Түйін. М-Ж. Көпеев ќолданысындаѓы ереу: `б±лќыныс, едірењдеу, елењдеу, еліру` сияќты ±ѓымды береді. Ереулі ат тіркесі `б±лќынысты, жаугершілікке дайын`, `соѓыс аты`; Ереулі мен ереу т‰бірлес сµздер екені байқалады. Өр (өріс) > өру > еру > ерулік > ереу > ереулі. Өр > қозғалыс мұнымен де аяқталмайды, оның мәні тереңге тәңір мен ұмай жаққа кетеді.
Ерулі//Ереуіл. Кµш елдіњ кµштігі болса, ереуіл елдіњ ерулігі бар. Еншіміз болса, бµлісіп, ерулігіміз болса, беріп кетіњдер (М-Ж., 1907: 3); Екінші нұсқасы: Көшер елдің көштігі болса, еру елдің ерулігі бар. Еншіміз болса, бөліп, ерулігіміз болса, беріп кетіңдер! (М-Ж. 9 т. 127 б.). Пєленіњ алды ќайтќанда, Ереуіл тањдар атќанда (Ер Ќосай, 35);
Бұл жолдарда ереулі емес, ереуіл түрінде қолданылған. Бірақ ереуіл мен ереулі түбірлес сөздер екендігі байқалады. В. Радлов: äрÿl (еруіл)-трезвый, умренный в употребленіи напитковъ – дейді [205, б.774]. Л.З. Будагов: ايرول ерÿлъ (сродно съ монг. трезвый, отрезвившійся) – деп түсіндіреді [212, б.800]. Мына сөзді: ÿріÿле – дреметь (= дж. аургурмк, монг. ургулеу) – транскрипциясын жасаған, араб графикасынан аударған - А.Қ. [212, б.797]. 797). Академик Ә.Т. Қайдар: Ерулі ~ қарулы қос сөздері туралы жаза келіп: Эта степная традиция имела свой морально-этический смысл-взаимная помощь, сближение людей, которое могло потом перейти в близкородственные отношения – дейді [232, б.117].
Алдыңғы сөздің даму эволюциясын түсіну үшін, ереулі мен ерулі сөздерінің шығу тегіне көз жүгіртейік. Махамбеттің «Ерулі атқа ер салмай толғауы «Шаир яки қазақ ақындарының басты жырлары» атты кітапта (жиюшысы: Ғабдолла Мұштақ, Бөкейліктен, Орынбор.) тұңғыш рет «Исатайдың інісі Мұхаммед жыраудың сөзі» (35-бет) деген тақырыппен жарияланған. С. Аманжолов 1910 жыл дейді, ал Б. Аманшин 1910-1912 жылдар шамасы депті. Махамбет өлеңінің осы кітапта басылған нұсқасын келтірейік: Ерулі атқа ер салмай, Егеулі найза қолға алмай… Ерулі атқа – мінбей сақталған атқа – деп түсінік берілген. 1925 жылы Ташкентте араб әріпімен шыққан кітабында ереулі де (яғни – емле қатесі) әйтпесе өлеңнің екінші жолындағы егеулі деген сөзге ұйқасымы үшін қолдан өзгертілген (Қ. Мұхаметханов. Семсер жырға сергек қарайық // Қазақ әдебиеті. №19 (1897) 1985. С. Мұқанов: Ереулі ерттеулі ат. Бұрынғы жаугершілік заманда жолдастарының аты оққа ұшса, мінгестіріп алу үшін, басы артық ері болады екен, ереулі ат-осыдан шыққан сөз - дейді [242, б.211]. Қ. Жұмалиев: «Ереулі атқа ер салмай, – дегенде. Махамбеттің өзі-де атқа деп тұр емес пе? Онда – Ереуіл – запас т.б. ат емес, жауабын Махамбеттің өзі береді» десе [243, б.216]. Ә. Құрышжанов … ереулі деген бірінші сөзді талдау үшін ең әуелі қазақ тілінде түбірге -ы (-і) жұрнағы жалғану арқылы жасалған қазақы, базары, балдақы (базары пышақ балдақы), қалмақы, қытайы, тозақы, арамы т.б. сөздерді ескерген жөн. Ал енді тағы бір топ сөздер -ы (і) жұрнағының осындай тірі түбірге емес, өлі түбірге жалғанып, келе кірігіп кеткен: шайы (түбірі парсының шай деген сөзі) қырмызы (негізі парсының қырмызы деген сөзі), тірі (түбірі көне түркі тілдеріндегі тір деген сөз, бұл өзі сын есім ретінде жұмсалады), қары (қары немесе кәрі жілік, негізі – көне түркі тілдеріндегі қар-қол), бүйі түбірі - (көне түркі тілдеріндегі бүй), т.б. -Ы (і) жұрнағының грамматикалық қызметіне қарағанда, ол белгілі нәрсенің қасиетін, өзіндік ерекшелігін оқшаулап көрсету үшін жұмсалады: қазақы ат (қазаққа тән ат), тозақы адам (тозаққа баратын, тозаққа түсетін адам) т.с. Олай болса, ереуілге мінетін атты ереуіл + і ат деп неге айтпасқа? Демек, ереулі деген сөздің түбірі – ереуіл, соңындағы і - көне жұрнақ – дейді [244, б.68-69]. Ә. Қайдаров: На наш взгляд, оно имеет другую этимологию, т.е. состоит из трех морфем; корневой ер «храбрый, боевой, мужественный, смелый», аффиксальной -еуіл (с вариантами -ауыл и -әуіл), образующей в тюрко-монгольских языках целый ряд слов -қарауыл, бақауыл, тосқауыл, ереуіл и др. и аффиксальной -лі. Таким образом, ер + еуіл + лі > ереулі образовалось в результате стяжения трех звуков: ілл в один л. Слово ереуіл, употребляемое в казахском языке самостоятельно, означает «демонстративное выступление против чего-то», «показ своей силы, боевого духа» и.т.д. В этом смысле ереулі ат вполне соответствует значению «боевой, предназначенный для похода конь» – деп жазды [245, б.32]. Академик Ә. Қайдаров: дұрыс нұсқасы ереуіл емес ерулі. Ерулі ат-ертедегі қазақ батырларының жаугершілік шапқыншылық кезінде, ұзақ сапарда ауыстырып міну үшін жайдақ күйінде жетекке алып, ертіп жүретін қосалқы аты. …егеулі (ұшы егелген найза) сөзіне (-лі жұрнағы жалғанып тұр) сәйкес келетін сөз тек ерулі (мұнда да еру түбіріне -лі жұрнағы жалғанып тұр). Ал, осы «егеулі» сөзіне «ереуіл» сөзін жанастыруға болады, бірақ бұлар таза ұйқасқа жатпайды – дегенді айтады [241, б.38]; [246]. Е. Жанпейісов: Ереуіл-ере-у-іл (арқа-у-ыл, айда-у-ыл дегендер сияқты). Ереуіл қазақ тілінде қазір «забастовка» терминінің баламасы ретінде қолданылады, тек осы, бір ғана тұлғада жұмсалады – дейді [215, б.73]. Р. Сыздыќова ерулі сµзіне талдау жасап µз пікірін келтірген: ереуіл – монѓол сµзі, маѓынасы «тыњ, к‰шті», б±л контексте жорыќќа алып шыѓатын ќосалќы (запас) атты білдіреді – дейді де [247, б.195-196], мына пікірді келтіреді Л. Будагов ћараул, ќазаќша ереуіл сµздерін «авангартд следовавший за передовым отрядом» – деп т‰сіндіреді де, монѓолша ирэгуль жекпе-жекке шыќќандар (воины единоборцы). Жекпе-жекке кімніњ шыѓуы керек екеніне кейде бал ашатын болѓан демек, монѓол тілінде б±л сµздіњ «бал ашу (гадать)» деген маѓынасы да бар дейді (Будагов, I, 186) із кесіп д±рысы ереуіл болу керек – дейді [24, б.56-58]. Дәл осы Будагов жазған түсінікті өзінің негізінде берсек былай болып шығады: дж. кир. һрул, һраул, айраул – (мән беріңіз айрауыл) (ереуіл – А.Қ.) авангардъ, слдовавшій за передовымъ отрядомъ. По дж. сл. һраул небольшой отрядъ, посылаемый на помощъ загонщикамъ или наздникамъ по монг. аирағул назывались воины единоборцы, которыхъ выбирали съ двухъ воюющихъ сторонъ для ршенія; иногда ворожеи гадали кого выбирать, и потому слово это приняло значеніе гадать (сравни съ словомъ тат. йорлмқ – см. Шейбани, 72, замч. 92) [212, б.186]. Ќ. ¤мірєлиев ќазаќша ереуіл сµзін монѓолдыњ ирэгуль сµзімен байланыстырады (Сµздеріміздіњ тарихынан, 80); Б. Аманшин Сабыр Қазыбаевқа «ереуліні» – «ереуіл» сөзінің бұрмаланған түрі, дұрысы – «Ереуіл атқа ер салмай» дегенге дау айтады. Б. Аманшин …ереулі де емес, ереуіл де емес, дұрысы ерулі – дейді (Қазақ әдебиеті. 1980. №11 (1517). З. Қабдолов: «Ереулі» де емес, «ерулі» де емес, «ереуіл» (Қазақ әдебиеті. 1981. № 39); (Арна. 1988. 252). Б. Аманшиннің Ғ. Мүсіреповке жүгініп жазған хатына Ғ. Мүсірепов: …ереулі деп қате басылған (яғни-емле қатесі), әйтпесе өлеңнің екінші жолындағы егеулі деген сөзге ұйқасымы үшін қолдан өзгертілген, яғни жасанды сөз деп ұғу қажет деген еді (Жұлдыз. 1983. № 1. 183). Қ. Мұқаметқанов: Дұрысы – ерулі атқа ер салмай (Семсер жырға сергек қарайық. Қазақ әдебиеті. № 19 (1837). ¤. Аќыпбеков «Біздіњ ойымызша, ереуіл ат соѓыс тактикасына арнап жаратылѓан ат болса керек» – дейді (Тµрт т‰лік тµресі кім? / Қ±раст. Аќыпбеков ¤. / – Алматы: Ќайнар, 1990. 64). Ќазаќтыњ «ереуіне ќаруы» деген маќалындаѓы «еру» сµзі де осы сµздермен бір т‰бірлес – деп айтып отыру ќажет (Библиотека Восточных историков. – Т. 1. 1843.) (Ќ±лмаѓамбетова Б., Елемесова Ж., Ќалауова З. Ќазаќ тілі сабаќтарында тіл дамыту. – Алматы, 1992. 22-23). Ә. Єбіласан – ереуілге (±рыс таѓдырын шешетін ерлердіњ жекпе-жекке шыѓарда мінетін аты) (Қазақ тілі мен әдебиеті. 1992. – № 5, 6. 61). Біздің байқағанымыз кµбіне ереулі сµзі жиі ќолданыс тапќан. Соњѓы кезде, ерулі ме, ереуіл ме? – дегенге қайтып оралдық: Є. Ќайдар ерулі болуы керек дейді // Ќазаќ єдебиеті, 2002; Серікбай Ќосан. Ана тілі, 2003 т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |