Тұлымды қыз, айдарлы ұл бермексің,
Құлназар келіп өлді ауылыңа,
Ішім оттай күйеді бауырыма.
Алты жақсы, жүз жылқы құн бермесең,
Есекем таңба болар сауырыңа
Бірақ, Ошақты бұл төрелікке басын да бұрмапты (М-Ж. Көпеев, 65-66). Жылдар өткен соң, ескіріп кеткен дауды он төрт жастағы Едіге би құнын өтеп алыпты. Сол кесімді сөздерде мынадай келелі ойлар айтылыпты: «Жарлық өзіңізден болды, жабдық та өзіңізден», «Арғынға алты ат бастатқан тоғыз жібереді, төрт атаның ұлы Төртуылға төрт түйе бастатқан тоғыз жібереді», «Жарқын» – деген құн осы болады деген ол қолынан ұстатып, жалаңаш қыз береді екен. «Алты жақсы» – деген құн жүйрік ат, берен мылтық, жағалы киім, тай тұяқ күміс не алтын, түйе, тазы т.б. түрлері болуы мүмкін. Ал, «алты ат бастатқан тоғыз» не «төрт түйе бастатқан тоғыз» – деген құн айып болады. 1885 жылғы «Билер ережесінде» 57 – ші бапқа енгізілген: Тоғыз аталған айыпты малға шаққанда былай болады. Түйе бастатқан бас тоғыз: 1 – бір түйе, 2 – құлын, 2 – бие, 2 – құнан, 2 – ат; 2 – орташа тоғызымыз – ат бастатқан тоғыз: 1 – семіз ат, 2 – тай, 2 – тайынша, 4 – төрт бойдақ қой; 3 – аяққы тоғыз: 1 – дөнен өгіз, 2 – тайынша, 3 – бойдақ қой, 3 – тоқты (Ж. Дәдебаев. Жас алаш. – 1992. – № 97 (12884); Едіге бидің тағы бір кесімінде: Ұлы Жүз үйсін Тоғас би елінің кісісі төбелесіп, содан бір әйел түсік тастапты Билігін айтқан Едіге: Мұнда бас дейтін бас жоқ, көретұғын көз жоқ, ұстайтұғын қол жоқ, жүретұғын аяқ жоқ, кісі есебінде, адам санатында қосуға болмайды екен депті. «Даушы құр қалмайды, жаншы қор қалмайды» – деген бұл төбелеске екі тоғыз айып салу керек деп кесімін айтқан екен (М-Ж. Көпеев, 1902: 77-84). Сондағы біріншісі, түйе бастатқан тоғыз екен де, екіншісі ат бастатқан тоғыз екен. «Қ±нныњ – бірі» жетім бастаѓан тоѓыз. ¦лбикеніњ ќ±нына «бас жетім» алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |