Мемлекеттің пайда бола бастағанына мың, жазуға мың жылдай уақыт өткен болса, содан бері мемлекеттің түрлі нысандары қалыптасып, олар біртіндеп даму жолынан өтті



бет64/91
Дата13.12.2021
өлшемі4,4 Mb.
#125610
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   91
Байланысты:
Мырзагелді Кемел. Мемлекеттік басқарудың теориясы мен тәжірибесі. Алматы. Экономика. 2014. 348 бет.

Мемлекеттік қызметті реформалау мынандай салаларды қамтиды:

- еңбек ақы жүйесі мен мемлекеттік қызметшілерді ынталандыру (соның ішінде материалдық ынталандыру, яғни жеке өмірді жұмыспен үйлестіру мүмкіндігі);

- оқыту жүйесі, мамандарды дамыту мен кәсіптілікті арттыру;

- жұмысшыларды таңдау мен жалдау әдісі;

- аттестациялау нысаны мен міндеттерді орындау бағасы;

- зейнеткерлік саясат;

- әйелдер үшін тең мүмкіндік саясаты;

- жоғары басшылық қызметін қалыптастыру.

Егер мемлекеттік қызметшінің дәстүрлі мәртебелі жағдайы кепілді жұмысбастылыққа, нақты қызмет орнына, толық жұмыс күніне, бірдей қызметті иемденетін жұмысшылардың бірдей жалақысына, мемлекеттік және жеке саладағы жұмыс әдістерінің нақты шектелуіне және т.б. негізделген болса, ал енді мемлекеттік қызметшілердің едәуір бөлігі қысқа мерзімді келісімшарт жүйесі бойынша еңбек етеді, белгілі бір қызмет түрін немесе толық жұмыс күнін иемдену кепілдемесі болмайды (демек, мансапты жүйемен қатар жалдау жүйесі де қоса пайдаланылады).

Заманауи талаптарға сәйкес шенеуніктердің қызметін кодтау, сондай-ақ олардың құқықтары мен қызмет әрекетін анықтау бойынша жұмыстары жүргізілуде. Ұзақ мерзімді мансапты қызметті сақтау барысында мемлекеттік қызметкердің тік және көлденең жылжымалылығына үлкен мән беріле бастады. Мамандарды дайындау жүйесінде болатын өзгерістер көбіне оқу үдерістерінің әкімшілік реформалар міндеттерімен тығыз байланысына көзделген. Оқыту әкімшілік жүйеге инновацияны енгізудегі басты құрал бола отырып, ұйымдасқан мәдениеттің өзгеруіне (яғни, жалпы құндылықтар мен нормалардың жиынтығы) және шенеуніктердің менталитетіне ықпал етуі тиіс. Мысалы, Канада Үкіметінің мемлекеттік қызметті реформалауға қатысты жоспарының 10 пайызы заң саласына байланысты өзгертулерден, 20 пайызы органдардың құрылымы мен қызметіндегі өзгертулерден және 70 пайызы мәдениет, еңбектер мен ахуалдардың өзара қарым-қатынастары, яғни мемлекеттік мекемелерде мәдени деп саналатындардың барлығындағы өзгертулерден тұрады.



5. Мемлекеттік ұйымдардың мониторингтік қызмет әрекетін жақсартуресуртстарды үнемдеу қағидаттарына сәйкес олардың қызмет нәтижелерін, өнімділігін және саяси тиімділігін бағалау мүмкіндігін арттыру. Егер жеке салада басқарудың тиімділігі табыстың түсуі немесе оның болмауымен өлшенсе, ал мемлекеттік басқаруда – азаматтардың қолдауы немесе қолдаудың болмауымен өлшенеді. Әдетте, жыл сайын әкімшілік реформаның қорытындылары бойынша Үкіметке және Парламентке жалпы немесе жеке салалар бойынша есеп дайындалады. Мемлекеттік аппарат жұмысының тиімділігін бағалау негізінен мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасы туралы қалыптасқан қоғамдық пікірді зерделеу, сонымен қатар, орындалған бағдарламалардың қорытындысын арнайы зерттеу ұйымдары жүргізген зерттеу жұмыстары арқылы және т.б жолдармен жүргізіліп отырады.

6. Мемлекеттік қаржы және бюджетті басқаруды жетілдіру. Орын алған әрбір бюрократтық ұйымның мемлекеттік бюджетті қалыптастыру кезіндегі молырақ қаражат табуға ұмтылуын, мемлекеттік ресурстарды үнемдеуге және оларды мемлекеттік ұйымдар мен мекемелердің қызметінің тиімділігі мен өнімділігі тарапынан жоғарылатуға деген ұмтылыспен алмастыру керек.

7. Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу. Егер бастапқы кезеңдерде мемлекеттік басқару органдарын ақпараттық және компьютерлік техникамен қамтамасыз ету міндеттері шешілген болса, ал қазіргі уақытта ерекше назар ұйымдастыру құрылымдары және мемлекеттік аппарат жұмысын жетілдіру үдерісімен байланысты инвестициядан ақпараттық технологияға берілетін табыстың жоғарылауына аударылып отыр (мемлекеттік органдарды халықпен байланыстырушы және азаматтардың ақпараттық банк мәліметтеріне қол жетімділігін жеңілдету сияқты т.б. ақпараттық жүйелердің дамуы).

Қазіргі қазақстандық талаптарға сәйкес «жаңа мемлекеттік менеджмент» әдісін артық бағалауға болмайтынын ескеру қажет, себебі, «жеке сала мемлекеттік мекемелерге қарағанда жұмысты жақсы істейді» деген тезисті тіпті, Батыстың өзінде әрдайым қабылдай бермейді. Біздің республикамызға келсек, мұнда коммерциялық сала әлі әлсізірек, қылмысқа бейім, көптеген жеке кәсіпорындардың жұмыс тиімділігі әлі төмен. Дегенмен де мемлекет шағын және орта кәсіпкерліктің дамуына қолдан келер көмекті аяп жатқан жоқ, сол себепті болашақта жеке сала қызметінің артатыны соншалық, мемлекеттік органдардың өзі алдағы уақытта кейбір өзінің қызмет түрлерін жеке салаға беріп, әрекеттері мен қабылдайтын шешімдері бойынша жеке салаға бейімделу үшін талпынатын болады.

Сондай-ақ, «электронды үкіметті» енгізуге байланысты жұмыстарды да айта кету керек. «Электронды үкіметті» енгізілгеннен кейін бірыңғай электронды терезе арқылы халық мемлекеттік органдар қызметін еркін тұтына алады, сонымен бірге мемлекеттік веб-сайттардан ақпараттар алу құқығына да ие болады. Бюрократтықтың нәтижесінде кететін алтын уақыт пен қаржыны жоғалта отырып, қағазбастылық әурешілікке түсу қажеттілігін, ұзақ уақыт кезекке тұру, қабылдауды күту, әрдайым бір нәрсеге нандыру немесе реттеу сияқты іс-әрекеттерге бойы үйренген адамдарға шын мәнінде өзгеше, мұндай мүмкіндікті көзге елестету өте қиын. Электронды басқару жүйесінде негізінде адамдар да, қағаздар да жүгірмейді, онда берілген желіде қарқынды жылдамдықпен ашық ақпарат қана жүгіреді. Осы орайда, еліміздің аумақтық ауқымын ескерер болсақ, онда барлық ресурстардағы орасан зор үнемділіктің жағдайы түсінікті болады. Электронды басқарудың алаламайтын бұл бағдарламасы мемлекеттік аппараттың қызмет көрсетуге бағытталған жұмысын ашық, нақты және қол жетімді етуге негізделген. Өзінің жыл сайынғы Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «электронды үкімет» жүйесін енгізуді жеделдету қажеттілігіне кездейсоқ назар аударған жоқ, «электронды үкімет» жүйесін жүзеге асыру мемлекет басшысының айтуынша, мемлекеттік органдардың қызмет тиімділігін жоғарылатады, сыбайлас жемқорлықтың, сонымен қатар әкімшілік тосқауылдардың төмендеуіне алып келеді.

Е-үкіметтің байқалатын пайдалы жақтары басқарудың тік және көлденең құрылымының барлық деңгейінде қадағаланып отырады. Ол үкіметтің жұмыс тиімділігі мониторингін жеңілдетіп қана қоймай, бүгінгі таңда біз үшін өзекті міндеттердің бірі болып табылатын қаржы менеджментін айқын ете түседі, қызметкерлерді басқаруды жақсартады, жекелеген бағдарламаларды басқару мен мемлекеттік жүйедегі көрсетілетін барлық ішкі қызметке байланысты үдерістерді жеңілдетеді.

Мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру мемлекеттік органдардың қызметін жоспарлау мен бағалауды қайта қарауды талап етеді. Мұнда ең алдымен бюрократтық кертартпа рәсімдеріне негізделген өндірістердің ресурсты тиімді пайдалану арқылы нақты нәтижелерге жетуі жайында айтылып отыр. Бұл мәселе тек Қазақстан алдында тұрған мәселе ғана емес, сондай-ақ басқа да мемлекеттердің алдында тұрған мәселе. Мұндағы басты мәселе мемлекеттердің қай сатыда тұрғандығын да байланысты.



Әлемнің жетекші мемлекеттерінің мемлекеттік басқару мен мемлекеттің қызметін жетілдіруге байланысты дайындалған бағдарламаларға жасалған талдау, бағдарламалардың негізіне мынадай қағидаттар енгендігін көрсетіп отыр:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет