Шілдехана.Бала туса, к‰зетер шылдаќана, Олар да µлењ айтар шулап жања (Абай, 117); Сєрсенбай зор ќуанышта болып, Шілдеханаѓа ќанша ќыз-бозбала жиып, ойын ойнап, ќыз бала демей, кµл басына шаќырып той ќылып, баланыњ есімін Жамал ќойып еді (Міржақып Дулат, 131); «Б‰гін шілдехана к‰зетеміз деген, ќатын–ќалаш, ќыз-ќырќын ауылды басып жатќан соњ, т‰тін салып шай ќайната бастады (Шєкєрім, 536); Шілдехана беруге ќол кµтертпей, Тана, моншаќ саудырап текке ќалды (М-Ж., 32); Той, жиын, шілдехана болса ќайда, Сайрайтын болдым енді даусым сенбей (С. Тастанбекќызы, 431); Шілдехана– «Баланы қырқынан шығару, соған ырым етіп, дастархан жаю, парсы жұртында бар ғұрыппен ұштасқан. Бұл ғұрып көне заостр нанымы белгілеген қағидалар негізінде қалыптасқан. Заостр босанған әйелді баласымен қырық күн оңаша үйде ұстап тазартуды ұйғарған (Р. Әміров, 82). Осы қырық күн өткен соң, босанған әйел, жаңа туған бала қауымға қосылуға тиіс. Ит көйлек, баланың шашын алу, тырнағын алу сияқты қырқынан шығарғанда жасалатын ырымдар осыны танытады» (Р. Әміров. Фольклордағы кейбір персонаждар және олардың аттары // Қазақстан мектебі, № 12. 1973. 82 б; // История религий и тайных религиозных обществ древнего и нового мира, т. Персия, СПБ, 1870, стр. 301). І. Кеңесбаев: қырғызда ертеде қырқынан шыққан балаға анасы өз қолымен жаңадан көйлек кигізу ырымы болған; осыны қырғыз тілінде «қырық көйнек» деп атайды. Сол «қырық көйнек» кигізерде қырық балаға «қырық челпек» беретін дәстүр болды. [Қырқына келген балаға той жасап, кейуана кісі баланың үстіне «қырық қасық» су құю ырымы қазақта да болды] [221, б.12]. Т. Арынов пен Ш. Дәулетқұлов: Нәресте дүниеге келген күннен бастап, қырқынан шыққанша (ұл баланы 40 күннен соң, қыз баланы 37 күннен соң қырқынан шығара беретін болған) «шілдехана тойы» жасалады. Шілде (чиллә) парсыша – қырық дегенді білдіретін сөз – дейді. «Жарысқазанның (әйел толғағы басталғандағы ырым) арты іле-шала не сол күні түнде, не ертеңінде кеште шілдеханамен жалғасады» (Семей таңы газеті. 1991 жыл); Бұл тойға үлкендер қатыспайды. Мұны шілде күзет деп атаған. Қалжаға сойылған малдың сорпасына босанған ана әбден қанып ішіп, етін жеп, бойындағы шілде терін шығарып отырған. Сол 40 күн бойында желге тимей, күтінген (Ана тілі. 1990. № 36). Шілде тер парсының шілде «қырық» сөзімен тығыз байланысты, демек, іштегі (шілде) ыстық шығару деген ұғыммен астасқан. «Қырық күн шілде – сорок жарких дней» (Г.Д. Ажибекова. Лексические плеоназмы в современном Казахском языке, 1983: 9). Тоқсандағы шалдардың, Қырық күн шілде болғанда, Төсектен басын көтермей, Төбесі жидіп таз болды (М-Ж., 181). Аңыз бойынша, Көрұғлы өлі анасының кеудесін қырық күн сорып күн көрген. Ал қырық бірінші күні ғайып ерен, қырық шілтен ана сүтін емізбей қойған) [216, б.125]. Чілде күзет - туған жас баланы екі-үш күн күзететін әдеті [227, б.82]. «Қазақ қырық күн шілде» - деп жаздың нағыз аспан айналып жерге түсер ыстығын айтады (С. Кеңесбаев, 1946:12). Шілде зат. Жаздың өте ыссы: июнь, июль, август айлары. Шілдехана зат. Жас сәби туған күні таң атқанша ұйықтамай күзету, ойын-сауық жасау әдеті (ҚТТС II том. 511 б.); Шілдехана – (п) шлехане (челлехане). Сиб. тат. шилде, челдэ - екі қабат болу, малдың да буаздануы (шілеп жатыр – А.Қ.) (Будагов, 1871: 400). Шілда – сорокъ самыхъ жаркихъ дней лта (Радлов, 1911: 1079). Шілде (1). Жаздың тамылжыған ыстық айлары (АТС, 712 б.).