Ереу. Қылмаңдар жанжал, талас бұған ереу, Түзу ағаш болады үйге тіреу (М-Ж., 62); Көші-қондыны еркектер біледі деп ереу жайылып жүр (Ғ. Мүсірепов) Е. Жанпейісов: «Кроме того, в казахском языке имеется слова ереу, смысл которого почти полностью соотносится со значением ереулі» – дейді [208, б.49]. Көне қолданыстағы ереу сөзі, Махамбеттің: Ереулі атқа ер салмай, Егеулі найза қолға алмай - деген өлең жолындағы ереулі сөзінің өрбуіне түрткі болған сияқты. Е. Жанпейісов ереу (ереу жайылып жүр) мен (ереулі ат) жалпы семантикасы бір екендігін айтады. Ерулік те ереу, ереуіл сµздерімен семантикасы жаѓынан `тыныштық, еркіндік, бостандық, бей-жайлық күй` µте жуыќ сµздер. Ереулі ат тіркесі `еркіндікте, бостандықта, бабында жүрген ат`. Сондықтан еру мен еруліктің семантикалық эволюциясы мына жағдайда жүрген сияқты: еру `беткей мен төскей жер, жоғарырақ қону, жоғары`>`орын-жай, көшіп қонған шүйгін жер, күзеу, жайлау, қыстау, қонаға, түстік` >`еркіндік, бостандық`; ерулік `орын - жай, бір жерден екінші жерге жайлап қону`, > `еркіндік, бостандық` > `ерулік беру, құрбандық шалу`. Барлық сөздердің түбірі ~ өрү гомогенімен байланысты [208, б.49-50]. Р.Г. Ахметьянов: Ср. Элеу в стихе Баяу жерде мал барбы? Элеу жерде Эл барбы? `Есть ли в широких пастбищах скот?` Есть ли в пределах видимости народ? др. –монг. bajudu, bajуldu `боевая позиция, боевое расположение по прибытии войск на новое место – деген мағынасын көрсетеді (Poucha 1956: 127) [214, б.95]. Ереу (ереулі ат), ереу (жанжал, талас) жалпы семантикасы бір сµз.
Достарыңызбен бөлісу: |