Мазмұны нормативтік сілтемелер анықтамалар кіріспе І мәтіннің композициялық СӨйлеу түрлері



бет15/22
Дата28.01.2023
өлшемі144,71 Kb.
#166652
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22
Байланысты:
дөненбай ағжан
қызылша, Лекцияны жоспары ндірістік мазм нды есептер ндіріс материалы, электр тгы
Метафора (грек metaphora – ауыстыру) – троптың (құбылтудың) бір түрі. Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы.
Метафораны сөз өнері (поэтика,  риторика), эстетика,  логика, философия, тіл (стилистика, лексикология, психолингвистика) ғылымдары зерттейді. “Метафора табиғатында жұмбақтылық бар” (Аристотель). Сөз өнерінде метафораның символикалық, эмоционалдық ерекше мәні бар. Ойды әсерлі жеткізу мақсатында метафора қолданылады: «Бүкіл бойжеткендердің ішінде жалғыз жүлдені өзім алғандай болдым». Бас кейіпкердің баяндауындағы бас жүлде-метафоралық қолданыс. Автордың бас жүлде деп тұспалдап отырғаны Қасымбек. Мәтінде айтылғандай бүкіл ауданның қызының көзі түскен ерекше жігітке, командирге Нәзираның қолы жеткен. Жігіт Нәзираға көңіл аударған. Сондықтан да көптің алдына шығуына орай осы ауыстыру сәтті қолданған. Метафораның кейбір түрлері теңеуге жақындайды. Мысалы, тас жүрек. Бірақ онда теңеудегідей екі нәрсені салыстырудан гөрі сезім, әсер жақындығын көрсету басым. Көбіне ондай екі нәрсенің бірі айтылып, екіншісі емеурінмен білдіріледі.
Метафора тілді байытуға қызмет етеді, синонимдерді, көпмағыналықты, терминдік жүйені және эмоциональды-экспрессивті лексиканы дамытады. Мысалы: билік тізгіні, ғасыр перзенті, көңіл көкжиегі, жан айғайы, жер кіндігі, үміт жібі, т.б. Тілдегі қолданыс аясына қарай жеке қолданыстағы метафора және тұрақты метафора болып бөлінеді. Әдебиеттегі ізденістер нәтижесінде «метафоралық роман» деген соны термин де қалыптасып келеді.
Метафора әрдайым ауыспалы мағынада жұмсалады. Соның өзінде кемінде екі мағына болуы мүмкін. Сонысына байланысты метафора екі түрлі қызмет атқарады: белгілі бір затқа, құбылысқа немесе адамға сипаттама беру және сол заттың, құбылыстың немесе адамның атын атау (номинация). Бірінші жағдайда метафора сөйлем ішінде баяндауыш болады да (Қазақ баланы «періште» дейді), екінші жағдайда  бастауыш немесе толықтауыш болады (Әлгі қуыршақ қыз оған да мәз). Сөйлеу практикасында қалыптасып қалған аң атаулары ғана (аю, түлкі, қоян, доңыз, қой, ит т. б.) ғана емес, метафора қызметінде адам болмысындағы, қызметіндегі әр алуан жайлар алына береді (бастық, чиновник, ғұлама, әкім т. б.). Метафораның басқа троптарға ұқсас келетін қасиеттері бар. Мұндайда метафораның анықтамасын және атқаратын троптық қызметін естен шығармаған мақұл. Метафораның теңеумен ара қатынасын да білу қажет. Айталық, метафора бір ұғымның орнына екінші ұғымды қолдануды қаласа, теңеуде бір зат пен екінші заттың ұқсас жайлары алынады: «Люся мен Боря қалың жүктің арасынан Шурикті іздеп таба алмай жүреді, осы кезде құдды қуыршақ сияқты көзі дөп-дөңгелек, беті томпиған төрт жасар қыз: -Ол мында! Мында. Мен көрдім,-деп айқай салды». Осындағы құдды қкыршақ сияқты деген теңеу күрделі, аналитикалық тәсіл арқылы жасалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет