуелді»; «bookaholic» - «кітапты көп оқитын адам»;
Біз бұл суффикстерді атқаратын бірдей қызметке, бірдей мағынасына қарап оларды топтастырып қарастырдық. Мысалы: «Friend»; «-bug»; «-met»; «-happy»; «-freak»; «-hound»; суффикстерінің беретін мағынасы бір яғни «бір нәрсеге тәуелді болу», «қатты ұнату», «жанкүйері болу», «құмар болу» т.б. Бұл суффикстер көбіне теріс мағынада яғни тым қатты құмарлану сияқты теріс мағынаны береді. Мысалы: «dope fiend» - «наркоман»; «drink hound» -»ішімдікті ұнататын адам»; «power-happy» - «билікке құмар адам»; «gold-happy» - «алтынға құмар адам»; «film-freak» - «кино көруді ұнататын адам»; «dog nut» - «итті ұнататын адам»; «football nut» -»футболға құмар немесе футбол жанкүйері»; «crgarette fiend» - «темекіге тәуелді адам»; «fresh-air fiend» - «таза ауаны жақсы көретіндер»; «health-nut» - «денсаулығын қадірлейтіндер» және тағы басқа.
Мұндай сленгтік тіркестерге көркем әдебиеттерден төмендегі мысалдарды көрсетуге болады:
She was a bookaholic [N. Y. Times]
«Ол кітап оқығанды ұнататын еді».
Collegians crossword puzzlebugs and eggheads [N. Y. Times]
«Колледж студенттері өз жұмбақты шешуді ұнататындар және интелектуалдар болып табылады».
When you are right you are a hero. When you are wrong you're killhappy [John Le Carre, 180]
«Сенікі дұрыс кезде, батырсың сенікі дұрыс емес кезде, өлтіруге әзірсің».
They're gloryhappy enough to make a fire fight out of a mistier [Davis, 177]
«Олардың билікке мас болғаны соншалық, кез-келген болмайтын нәрсе атыс бастап жіберуге дайын».
He's a healthnut [Kingston, 92]
«Ол үшін денсаулық басты байлық».
They always meet with a bunch of other fresh air fiends [Ellison 17]
«Олар үнемі басқа топтың таза ауаны сүйетіндермен кездесіп тұрады».
Peter is a workaholic, but his brother is very lazy. [A.S, 11]
«Питр еңбекқор бірақ оның ағасы өте еріншек».
At the club Janet met many frenzied cokefreaks of her age [A.S, 50]
«Джанет клубта кокайн қабылдайтын өзінің құрбыларын кездестіреді».
Біздің келесі қарастыратынымыз house, -shop, -joint жартылай суффикстері. Бұл суффикстер тиімді, жергілікті жер деген мағынаны береді. Олар дүкен, кафе, бар, мекеме, үй және тағы басқа мағыналарда қолданылады. Мысалы: «flop-house» - «бір түнейтін бағасы арзан жер», «hockshop» - «ломбард», «hop joint» - «наркомандардың жиналатын жері», «sweat shop « - «жұмысы өте қиын мекеме», «head shop» - «нашақорларға керекті заттар сатылатын жер», «crack house» - «нашақорлардың кокаин қабылдайтын не сататын жері», «beer joint» - «сыра ішетін бар», «feedjoint» - «тез тамақтанаып кететін бар», «juice joint» - «түнгі клуб», «coffee and cake joint» - «кішкене капиталы бар мекеме» тағы басқа
I cannot work in this sweatshop any more [A.S, 248]
«Мен мұндай қиын мекемеде бұдан артық істей алмаймын».
Jane visited «General Motor's» inhouse [A.S, 117]
«Джэйн «Дженерал Моторс»-тың маңызды бөлімшесіне барды».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет