Механикалық күштер және олардың түрлері



бет2/2
Дата22.04.2022
өлшемі17,66 Kb.
#140397
1   2
Байланысты:
аза стан республикасы білім ж не ылым министрлігі
kemelbekov islam, Білім беру ба дарламасы бойынша Физика п нінен С Ж та ырыптары, Кемелбеков Ислам 8-9зерт
Механикалық күштер
Гравитация (латынша: gravitas - ауырылық) – материяның кез-келген түрлері арасындағы тартылыс күш әсері. Егер бұл өзара әрекеттестік біршама босаң болып, Ньютонның бүкіл әлемдік тартылыс заңы қолданылады. Жалпы жағдайда А. Энштейн шығарған жалпы салыстырмалылық теориясы қолданылады. Гравитация – массасы бар кез келген денелер арасында болатын өзара тартылыс.
Серпімділік күші – деформацияланған дененің ұзаруына пропорционал және деформация салдарынан дене түйіршіктерінің орын ауыстыруына қарама-қарсы бағытталған күш. Басқаша айтқанда, дене деформация салдарынан дене түйіршіктерінің орын ауыстыруына қарама-қарсы бағытталған күш. Басқаша айтқанда, дене деформацияланға ұшыраған кезде денеде белгілі бір күш пайда болады, сол күш әсерінен ол өзінің пішінін және бастапқы күйіне қайта келуіге тырысады. Бұл күш атомдар мен молекулалар арасындағы электромагниттік әсерлеусідің нәтижесінде пайда болады. Серпімділік күшінің формуласы: F = k∆x
Үйкеліс күші – дененің тіреу бетімен сырғыған кезінде әсер ететін күш; жанасатын денелердің сұйықтар немесе газдардың қабаттарынын салыстырмалы орын ауыстыруына кедергі жасайтын күш; электромагниттік күштер қатарына жатады. Дені беті тегіс болмайды. Бір дене екінші дененің бетімен қозғалғанда осы тегіс емес жерлер деформацияланады, үйкеліс күштері пайда болады. Қатты денелер бірінің бетімен бірі қозғалғанда олардың арасында сұйық газ тәрізді зат болмаса, онда пайда болатын үйкелісті құрғақ үйкеліс деп атайды. Құрғақ үйкеліс тыныштық үйкелісі және сырғанау үйкелісі болып екіге бөлінеді. Үйкелістің тербеліс үйкелісі деп аталатын түрі де кездеседі.
Үйкелістің формуласы:
Мұндағы k – үйкеліс коэффиценті, N – тіректің реакция күші.
Табиғатта үйкеліс күші үш түрде керініс табады:

  1. сырғанау үйкелісі (мысалы, конькишінің мұз бетімен сырғанауы кезінде),

  2. домалау үйкелісі (бір дене екінші дененің бетімен домалау жағдайында туындайтын),

  3. тыныштық үйкелісі (мысалы, дененің көлбеу жазықтықта жатуы). Үйкеліс күші, денелер беттерінің кедір-бұдырлығынан және жанасатын беттер молекулаларының езара тартылысынан туындайды.



Ауырлық күші – F = mg ({\displaystyle F=mg}мұндағы m — дененің массасы, g — еркін түсу үдеуі, оның модулі шамамен 9,8 м/с2-ка тең) деп денелердің Жерге тартылу күшін айтады. Бұл күштің әрекетінен еркін денелер Жерге құлайды. Денелердің ауырлық күішінің әрекетінен ғана қозғалуын еркін түсу деп атайды. Мысалы, доптың ауада жерге түсуін еркін түсу деп есептеуге болады. (Ауырлық күшімен салыстырғанда ауаның кедергі күші азрақ болатындықтан, оны ескермеуге болады.)
Тіректің реакция күші деп тіректің денеге әрекет ететін серпімділік күшін айтады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет