Менің отбасымда адам бар. Олар: әкем, анам, атам,сіңлім,інім және мен



бет8/14
Дата15.09.2017
өлшемі1,52 Mb.
#33125
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14

9. Күзгі суретші

Қыс ,Жаз, Көктем және Күз кездесті. Кездесті де тәжікелесті: кім суретті жақсы салады?

Өз суретін бірінші Күз сала бастады. Ең әдемі бояуларды алып, Күз орманға кетті. Барлық ағаштар мен бұталарды күздік бояуға – біреуін сары ,біреуін қып –қызыл түске келтіреді.

Қайың мен жөкенің жапырақтарын Күз лимон сияқты сарымен бояды . Ырғай мен үйеңкінің жапырақтарын піскен алмадай қызартты. Тек қарағай мен шыршаларды қалай бояйтынын білмеді.Қарағай мен шыршаның бұтақтарында жапырақтар емес, инелер бар . Инелерді қалай бояйсың? Жазда қалай болады, солай қалсын.

Міне,осылай қарағайлар мен шыршалар жаздағыдай жасыл болып қалады. Бірақ орман одан да жарқырап, әдемілеу болады.

Сөздік:


шырша-ель

Қайың-береза қарағай-сосна

Ырғай –бузина черная ине-иголка

Жөке-липа

Үйеңкі-клен

Мәтін бойынша тапсырмалар:



  1. Күзде табиғатта қандай өзгерістер болады? Кластер құрастырыңдар.

Күзде жапырақтар сарғаяды.

2.Мәтінді оқып, мына сұрақтарға жауап беріңдер:

а .Кімдер кездесті?

б .Олар не туралы тежікелесті?

ә .Бірінші суретті қай жыл мезгілін сала бастады?

в .Қандай ағаштар боялмай қалды?

3 .Мәтіннен септік жалғаулы сөздерді теріп, септіктерін анықтаңдар. Мысалы: шырша –ның (І-с).

4. Мына мақалдарды аудар:

а .Один день осени кормит тысячу дней зимы.

б .Арпа егіп,бидай орамын деме.

в .Ексең егін, ішерсің тегін.

г .Күз дәнімен көрікті,

Қыс қарымен көрікті.

5. Мына сөздердердің орнын ауыстырып, сөйлем құрастырыңдар.

а .Өте,салқын,кеше,болды.

б .Қандай бүгін,ауа райы.

ә .Ертең ,болады, күн ,тамаша.

в .Соқты, жел, кеше, қатты.

5.Бұл қай кезде болады? (әңгімеле)



6.Көкөністер мен жемістерді ажыратып,қазақша ата.



1






7 Жұмбақтап сөйлеу ойыны.

Бірінші бала: Екінші бала:

Өзі шар сияқты, Ол біздің жақта өспейді,

сырты қатты, дәмі балдай. ол адамдарға пайдалы,

Ол не? оның аты ..... .

Суды жақсы көреді.

Бірінші бала: Ол не?

Оның сырты жасыл, іші қызыл,

онда витамин көп,

ол ыстықты жақсы көреді.

Ол не?


Бірінші бала: Екінші бала:

Ол саяжайда өседі, Ол сопақ болады,

оның түрі көк, оның түрі жасыл,

онымен салат жасайды. күзде оны тұздайды.

Ол не? Ол не?

8 Оқушылар жемістің, құстың, жануардың атынан сипаттама береді, ал басқалары оларды анықтау керек.

Мысалы: -Мен ... .

-Тәттімін.

-Домалақпын.

-Мені бәрі жақсы көреді.

-Мен ағашта өсемін.

-Күзде қымбат емеспін.

-Мен кіммін? (Алмамын).

9 «Адам - табиғаттың қамқоршысы» тақырыбында эссе жазыңдар.



10. Бос уақыт

«Уақыт алтыннан да қымбат»

Біздің мектепте көптеген үйірмелер жұмыс істейді.Оқушылар өз қалауы бойынша бос уақыттарын осы үйірмелерде өткізеді. Мектепте «Шахматшылар»,»Көркемөнер»,»Математика әлемінде « т.б.үйірмелер бар.Мен Марат досыммен бірге «Математика әлемінде»атты үйірмеге қатысамын. Сенбі ,жексенбі күндері кітап оқимын .Мен бос уақытымды жай кетіргім келмейді,өйткені уақыт алтыннан да қымбат қой.Пайда әкелетін істі дұрыс ойластыру қажет. Егер өз уақытыңды үнемдей білсең ,мақсатыңа жетерсің.

Сөздік: үйірме-кружок

Қатысу- участвовать

Бос уақыт-свободное время

Қымбат-дорого.

Мәтін бойынша тапсырмалар:

1.Мәтінді оқып,мазмұнын айтыңдар.

2Уақыт деген сөзді қалай түсінесіңдер? Әңгімелесу.


  1. Мына сұрақтарға жауап дайындаңдар:

а .Сен бос уақытыңды қалай өткізесің?

б .Уақыт алтыннан да қымбат дегенді қалай түсінесің?

2.Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып,бірнеше сөйлем құраңдар.

МЕН ......сыныпта оқимын.

......қатысамын.

......үнемдеймін.



  1. Кестедегі сөздерді қазақша жаз.

Время

век

год

месяц

неделя

день

Свободное время

4.Мына сөздерге жұрнақтар жалғау арқылы туынды сөздер жасап жазыңдар.

Үлгі: біл біл+гіш білгіш

Сөз,оқу,апта,мектеп,кеш,жүз,ай.

5.Мына мақалдарды қазақшаға аудар:

а .Фрукты хороши в свое время.

ә.Деньги пропали –наживешь,время пропало-не вернешь.

б.Что хорошо для вторника не всегда можно использовать в среду.

в .Время дороже золота.



6.Мына сөздерді септе: Уақыт,күн, дәуір.

7.Суреттерге сүйене отырып, «Менің бос уақытым»тақырыбында сұхбат дайында.

11.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет