Қына және менде екі түбірдің бірігуінен жасалған сөз. Қына – араб сөзі. Қына а. хенна хна – красноватая краска, добываемая из листьев хны, которой красят волосы и оконечности пальцев (Рүстем., 1989: 174). Қына жусан араласқан, бетегелі жерде де өсе береді. Бала кезімізде талай теріп алып, әкей тері тон, тері шалбарды қызыл сары түсек бояғанын көрдік. Ертеде қынамен түрлі тері киімдерді бояған. Қына тастың бетіне де шығады.
Р. Сыздықова Қырғыз тілінің оңтүстік говорларында қына деген сөздің бір мағынасы аттың құйрығына таққан (өрген) әшекейді білдіреді. Ал Бұхар жырауда кездесетін:
Он саусағы қыналы,
Омырауы жұпарлы, -
– дегендегі қына сөзі бұдан басқарақ. Бұл сірә, қынай бел, қынау (киімді қынап тігу) сөздерімен түбірлес сөз болуы керек. Мағынасы «жіңішке, салалы» дегенге саяды. Қазақ тіліндегі қынай бел «жіңішке талма бел, құмырсқа бел» деген мағынаны білдіретін фразеологизм (Кеңесбаев, 374). Сол сияқты қыналы саусақ та «жіңішке, тартқан сымдай» саусақ болуы әбден ықтимал. Бұл тіркес қыналы бармақ түрінде де келеді. Мысалы, жырларда:
Қыналы бармақ, жез тырнақ
Ақ бетіне салады.
Немесе:
Қыналы бармақ, жез тырнақ
Күнінде қанға бояйын.
Қыналы бармақ, жез тырнақ деген тұтас фраза көбінесе өлген адамды жоқтау салты үстінде әйелдің өз бетін өзі тырнап қанату ритуалына байланысты айтылады – дейді (Р. Сыздық., 1980: 92). Жыраулар тіліндегі он саусағы қыналы, қыналы бармақ тіркестерінің осы – біз зерттеп отырған мәселеге тікелей байланысты сияқты.
Достарыңызбен бөлісу: |