Менің отбасымда адам бар. Олар: әкем, анам, атам,сіңлім,інім және мен



бет6/14
Дата15.09.2017
өлшемі1,52 Mb.
#33125
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
. Астана қаласы

. Астана өн бойына халықтың күші мен қайратын жинап, тәуелсіз Қазақстанның мақтанышына айналған Елордасы. Қала күні жыл сайын 6 шілдеде атап өтіледі. Астана белсенді дамып жатқан қоғамның сөресіне айналды. Қаланы Есіл өзені бөліп жатыр. Онда баяу қозалыспен катерлер жүзеді. Осыдан 70 метр және одан да зәулім үйлер көп. біраз жылдар бұрын ғана мұнда саусақпен санарлықтай он қабатты үйлер болған .

Жыл өткен сайын Астана қызмет көрсету саласы дамыған ірі мегапоислке айналып келеді. Жүздеген кафелер мен мейрамханалар, дүкендер, көңіл көтеру ошақтары мен сауда үйлері ашылды.



Бүгінгі Астана – жедел қарқынмен дамып жатқан заманауи қала. Сәулет өнеріне келсек, еуропалық және шығыстық үлгілердің жағымды дәстүрлері байқалады. Айналдырған бірнеше жылдың ішінде қаланың халқы үш есеге артты. Аз уақытта қаланың бет-бейнесі де айтарлықтай өзгерді.

Зәулім үйлер




Бәйтерек

Ақ Орда

Сөздік:

Елорда-столица, центр страны



Ұсыныс –предложение

Зәулім-высотный

Көңіл –настроение

Халық-народ

Күш-сила

Шешім-решение

Мәтін бойынша тапсырмалар:

1.Мәтінді оқып, аударыңыздар.

2.Сұрақтарға жауап дайындаңыздар:

А.Астана қаласы қай мемлекеттің Елордасы?

Ә.Астана қаласы қай жылы құрылды?

Б.Астана күні қай күні аталып өтеді?

В.Бұл қалада нелер бар?

Г.Астана қаласында қандай өзен ағады?

3.Мына сөздерді сөз таптары бойыша кестеге орналастырыңдар.

Қала, зәулім, көшті.өзен, 1997,тез.



Сын есім

Зат есім

Сан есім

Үстеу

Етістік
















7. Қазақстан жері

Қазақстанның жер бедері алуан түрлі . Онда жазықтар, биіктігі орташа және биік таулы аудандар кездеседі . Ойпатты жерлеріне жататындар: Каспий маңы ойпаты, Батыс Сібір жазығы . Жазық жерлер еліміздің көп бөлігін алып жатыр . Көтеріңкі биік жерлерінде қыраттар мен үстіртер:



Бетпақ Дала, Жалпы Сырт орналасқан . Ұлан –байтақ жеріміздің 40 пайызы – өзен , көл, теңіз, ал 10 пайызы таулы жер . Еліміздің жер көлемінің үлкендігі, бедерінің алуан түрлілігі Қазақстан жерінің ерекшелігі .

Сөздік:


Бедер-рельеф

Алуан- множество

Ұлан –байтақ –обширная

Жазық –равнина

Қырат –возвышенность

Ойпат -низменность

Мәтін бойынша тапсырмалар:

1.Мәтіннің қысқаша мазмұнын айтыңыздар.

2. Мәтінді оқу; не түсінгендеріңді тірек сызба бойынша айтыңдар .

ҚР жері

Ойпаттар Жазықтар Қыраттар

Каспий Батыс Сібір жазығы Бетпақ Дала

Маңы ойпаты Жалпы Сырт

3.Мақалды дұрыс құрастыр.

а. Отансыз,ормансыз,адам,бұлбұл.

ә.Бесік,ел,,алтын,іші.

б.Оттан да, Отан, ыстық.

в.-Жұмақ,өз ,әркімнің, ,жері.

4.Өткен шақта тұрған етістіктерді келер шаққа қойып жазыңдар:

Бардым, жаздым,оқыдым,тудым, өстім, тамашаладым, жүгірдім, алдым.

Мысалы: Бардым-барамын.

5. Берілген сұрақтарға жауап дайында:

а .Қазақстан жері қандай жер?

б.Қазақстан жері немен ерекшеленеді?

в .Еліміздің оңтүстігінде нелер өседі?

г .Қазақстан қандай мемлекет?

6.Бос орынды толтырыңдар.

Менің туған жерім Біздің

Сенің Сендердің

Сіздің Сіздердің

Оның Олардың

6 . «Кең-байтақ жерім-Қазақстаным» тақырыбында эссе жазыңдар.

8. Ұлттық ойындар

Қазақ халқының тұрмысы,салт-дәстүрі,ойындары көбінесе төрт түлік малмен байланысты болды. Олар ойынға мал сүйегін, қой құмалағын пайдаланған . Мысалы,мынадай ұлттық ойын түрлері бар: «Асық», «Ақсүйек», «Тобық», «Ханталапай», «Тоғызқұмалақ», «Көкпар», «Қыз қуу», «Бәйге», «Күрес».

Ойын адамның жылдамдылығын, шапшаңдығын ,логикалық ойлау қабілеттерін дамытады. Қазіргі таңда мектеп оқушылары арасында «Тоғызқұмалақ» ойыны сайыс түрінде өтіп тұрады. Қазақ халқының ұлттық ойындарында философиялық мағына жатыр.

Сөздік:


Тұрмыс-быт

Мал сүйегі-кость животного

Асық-альчик

Жылдамдылық-быстрота

Шапшаңдық-ловкость

Философиялық мағына-философский смысл

1.Ұлттық ойындарды ассоциация арқылы көрсет.

Ұлттық ойындар

2.Сұхбатты толықтыр:

-Сен төрт түлік малды білесің бе?

-Иә, ...... .

-Атап шықшы.

-Олар: ...., ..,.....,...,....,.... .

-Ежелде қазақ халқы немен айналысқан?

-Ежелде қазақ халқы........ айналысқан .

-Қазақ халқының қандай ұлттық ойындарын білесің?

-Мен «Ханталапай»,.......,........ білемін.

-Ұлттық ойындар көбінесе неге байланысты болды?

-Ұлттық ойындар көбінесе............ байланысты болған.

3 . Тест сұрақтарына жауап беріңдер:

1Ұлттық ойынның атауын тап.

а .ханталапай

ә .шаңғы тебу

б .шанамен сырғанау

2.Етістік қандай сұраққа жауап береді?

а .кім? не?

ә .неше? қанша?

б .не істеді? не қылды?

3.Етістіктің неше шағы бар?

а .2


ә .5

б . 3


4. «Қыз қуу» қай халықтың ұлттық ойыны?

а .татар

ә . орыс

б . қазақ

5.Өткен шақта тұрған етістікті тап.

а .сату


б .сатушы

ә.сатты


6.Еңбек деген сөздің синонимін тап.

а .жұмыс


ә .мамандық

б .қызмет

7.Күрделі сан есімді көрсет.

а .оныншы

ә .он

б .он бір



8. Қойдың төлі.

а .құлын


ә .қозы

б .бота


9.Ойын сөзінің аудармасын тап.

а .танец


ә .игра

б .вязание

10.Жіктік жалғауының үш жағы бар. Дұрыс па?

а .иә


ә . жоқ

4.Мына сөздерді қазақшаға аудар.

Игра-

Народная-



Воспитывает-

Ловкость-

Логическое мышление

5. Шағын әңгіме құраңдар.



Каталог: uploads -> doc -> 09cc
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
09cc -> Бағдарламасы Оқу орыс тілінде жүретін жалпы білім беретін мектептердің 4-сыныбына арналған Павлодар, 2008


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет