Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы заттық МӘдениет лексикасы


Түйін. М-Ж. Көпеевте: бөрлі тон (51); жақсы тон (65); хале тон (66); қатқан тон (116); сеңсең тон (55); *қамқа тон



бет56/227
Дата06.02.2022
өлшемі6 Mb.
#35973
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   227
Түйін. М-Ж. Көпеевте: бөрлі тон (51); жақсы тон (65); хале тон (66); қатқан тон (116); сеңсең тон (55); *қамқа тон (кемха) (53); атлас тон (48) түрлері қолданған. Ш. Уәлиханов күрме тон (268), себіл тон (320) атап өткен. Ұрғашының жыныс мүшесінің үстіңгі (томпақ) және ішкі жағы > іші > ыстық > жылы > тоңғақ > жас төлдің қағанағы > тоң > дон > тон сияқты көрсетуге болар еді. Өйткені, жас төлдің тоңғағы қатты дейді. Тоңғақтың түбірі – тоң. Тоң > тоң (жерге қатысты тоң) байланысты болуы мүмкін. Тонау (тон+ау) (киімін алып кету) туынды түбір. Тоң~тон (ң~н) өзгерісін көрсетуге болады. Тон «ту» (ту қой) сөзімен байланысты болуы мүмкін. Тон > тонбал > іштон > іш <> тон. Тон (іші)<>іш (іші) (ішік) тұлғасы өзгерген түбірлес сөздер сияқты. Тон <>іш синоним.
Ішік. Ішігін бір мың теңге пат құндыздан, Тыстаған алтын арқау ұнамаққа (М-Ж.,. 75); Сонда хан үстіндегі жәннәт ішігін тастай біріп (М-Ж., 107);
М. Қашқари киім-кешекке байланысты: «киім-кешек» мәнін білдіретін – кезуt (кедзут) сөзі де «киді» мағынасындағы кезді (кедзті) етістігіне «т – t» дыбысы қосылып жасалған – дейді [10, б.38]. Кимешек-қараңыз. Киінді асыл киініп Хор қызындай сайланып (М-Ж., 243); М. Қашқари ішүк бұлғын, сусар және сол киілетін тері байбақ терісінен тігілген жылы киім – десе [10, б.97]; В.В. Радлов ічік зимняя кофта, шубка женщинъ. Ішік-шуба съ верхомъ – дейді [17, б.1515, 1552].
Орыс тіліндегі кафтан деген сөзді кейбір зерттеушілер түркі тіліндегі (қап+тон) сөздердің қосындысы деп қарастырады. М. Рясенен осы ізбен штаны (іш+тон) құралған деп есептейді.
Түйін. Тон <> іш: іш (ышқыр, іш киім, іш көйлек) сөздері туынды мағынасы құрамында кездеседі. Ал, -ік жұрнақ (қаз. бесік, есік; мон. хэсэг, бүлэг) құрамындағы қосымша. Ыштан, ышқыр, ішік түбірлес сөздер. Мәшһүр-Жүсіп ішік лексемасын киім мағынасында қолданған. Боламын өсе берсем мен күпі, қап (М-Ж., 165); Күпі > куфайка сөзінің шығу тегі бір соңғысы фонетикалық өзгерісті басынан кешірген. Тон (домпақ)>күпі (күптей) мағыналас болуы мүмкін. Іштон > тонбал ~ дамбал > шалбал (шалбар).

Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   227




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет