Бақылау сұрақтары:
Қазақ мәдениетінің бастауларына қысқаша шолу жасаңыз.
Көне Хорезм жеріндегі табылған бейнелер?
Көшпенділердің негізгі көлігі неге жылқы? Не себепті оны қастерлейді?
11 тақырып
Ортағасырлық Қазақстан мәдениеті
Жоспар:
1.Қазақтардың материялды мәдениеті: қолөнер және кәсіпкер,үйі, киімі, азығы.
2.Рухани мәдениет: қазақтардың халық білімі, күнтізбе, дін мейрамдары (наурыз, соғым, құрбан айт), дәстүрлі салттары.
3.Әдебиеті,халықтың ауыз екі өнері (мақалдар мен мәтелдер,еңбек және салт өлеңдері, тарихи және жазба әдебиеттері (Қыдырғали Жалайыри, Мұхаммед Хайдар Дулати).
XVI-XVII-ғасырлардағы қазақ мәдениеті өзіндік сипаты бар ұлттық мәдениет болды. Материялдық ескерткіштер Қазақстанда мәдени дамудың біркелкі болғандығын көрсетеді.
Отырықшы және жартылай отырықшы тайпалар Сырдария бойымен Қаратауға орын тепті: ірі қолөнер және сауда орталықтары-Сығанақ, Сауран, Түркістан болды. Феодалды соғыстардың жиі тұтануы өндіргіш күштердің дамуына, мәдениеттің өркендеуіне үлкен кедергі жасады. Әсіресе елге үлкен ойран салған жоңғарлар феодалдардың дамылсыз шапқыншылығы XVI-XVII ғасырларда мәдениеттің құлдырауына әкеп соқты.
Қазақстан территориясында тұратын халықтарда тұрғын үйдің екі түрі болды. Жазды күндері тасымалы жеңіл үйлерде тұрса, қысты күні жер үйде шымнан, балшықтан немесе тастан салынған жылы үйде тұрды. Жазғы үйдің екі түрі болды. Оның бірі кәдімгі қазақ үй, екіншісі дөңгелек үстіне орнатылған жылжымалы үй- күйме еді.
Достарыңызбен бөлісу: |