Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М



бет33/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ
Жалпылама қолданылатын сөздер мен терминдер, СӨЖ. ҚФ-201. 2-ТОП (3)-1, 74-1-145-1-10-20150911, Zhalmakhanov, b212, 830321
Россия,
Моя любимая страна.
Красная,
только что из революции горнила»13,
деген жолдарында отанның түсі ретінде алынады.
«Қызыл» деген метафора қазақ әдебиетіне орыс әдебиеті арқылы келді ме, әлде революциялық өмірдің өзі тудырды ма оның шекарасын ажырату қиын. Алайда, осы «қызыл» түс тек қазақ әдебиеті емес, одақтық поэзиямызда ортақ образдық бейне болып кетті. Оптимист ақын сол кездегі аштық, азамат соғысынан кейінгі ел арасындағы ауыртпалық жағдайлардың да уақытша қиналыс екенін, бүгінгі ауыртпалықтың ертең жеңілденетінін, бүгінгі бейнеттің ертең зейнеті барын жақсы түсініп, ұғынған.
Ақын өзінің лирикалық геройын бұлбұл кейпінде алады. Әдетте, бұлбұл көк майса, жасыл орман, гүл-бақшада болады. Мұнсыз бұлбұлда өмір жоқ, үн жоқ, ән де, сән де жоқ. Сондықтан да кешегі қажау мен қанау, езу дәуірі «бұлбұлға» сусыз шөл сияқты. Сусыз жерде көк те өспейді, ағаш та жапырақтамайды. Ал, бұлбұлға ақын «құтылдың сусыз шөл мен қу ағаштан», – дейді.
Ақын бұл өлеңінде өмір шындығын дұрыс ашады. Жау жеңілді, аңсаған таң атты. Басқа жұртқа бәрі теңеліп, бәрі тынып қалды демейді. С.Мұқанов «Кедей баласы» деген өлеңінде «жоғалды, өшті, әділетсіздік, аюандық» дейді. Шынында әділетсіздікті тудыратын қоғамды құрыды дегені бұл жерде дұрыс та еді. Өйткені ол кезде саяси сауаты әлі толық ашылмаған еңбекші бұқараға осылай айтпаса болмайтын-ды. Бірақ, бұл өлеңде өмір бір жағынан ғана жалтырап көрінеді. Ал I.Жансүгіровтің «Жас бұлбұлдарға» өлеңінде әділетсіздік тудыратын қоғамның құрығанын, бостандықтың туғанын айта отырып, ақын халық өмірінің әлі де ауырлығын, ол ауыртпалықтан шығатын жолды меңзейді. Ол «бұлбұлдардың» халық үшін қызмет етуі. Сондықтан да Ілияс бәрі болды, бәрі тынды демейді, халыққа қызмет ет («Қайыспас қанаттары қия тастан»), еңбегің жанатын заман туды дейді.
Совет өкіметі орнағанымен социализм бірден орнаған жоқ. Оны халық өз қолдарымен жасауы керек. Демек, халық тұрмысында әлі де толып жатқан қиындықтар бар. Ақын оны да көре білді. «Кім екен» деген өлеңінде ол дауыл менен жауыздың күлі аспанға ұшты, біз бұғаусыз арыстанбыз, заман иесіміз. Кешегі зар еңіреп жылағандар бүгін күледі, күлетін күні бүгін.
Кедейлер еркіндік, әйелдер теңдік алып жатқанда қазақ қызы Күләнданың ажары неге солғын, назары неге пәс?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет