Қынаменде ләззәт алатын (сексуалды) ойынның бір түрі. Мұнан шығатын қорытынды: пәктікке тезірек ұмтылу. Ләззәтті сәтті аңсау. Менде сөзі қытайдың ман-дао сөзінен шыққан деген пікір де бар. Демек, қынаменде сөзі қыздың қыздығымен тығыз байланысы бар сөз. Қына (қанамен байланысты болуы мүмкін) пәктіктің символы жігітке мен пәкпін (тырнағын қызылмен бояғаны) саған соны алғашқы түні сыйладым деген терең мағынасы болса керек. Беті ашылған қыз қынаменде кешін жасамаса керек.
Түйін. Қынаменде кеші – қыздың алғашқы түнгі жатар мезгілдегі дайындығы (орны, ләззат ойыны). Екінші сөзбен айтқанда, `абыройын аймандай` ету. Қынаменде > ұмаймен де тығыз байланысты болуы мүмкін. Сау ұрпақтың дүниеге келуіне апыл-ғұпыл асығыстың қатерлі екенін ата-баба білген. Қынаменде сексуальды тәрбиенің бір түрі болған. Түріктің төл сөзі. Осы ойынмен мағыналас қыз ойнақ. Жастардың бір-бірімен жақын танысуының ортасы болған.
Қыз ойнақ. Мереке кезінде ойналатын жастар ойыны. Бойжеткен қыздар жақсы киімдерін киіп, мерекелеуге далаға шығады. Әр бойжеткеннің қолында мықты таяқ болады. Далаға келген соң қыздар ұсақ-ұсақ топқа бөлініп кетеді. Алыстан топ көрінеді, олар да жақсы киімдерін киген рудың жігіттері болады. Жігіттер қыздарды көріп, аттарынан түсе қалып, қыздарға қарай жүгіреді. Қыздардың тобына кірген жігіттер қыздардың емшегін мытып, әр-жер, бұ-жерін ұстап көрулері керек. Қыздар барынша қарсылық көрсетіп, таяқпен қатты ұрады. Жігіттердің бастары жарылып, қолдары шығады, не сынады. Бірақ, жігіттердің алған мақсаттары бар, намысқа тырысады. Жігіттер бұл ойында қатты жарақат алып, өліп те кетуі мүмкін. Ол жағдайда «Қыз құны» төленбейді. «Қыз құны» – деген осы [231, б.190-191].
Түйін. Ойнас лексикасы да о баста осы ойынмен төркіндес болған болуы керек. Мысалы: Ойнас қылғанды қара есекке теріс мінгізіп, мойнына құрым киіз ілдіріп, ауыл айналдырып болған соң мойнынан арқан тағып, қырық қысырақтың құйрығына байлап, қоя береді екен (М-Ж. 9 т. 293 б.). Ұлы сөзде ұяттық жоқ. Ойнас лексикасын секс сөзінің баламасы қылып алуға болатын сияқты. Мәшһүр-Жүсіпте «Қалыңдық ойнау» салты кездеседі. Бұл Айдақ, Бойдақ бір-біріне бұл мінездерден аулақ. «Қалыңдық ойнай» барғанда, бірінің орнында бірі қалыңдық ойнауға көнісіпті (М-Ж. 10 т. – Б. 108).
Көрімдік. Енді бір баласына қалың беріп, соның қалыңдығын көруге, келін көрімдігін алып барып отырғанда, бәйбіше кішкене қызалақ келінін шақырып алып, бетінен сүйіп:... (М-Ж. 9 т. – Б. 289).
Көрім а. [كريم кәрим: 1. щедрый, великодушный, благородный, милостивый, любезный; 2. дорогой, драгоценный] – 1. хороший, чудемный, прекрасный - деген мағына береді (Рүстемов, 142). كورومدوك көрімдік // كوردلك кöрÿмдÿкъ денгьи, даруемыя за смотрины новобрачной (она идеть къ мужу покрытая платкомь и родственники за смотрь вмсто денегъ дарятъ скотину, а потому они должны назвать ея масть: не называйте то пгую, то буланую, а опредленно обозначьте масть) (Будагов, 1871: 412). Көрімдік түбір мен қосымшалардан құралады (көр + ім + дік). Мінген атын, киген киімін, не болмаса жаңа келінге түскенде алатын көрімдік. C. Малов:. Көр -`видеть` узульер к-рте `сами они видели` Рсл., II, 1309 [232, б.69]. Көргенінен көзақы алу тіркесінің де қатысы болуы мүмкін. А. Кайдар: көзақы - оплата за погляд, позволяет отнести его к разряду исконных бытовых выражений – дейді [233, б.188]. Көрімдік > көзақы (сыйлық). Көрімдік пен байғазы мәні мен мазмұны мағыналас. Байғазы – подарок, данный ребенку на новое платье [205, б.1423].
Достарыңызбен бөлісу: |