Мәлібеков А. К., Алтаева Г. А., Чернявская Н. П



бет10/32
Дата28.12.2021
өлшемі34,91 Mb.
#128892
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32
Байланысты:
spravputkz
СОР Геометрия 7 каз, МАЗМҰНЫ
Аралас форматтағы (дәрістік-практикалық) сабақтар теориялық материалдың синтезі болып табылады.

2) Аудиториядан тыс сабақтарға білімгердің өзіндік жұмысы, соның ішінде, оқытушылар жетекшілігімен жүргізілетін жеке кеңес беруі, сонымен қатар оқу және кәсіби тәжірибе өткізу, ғылыми-зерттеу жұмыстары жатады.

СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы) - өз бетінше оқу үшін берілген нақты бір жұмыс түрі; Студенттің өзіндік жұмысына оқу курсының жекелеген тақырыптарын өз бетіңізше меңгеру, ұсынылған әдебиеттерді талдау, жазбаша бақылау жұмыстарын орындау, реферат дайындау, курстық және дипломдық жұмыстарды (жобаларды) дайындау және т.б. түрлері жатады. СӨЖ түрлері, бақылау түрлері және оған қойылатын бағалар пән бойынша оқыту бағдарламасында баяндалады.

ОСӨЖ –әр кафедраның тақтасында және сайтта көрсетілетін оқу кестесіне енгізілген, оқытушының жетекшілігімен атқарылатын студенттердің аудиториядан тыс жұмысы. Берілген сабақта сіз үй тапсырмасын, курстық жобаларды (жұмыстарды), бақылау жұмыстарын және есептерді, т.б. орындау бойынша оқытушыдан жеке кеңес алуға мүмкіндік аласыз.

Практика- өнеркәсіптегі, мекемелердегі және т.б. оқыту болып табылады, яғни осы мерзімде Сіздің университетте алған біліміңізді тәжірибеде жүзеге асыру шеберлігіңіз тексеріледі.

Университет мамандықтарының мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес студенттердің практика негізгі түрлеріне келесілер жатады: оқу, өндірістік және диплом алды практика. Оқу практикасына бірнеше кезең кіреді: алғашқы кәсіби жұмысты игеруі бойынша практикасы, таныстыру және басқалар. Студенттердің өндірістік тәжірибесі өнеркәсіпте, мекемелерде және түрлі ұйымдарда өткізіледі. Дипломалды практика негізгі білім беру бағдарламасының бөлігі ретінде оқудың соңғы кезеңі болып табылады және ол студенттер теориялық және практикалық оқу бағдарламасын игергеннен кейін жүргізіледі.

Практиканың өткізілу мерзімін университет бекітеді және ол ЖОЖ-да беріледі. Студенттердің практикадан өтуі үшін университеттен тәжірибелі жетекшілер тағайындалады, олар ұйым өкілдерімен байланыса отыра, практика мерзімінің сақталуын және оның мазмұнын бақылап отырады, студентке жеке тапсырмаларды орындау барысында әдістемелік көмек көрсетеді, сондай-ақ біліктілік алу жұмыстарында материалды жинақтауға қол ұшын береді, студенттердің практика бағдарламаларын орындаудағы нәтижелерін бағалайды.

Практика алдында Сіздерге мазмұны және баға қою саясаты көрсетілген практика бағдарламасы беріледі. Сіздер практика бағдарламасын орындауға міндеттісіздер және практика аяқталғанда практика жетекшісіне есебіңізді көрсетуіңіз керек. Есеп кафедраның комиссия отырысында қорғалып, баллмен бағаланады.

Сіздерге ыңғайлы болу үшін «бір терезе» қағидаты бойынша студенттерге қызмет ететін 3.1-корпусының бірінші қабатында орналасқан білім алушыларға қызмет көрсету орталығы ашылды. Қазіргі уақытта аталған орталық «бір терезе» принципі бойынша транскрипт беру, ЗТМО-ға оқу орнынан анықтама беру, талап етілген жерге оқитындығы туралы анықтама беру және кету парағын беру сияқты қызмет түрлерін ұсына алады.

Орталықтың қосымша бетін университет сайтынан табуға болады, онда сіз қажетті анықтамаларға алдын-ала тапсырыс бере аласыз.

2019-2020 оқу жылында республикада пандемияға байланысты барлық жоғары оқу орындары қашықтықтан оқыту нысанына көшті. Егер ағымдағы оқу жылында коронавирустың таралуының екінші толқынының қаупі қашықтықтан оқыту форматына көшуге себеп болса, онда «Дулати университеті» КЕ АҚ толыққанды оқу процесі қашықтықтан оқыту форматында жүзеге асырылады. Ол үшін университетте барлық жағдай жасалған. Сабақтарды өткізу үшін ZOOM, MicrosoftTeams, WebExMeetings, GoogleMeet сияқты әртүрлі компьютерлік бағдарламалар қолданылады. Оқытушылар барлық пәндер бойынша бейне дәрістер, презентациялар әзірледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет