Түйін. Сау түбір тұлғасынан сауға, сауғат пен сауын лексемалары пайда болған. Сауға (сау+ға+т) түбір мен қосымшадан тұрады. -т архайкалық жұрнақ. Сауын – бөлімін қараңыз. Сауғаның сүйіншіден айырмашылығы бар дедік. Сауға – аңнан қайтқан аңшыдан аш адамның тамақ сұрауынан келіп туған сияқты. Кейіннен мағынасы кеңейіп, адамды да басына төнген қатерден сұрап алуды да «сауға» деген. Сыралғы сұрау, сарқыт сұрау мағыналары әр түрлі болған. Сауғажан сауғалаған адамға сұралған. Сыралғы аңға қатысты айтылған. Сарқыттың мағыналық негізіне тотема белгісі әсер еткен: үлкеннің жасын берсін, тілегін берсін сияқты т.б.