Қорытынды
Қазақстан Республикасы «Бәсекеге қабілетті дамыған 50 елдің» қатарынан көріну керектігін Президентіміз Н.Ә. Назарбаев жастарға үміт арта отырып зор сеніммен айтқан болатын. Бұл – мақсатқа жету үшін тек қана білім қажет. Тіпті, «Құранның» өзінде де «Оқы, оқы тағы да оқы, қалам ұста» – деп жазылғанын біреу біліп, біреу білмейді. Мұны айтып, мысал келтіріп жатқаным, оқу мен білімнің қоғамда алатын орнын және адамзатқа ауадай қажет екендігіне, маңызына тағы да бір көңіл аудару еді.
Олай болса, бәсекеге түсу үшін тек қана білім қажет екен. Сондықтан да біздер қазірден бастап білім бәсекесіне дайын болуымыз керектігі түсінікті жай. Халық даналығы «Білегі жуан бірді, білімі жуан мыңды жығады» деген мақалды бекерге айтпаған. Қазіргі заманда не нәрсе білімге ғана келіп тіреледі. Ең бастысы ұлттық патриоттық сана-сезімдері оянды. Ұлан байтақ жеріміз бар, алтынмен өлшенбейтін байлығымыз – қазақ деген халқымыз бар. Жас өрім ұрпақтары бар ел, бақытты ел дер едім. Жалпы білім беру біздің елімізде тегін жүзеге асады. Бұл – көптеген шет ел жастарының мәңгілік арманы. Және қандай бағыттағы білім ордасын таңдаймын десеңіз де өз еріктерінде. Осы оң өзгерістердің бәрі – Елбасының болашақты болжап, алыстан көре алатын көрегендігінің арқасы дер едім.
Президент Н.Ә. Назарбаев біздердің дамыған бәсекелес шет елдіктермен терезесі тең дәрежеде сөйлесе алатындай болу керектігіне барлық жағдай тудыруда. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы осындай мақсатта жасалды. Бір ғана мысал «Болашақ» бағдарламасымен жылына 3000 жас талапкер шет елдерге білім үшін аттануда. Ал мұндай мысалдарды жүздеп, тіпті мыңдап келтіре беруге болар еді.
Президент Н. Назарбаевтің «Қазақстан халқына жолдауында» (2007) «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» – деген болатын. Бұл – ұлағатты сөз әрбір қазақстандықтардың жүрегінің төрінен орын алып, ұлттық сезімін оятуға себі тиері сөзсіз. Қазіргі кезде әлемдік тәжірибеде тілді оқытудың TOEFL, DALF/DELF, IELTS, т.б. бірнеше тәсілі бар. Соның ішінде тиімділігімен танылғаны TOEFL ағылшын тілін оқыту жүйесі. Оны айтып жатқаным үш тілді: қазақ тілін, орыс тілін, ағылшын тілін білу әрбір қазақ азаматтарының Отан алдындағы парызы. Заман соны талап етеді. «Үш тілді білсең, үш жұртты білесің» - деп тегін айтылмаған. Павлодар облысының жас жеткіншектері Халықаралық, Республикалық олимпиадалардың жүлдегерлері. «Ғылыми жоба» жарысы бойынша қаншама оқушы Республика көлемінде аттары шығып, «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атанып жүр. Олар жайында аз айтылып, аз жазылып жатқан жоқ. Павлодарлық жас жеткіншектер ағылшын тілін де жақсы меңгергені қуантады. Басқа ұлт өкілдерінің балаларының да мемлекеттік тілге деген ынтасы, үйренуге деген құлшынысы көрініп жүр. Ал қазақ тілінің жағдайы 1991 жылмен салыстырғанда анағұрлым жақсарды. Барымызды бар, жоғымызды жоқ деп бағалауға жетуіміз керек. Бірақ, істелген іс-шаралармен тоқмейілсімей ары қарай алған бағытымызды жалғастыра беретін боламыз.
Қазақстан Республикасының «Мәдени бағдарламасы» 2007 – 2009 жылға жалғасын табатын болады. Елбасы: «Сондықтан облыстар да қолға алған шараларды жеріне жеткізіп, бастаған істерін жалғастырғандары жөн. Ескерткіш – жәдігерлерді таңдағанда ұсақтамай, еліміз үшін тарихи-мәдени маңызы бар мұраларды ғана іріктеп, бұл іске білікті сарап, сергек талғаммен қараңыздар» – деген ұлағатты сөзі Біз бастаған келелі де қыруар істі жалғастыруға үлгі болып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |