Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті



бет29/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.

Дәстүрлі авторитарлық – бұл режимді әлемдегі барлық мемлекеттер басынан кешірді. Ол – дәстүрлі қоғамда өмір сүреді. Бұл – рулық империя, феодалды жүйе, орталықтандырылған бюрократ мемлекеттер. Жабық, монолитті элитамен сипатталады. Режим негізі болып жер иеленушілік элита, экономикалық элита саяси элитамен сайма-сай келеді. Мемлекет жердің ең жоғарғы иеленушісі болып саналады. Билік жеке меншігі феномені қалыптасады, яғни билік жеке меншік жалғасы ретінде қарастырылады; мамандық тұлғаның әлеуметтік дәрежесін анықтайды. Режимнің қасиетті сипаты (діни санкция заң негізі болып саналады, яғни режимге «құдайдан берген» мазмұн береді) еш өзгеріссіз ұзақ уақыт бойы өмір сүре алады (Сауд Аравиясы, Бутан, Бруней, Парсы шығанағының көптеген монархияларды).

Әскери-авторитарлық режим – саяси билік әскери элита қолында шоғырланады немесе әскерилер режимнің негізгі сүйенері болып саналады. Мемлекеттің азаматтық билік органдарын таратумен, шенеуніктік-бюрократтық аппаратты сақтаумен, мемлекеттік аппаратты жиі түрде тазалаумен, көпшілік жалпы халыққа мұң шағу, халықтық батырлар тарихымен (Латын Америка елдеріне тән, мысалға, Чилидегі Пиночет режимі) сипатталады.

Әскери-бюрократтық режим – режимнің негізгі күші ретінде қоғамның барлық саласына араласатын әскер мен бюрократтық аппарат алға шығады. Әскер мемлекеттік аппараттың бір бөлігі болып саналады. Режимге түрлі экономикалық элита арасында жалтару қасиеті тән (Франциядағы Луи Бонапарт режимі, 1926-1974 жж. Португалия).

Жарысушы олигархия – пассивті әлеуметтік база негізінде құралады. Аралық режим. Өтпелі мазмұнға ие. Демократиялық фасадты сақтауға тән: Парламент, партия, сайлау. Бірақ саяси үдерістен көпшілік халықты шектейді, түрлі ценздің болуы. Өзара бәсеке экономикалық элиталардың кескінін береді (Англия 1688-1832 жж., Колумбия)

Сонымен бірге саяси режим мемлекеттік басқару құрылымының нысаны мен

оны жасаудың әдісін толыққанды анықтамайтынын атап кетуге тиіспіз. Соңғысы, ең алдымен, осы құрылымдардың шынайы қызметіне, билік органдары жұмысының жариялылығына, билеуші топты таңдау жұмысына, саяси партиялар қызметіне, түрлі әлеуметтік топтардың іс-жүзіндегі рөліне, заңдылық деңгейіне, қоғамда қалыптасқан саяси мәдениет ерекшелігі мен саяси дәстүрге байланысты.

Бақылау сұрақтары:

1. Мемлекеттің әлеуметтік негізі не?

2. Саяси режимдерді топтаудың түрлі белгілері.

3. Өкілетті демократияның негізгі қағидаттары.

4. Демократиялық саяси режимдердің түрлері.

5. Тоталитарлық саяси режимнің түрлері.

2.3. Мемлекеттің қоғамдық қызметінің мәні

Мемлекет – адамдардың өмір сүруінде анықтағыштық қызмет атқаратын маңызды саяси-құқықтық құбылыс. Онымен іс жүзінде адамзат өркениетінің қалыптасуы мен дамуы байланысты. Мемлекеттің қоғамдық қызметінің мәні, ресми түрде болса да барлық азаматтардың жалпы еркіндігін бейнелей отырып, жалпы қоғамның мақсатты ойлауына, ұйымдасуына және реттеліп отыруына ықпал етуінде.

Сол себептен мемлекеттің қоғамдық қызметті жүзеге асырудағы деңгейін анықтайтын екі аспектіні атауға болады:

- біріншісі – азаматтардың жалпы мұқтаждықтарын, қызығушылықтарын, мақсаттары мен еркіндігін мемлекеттің қаншалықты іске асыратыны;

- екіншісі мемлекеттің іс жүзінде қоғамдық үдерістерді қалай басқаратыны және қоғамдық дамуды қалай қамтамасыз ететіні.

«Саясаттану негіздері» кітабында мемлекет қоғамның әмбебап ұйымы ретінде барлық азаматтардың қызығушылығындағы қоғам өмірінің алуан түрлі салаларын басқара отырып, қоғамдық маңызды істерді шешеді делінген. Тап осы мағынада мемлекеттің тек жалпыға ортақ игілік үшін және тек қоғамның қызығушылығы үшін ғана пайдаланылатын мүмкіндіктері мен өкілеттігі бар.

Мемлекет бір уақытта қоғамның әлеуметтік-саяси төрешісі қызметін де атқарады. Бұл ұйымның ерекше сипаттарының бірі. Мемлекет-төрешінің қызметі қоғамның асимметриялық құрылымымен байланысты. Яғни, әр түрлі топтар мен жекелеген тұлғалардың бірыңғай бола бермейтін өзіндік қызығушылықтары болады. Осы тұста тұлғалар мен топтарға жалпыға ортақ құндылықтарды: байлық, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру және т.б. бөлудің ортақ ережесін қалыптастыратын төрешінің қажеттілігі пайда болады. Төреші іске араласу құқығы бойынша осы бөліністі бақылайды және барлық қоғам қызығушылығына сай, әлеуметтік әділдік пен тұрақтылықты ескере отырып дәлдеп түзетеді. Мемлекеттің әлеуметтік-саяси төрелігінің ерекшелігі, төреліктің барлық қоғам атынан бақылау түрінде және сол қоғамның өз қызығушылығына сай жүргізілуінде. Осы мағынасында мемлекет әлеуметтік бейтарап институт болып табылады және кез-келген ықпалға қарсы тұрып, өзіне жасалған әрекеттерді бейтараптандырады. Әлеуметтік-саяси төрелік жасай отырып мемлекет біреулерге кепілдік (жәрдемақы, зейнетақы) берсе, екінші біреулер үшін шектеу (мысалы, Египет, Жапония және т.б. елдердегідей жер иеленуге шек қою) қояды.

Мемлекет таластарды (ұлттық, таптық, діни және т.б.) шешуде де төрелік жасайды, әлеуметтік жүйенің негізін сақтап қалатын келісім түрлерін іздейді. Төрелік векторы нақты және құбылмалы жағдайларға байланысты.

Сонымен, мемлекет өзінің қоғамдық қызметін жүзеге асыруда қысым көрсетуге заңды құқықты қолданады. Бұл қылмыстық жаза қолдану, әкімшілік, мүліктік және басқа да жазалау шараларында көрініс табады. Қарсыласушы күшпен шиеленісті күрес орын алған төтенше жағдайларда төреші мемлекет ерекше түрдегі шешім қабылдайды: төтенше жағдайлар енгізеді, егерде мемлекеттің тұрақтылығына нұқсан келтірілетіндей жағдай қалыптасса, нақты партиялар мен бірлестіктердің жұмысы тоқтатылып, демонстрацияларға, митингтерге және т.б. шек қойылады. Заңды қысым барлық қоғам атынан заңнамада белгіленген ережелерді бұзған тұлғалар мен топтарға қолданылады.

Қоғамдық дамудың маңызды мәселелерін шешудегі қоғамдық істерді басқаратын қоғамдық рөл, ақырында жеке тұлғалардың, элитаның, әлеуметтік топтардың жалпы алған барлық қоғам қызығушылығын қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік қызмет арқылы жүзеге асырылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет