Методические рекомендации по преподаванию учебного предмета «основы предпринимательства и бизнеса»



Pdf көрінісі
бет22/130
Дата31.01.2022
өлшемі2,82 Mb.
#116663
түріМетодические рекомендации
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   130
Байланысты:
Ахмет Байтұрсынұлы
Case-study әдісінің артықшылықтары: 
-
 
проблемалық оқыту принциптерін қолдану – нақты мәселелерді шешу  
дағдыларын алу, топтың бір проблема аясында жұмыс істеу мүмкіндігі, ал оқу 
процесінде  өмірде  шешім  қабылдау  механизміне  еліктеу,  ол  өмірлік 
жағдаяттардағы  терминдерді  есте  сақтау  мүмкіндігі  туады,  өйткені  ол 
терминдерді  білу  мен  түсінуді  ғана  емес,  сонымен  қатар  олармен  жұмыс 
істеуді, мәселені шешудің логикалық сызбаларын құруды, өз пікірін дәлелдеуді 
талап етеді; 
-
 
командада жұмыс істеу дағдыларын алу (Team Job Skills); 
-
 
қарапайым талдау дағдыларын қалыптастыру; 
-
 
презентациялау дағдыларын алу; 
-
 
пресс-конференция дағдылары, тұжырымдай білу, сұрақ-жауапты  
дәлелдей алу. 
Кейс дерек көздері 
Кейс  мұғалімнің  ғылыми-әдістемелік  қызметінің  нәтижесі  болып 
табылады. Зияткерлік өнім ретінде оның зерттеу көздерін төмендегідей ұсынуға 
болады: 
-
 
кейс мәселелері мен фактологиялық базасы – қоғамдық өмірдегі 
барлық сюжеттің алуан түрлілігінің қайнар көзі болып табылады; 
-
 
білім беру – case-study әдісіне интеграцияланған оқыту мен тәрбиелеудің  
мақсаттары мен міндеттерін анықтайды
-
 
ғылым – бұл шағылысу кешені ретінде кейстің үшінші қайнар көзі; ол  
аналитикалық  белсенділік  пен  жүйелік  тәсілімен  анықталатын  негізгі 
әдіснамаларды,  сонымен  қатар  кейс  пен  оны  талдау  процесіне  біріктірілген 
көптеген  басқа  да  ғылыми  әдістерді  анықтайды.  Кейстің  негізгі  қайнар 
көздерінің  қатынасы  әртүрлі  болуы  мүмкін.  Бұл  тәсілдеме  кейстерді  олардың 
негізгі  қайнар  көздерінің  әсер  ету  дәрежесіне  қарай  жіктеуге  негізделген.  Бұл 
жағдайды төмендегідей бөлуге болады: 
-
 
нақты өмірлік жағдайларды көрсететін практикалық кейстер; 
-
 
оқыту кейстері, олардың негізгі міндеті – оқыту; 
-
 
зерттеу қызметін жүзеге асыруға бағытталған ғылыми-зерттеу кейстері. 
Жоғарыда  аталған  кейстердің  қайнар  көздері  негізгі  немесе  бастапқы 
болып  табылады,  өйткені  олар  кейске  әсер  етудің  маңызды  факторларын 
анықтайды.  Сонымен  қатар,  жоғарыда  сипатталған  негізгі  дерек  көздерден 


45 
 
туындау  сипатындағы  кейстерді  қалыптастырудың  қайталама  көздерін  бөліп 
көрсетуге болады: 
1.
 
Идеяларды ұсына алатын көркем және публицистикалық әдебиет, ал  
кейбір  жағдайларда  гуманитарлық  пәндер  бойынша  кейстердің  сюжеттік 
құрылымын анықтайды. Публикациялардан алынған үзінділер, кейске БАҚ-дан 
жедел  ақпаратты  қосу  кейсті  айтарлықтай  өзектендіреді,  ол  оқушылар 
тарапынан  қызығушылықты  арттырады.  Көркем  әдебиет  пен  публистиканы 
қолдану  кейске  мәдени  функция  береді,  оқушының  адамгершілік  тұлғасын 
дамытуды ынталандырады. 
2.
 
Кейстерді қалыптастырудың қайнар көзі ретінде «жергілікті» материалды  
пайдалану.  Көптеген  зерттеушілердің  пікірінше,  компания  мен  оның  өнімдері 
оқушылар үшін белгілі бір жеке мәнге ие болған кезде әртүрлі компаниялардың 
қызметі туралы кейстерді неғұрлым терең және қызықты талқылау орын алады. 
«ASU»,  «Samsung»,  компаниялары  туралы  кейстер  «Pillows.kz»,  «Fly  Arystan» 
және  тағы  басқалары,  егер  оқушылар  арасында  осы  компанияларды  білетін 
оқушылар  болса,  үлкен  қызығушылықпен  талқылайды.  Сыныпта  «Samsung» 
компаниясы  туралы  кейстерді  талдау  барысында,  осы  компанияда  өндірілген 
тауарлар оқушылардың үйінде болған кезде жақсы талданады. Ұлттық нарықта 
белгілі  бір  орны  бар  компаниялардың  тәжірибесін  және  сол  компаниялардың 
тауарлары мен қызметтерін мүмкіндігінше кейс арқылы көрсету.  
Егер  мектептегі  оқушылар  отандық,  жергілікті  компаниялар  туралы 
кейстерде  сипатталған  оқиғалар  мен  олардың  мазмұнын  жақсы  білсе  өздерін 
сенімді  сезінеді,  шетелдік  тұтынушылардың  мінез-құлқы  мен  іс-әрекетін 
талқылау  оларға  қиындық  тудырады.  Жергілікті  материалға  немесе  жергілікті 
кәсіпкерге  негізделген  кейстерге  талқылау  жүргізуде  мұғалім  сенімді 
түсіндіреді, өйткені ол аймақты да, кәсіпорынның өзін де жақсы біледі. Мұндай 
жағдайларды  талқылау  кезінде  жергілікті  кәсіпкерді  немесе  кәсіпорын  өкілін 
сабаққа  шақырудың  ерекше  мүмкіндігі  зор.  Мысалы,  «Rocket  Study»  кейсін 
талдау кезінде Нұр-сұлтан қаласының оқушыларына кейстің бас кейіпкері және 
«Rocket  Study»  ағылшын  тілі  мектептері  желісінің  негізін  қалаушы  Арслан 
Даримовтың өзін шақырып сұхбаттасуға болады. 
3.
 
Кейстің ғылымилығы мен күрделілігі статистикалық материалдармен,  
нарықтың 
жай-күйі 
туралы 
ақпаратпен, 
кәсіпорынның 
әлеуметтік-
экономикалық  сипаттамасымен  және  т.б.  қамтамасыз  етіледі;  сонымен  қатар 
бұл материалдар жағдаяттарды диагностикалау үшін тікелей құрал ретінде рөл 
атқаруы  мүмкін  және  жағдаятты  түсіне  алатындай  маңызды  көрсеткіштерді 
есептеу  материалы  ретінде  әрекет  ете  алады.  Статистикалық  материалдар 
кейстің мәтінінде немесе қосымшада орналастырылады. 
4.
 
Кейске арналған сапалы материалдарды белгілі бір мәселеге арналған  
ғылыми мақалаларды, монографиялар мен ғылыми есептерді талдау  
арқылы  алуға  болады.  Ғылыми  мақала  әдетте  кез-келген  мәселені  терең 
қарастырумен  сипатталады;  ғылыми  монография  зерттеу  тақырыбына  жүйелі, 
жан-жақты  сипаттама  береді;  ғылыми  есептің  ерекшелігі  –  материалдың 
өзектілігі мен жаңашылдығы.  


46 
 
Ғылыми  жарияланымдар  case-study  әдісінде  екі  функцияны  орындай 
алады:  біріншісі  –  ғылыми  басылымдар  мен  олардың  фрагменттері  оларды 
мәтін мазмұнына қосу арқылы кейстің құрамдас бөлігі бола алады, ал екіншісі – 
кейсті түсіну үшін қажет әдебиеттер тізіміне енгізілуі мүмкін. 
5.
 
Кейстер үшін материал көзі интернет ресурстары болып табылады. Бұл  
дереккөз  айтарлықтай  ауқымдылығымен,  икемділігімен  және  тиімділігімен 
ерекшеленеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет