Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы заттық МӘдениет лексикасы


Түйін. Йіг (йі / у), -р > йіг // йігне > йерге >(-ге) > йу (о) р – шық сияқты даму жолын көрсетуге болатын сияқты. Жүкаяқ



бет111/227
Дата06.02.2022
өлшемі6 Mb.
#35973
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   227
Түйін. Йіг (йі / у), -р > йіг // йігне > йерге >(-ге) > йу (о) р – шық сияқты даму жолын көрсетуге болатын сияқты.
Жүкаяқ (жүк + аяқ) жүк – салмақ, жүк (ЭСТЯ, 262). ІҮК үйік; жүк «Бір үйік бидай» Бұл сөз малға артатын жүк пен соған ұқсас нәрселерге қолданылады (МҚ. 1989. 3 том, 12). Жүкаяқ (Іüкауад) зат. Үüklük , Sandik; Жүк, -й (Jük, -ді) зат 1 Үüк. Жүк машинасы. Ауысп: 2. Баланың ауруы үлкен жүк. Аяқ, -ғы (ауад, -ді) зат. 1. Ауак (Қазақша – түрікше сөздік, Тұран, 2003: 38, 162). Жүк – багаж; вьюк; груз; кладь, Обоз; нагрузка (Қ. Бектаев. ҮҚОС, 1999: 704). АLАҚ, Айақ; аяқ, кесе. Оғыздар мұны білмейді. Олар мұндай нәрсені шапақ – шанақ дейді. Айақ: аяқ азақадзақ деп те айтылады (МҚ. 1 том, 1997: 114). Махмұт Қашқари: аяқ //адзақ > Бұзағу башы болғанша, өткір адзақы болған иг. ДЗ аффрикаты арқылы жазған. Д және з кейде ж қосындылары күні бүгінге дейін ажырап болған жоқ.
Қ. Жұбанов: Чуваш етікті ад + ы дейді, тәуелденгенде адысы дейді. Ай - ақ кішкене ат деген сөз. Өзінен басқаны біліп келіп, кейін өзін білген адам. Ат пен итті білген, аяқты кейін білген; ат - ад; атта - ат бол, ад + ын; ыдыс - ыд-ад. Аяқ: ай - ат (ад, ай); ақ - ыдыс. Аяқ - ыдыс демек. Татарлар иттік дейді. Демек а-е-и бәрі бір фонема болғандығы байқалады. Ыдыс-тың да ат-қа байланысы бар. Өйткені, ыдыс бұрын малдың (аттың) тұяғынан жасалуы керек (122). [12, б.121-122]. Ғ. Мұсабаев: қазақ тілінің айақ (аяқ) деудің орнына адақ, адағында (аяғында), адақталды (аяқталды) делінетіні бар [85]. Аяқ. 1. (Шымк., Қызылқ) атпен басатын қырман. Қырманға бастырылған тары екі аяқ болады (ҚТДС, 1 кітап, 1998:82). Жүкаяқ: жүк астына қоятын төрт аяқты ағаштан жасалған бұйым ( ҚТТС, 4 том, 1979: 257). Қалмақтар ерте уақытта жүкаяқтарын тастап қашқан (М-Ж., 1907: 17); Жүк ~ түк халықтық өлшем. Х. Арғынбаев: жүкаяқ ылғи ағаштан жасалады – деген сөзінің де маңызы бар [58, б.40]. Ә. Қайдар: айақ, айок, айа, айас сияқты варианттарын жазып, олардың түрлі мағына беретінін жазып көрсеткен: айақ-адақ-азақ-атах т.б. (Түркітануға кіріспе: 97, 207).
Түйін. Аяқ > адзақ > адақ: ад ат // ай ақ, ад (адын) // ыд (ыдын) түбірлес сөздер деуге болады. Жүкаяқ > Jükадзақ пен әбдіре зат сақтайтын киіз үй жабдығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет