6,8,9 -сыныптарға ұсынылған бақылау жұмыстарының нормалары
Оқу жылы бойы алған білім деңгейлерін анықтау мақсатында 5 бақылау жұмысын өткізуді ұсынамыз.
1. Бастапқы бақылау жұмысы (тест). Алынатын бұл жұмыс түрі былтырғы оқу жылындағы алған білім деңгейлерін тексеру мақсатын қарастырады және тестің 20 сұрағы лексика-грамматикалық тақырыптарды қамтиды. 10 сұрақ мәтін бойынша берілетін сұрақтар (1 мәтін беріледі. 6-сынып 60-70 сөз, 8-сынып 80-90 сөз, 9-сынып 90-100 сөзден тұрады). Барлық тест сұрақтары - 20, жауап нұсқаларының саны-5. Бұл жұмыс түрін қорытынды аттестаттау жүйесі бойынша бағалау ұсынылады. «5» деген баға – 33-40 балл, «4» деген баға – 25-32, «3» деген баға – 9-24 балл. «2» деген баға қоймауды ұсынамыз. Себебі, оқушының оқу жылының бірінші күнінен бастап пәнге деген қызығушылығы мен ішкі уәжі жоғалады.
№1 бақылау жұмысы - І оқу тоқсанының қорытындысы бойынша алынады. Бұл бақылау жұмысы І тоқсан бойынша өтілген барлық тақырыптарды қамтиды. 20 сұрақ лексика - грамматикалық тақырыптар бойынша, 10 сұрақ аудиотыңдалым бойынша (мәтін тыңдалады, тыңдалған мәтін бойынша тест түріндегі сұраққа жауап береді), 10 сұрақ оқылым бойынша алынады. Бұл жұмыс түрін қорытынды аттестаттау жүйесі бойынша бағалауды ұсынамыз. «5» деген баға – 33-40 балл, «4» деген баға – 25-32, «3» деген баға – 9-24, «2» деген баға – 0-8 балл.
№2 бақылау жұмысы - ІІ оқу тоқсанының қорытындысы бойынша алынады. Бұл бақылау жұмысы ІІ тоқсан бойынша өтілген барлық тақырыптарды қамтиды. 20 сұрақ лексика - грамматикалық тақырыптар бойынша, 10 сұрақ аудиотыңдалым бойынша, 10 сұрақ оқылым бойынша алынады. Бұл жұмыс түрін қорытынды аттестаттау жүйесі бойыншабағалауды ұсынамыз. «5» деген баға – 33-40 балл, «4» деген баға – 25-32, «3» деген баға – 9-24, «2» деген баға – 0-8 балл.
№3 бақылау жұмысы - ІІІ оқу тоқсанының қорытындысы бойынша алынады. Бұл бақылау жұмысы ІІІ тоқсан бойынша өтілген барлық тақырыптарды қамтиды. 20 сұрақ лексика - грамматикалық тақырыптар бойынша, 10 сұрақ аудиотыңдалым бойынша, 10 сұрақ оқылым бойынша алынады. Бұл жұмыс түрін қорытынды аттестаттау жүйесі бойынша бағалауды ұсынамыз. «5» деген баға – 33-40 балл, «4» деген баға – 25-32, «3» деген баға – 9-24, «2» деген баға – 0-8 балл.
№4 Жылдық бақылау жұмысы (тест) - оқу жылының қорытындысы бойынша алынады. Алынатын бұл жұмыс түрі жыл бойы алған білім деңгейлерін тексеру мақсатын қарастырады және тесттің 15 сұрағы лексико-грамматикалық тақырыптарды қамтиды. 10 сұрақ мәтін бойынша берілетін сұрақтар (2 мәтін беріледі. 5-сыныпта 50-60 сөз, 6-сынып 60-70 сөз, 7- сынып 70-80 сөз, 8-сынып 80-90 сөз, 9-сынып 90-100 сөзден тұрады) . Барлық тест сұрақтары-25, жауап нұсқаларының саны-5. Бұл жұмыс түрін қорытынды аттестаттау жүйесі бойынша бағалау ұсынылады. «5» деген баға – 33-40 балл, «4» деген баға – 25-32, «3» деген баға – 9-24, «2» деген баға – 0-8 балл.
Достарыңызбен бөлісу: |