Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М



бет49/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ
Жалпылама қолданылатын сөздер мен терминдер, СӨЖ. ҚФ-201. 2-ТОП (3)-1, 74-1-145-1-10-20150911, Zhalmakhanov, b212, 830321
Бесжылдықтың ерлері56, –
деп еңбек адамдарын көсем етеді.
«Социалды көмек» өлеңінде ақын озық колхоздың артта қалған колхозға жәрдемін нағыз социалистік құрылыс тудырған жаңа бастама, жаңа сипат дегенді айтады. Ақын үнемі жаңалықты, жаңа бастаманы жиі көріп, тез аңғарып, оны жұртқа паш, жырына арқау етеді. Бірақ, осы екі өлеңнің екеуі де көркемдігі жағынан ала-құла, көбіне жалаң үгіт пен жалаң баяндауға жол береді. Енді:
Сендер біздің жаңа туған
Социалды өрісте57, –


деген жолдардағы «өріс» сөзі қазақ ұғымында әртүрлі мағынада қолданылып келді: бірі мал өрісі, екіншісі ата-аналар балаларын, немерелерін өзіне өріс санайды. Ал, техниканы меңгерген тракторист, машинистердің социалды өріс ұғымында алынуы жаңалық. Сөйтіп, ақын бұрынғы дәстүрлі бейнелеулерге жаңа мағына бере жырлайды. Техниканы жетілдіріп, оны меңгермей, социализм құру, әрине, мүмкін емес. Олай болса, социализмнің өрісі сол техника иелері болуы логикалық жағынан жақсы байланысып келген. «Социалды» сөзі ақынның лексиконына соншалықты мықты енген, тіпті оны ендігі жерде эпитет, метафора түрінде қолданады. Ақынның жаз деп отырғаны – жаңа өмір, қырда қиқу салып тұрған қаз – трактор, жел – еңбектің екпіні, сең – жұмыс тасқыны.

Социалды бұл жазда


Тасыды ауыл өзендей58, –
дейді.
I.Жансүгіров аспан мен жерді де, қыс пен жазды да социалды деп жырлайды. Мұнысы жаңа өмірге жаңа көзқараспен қарағандығы.
I.Жансүгіровтың еңбек тақырыбына арналған, еңбек адамдарының бейнесін жасаған шағын лирикалық өлеңдері, негізінен алғанда, айтайын деген ойы жағынан болсын, көркемдік сапасы жағынан болсын қазақ әдебиеті тарихында өз кезінде елеулі қызмет атқарған. Көптеген өлеңдері күні бүгінге дейін өзінің мазмұндық, сыршылдық көркемдігін жоймаған, әдебиетіміздің төрінен орын алатын шығармалар болып отыр.
Еңбек тақырыбында еңбек адамдарының бейнесін жасау үшін Ілияс бірнеше поэмалар да жазды. Оның осы бағдарда жазылған поэмаларына тоқталудан бұрын, назар аударатын бір жайды айта кеткен жөн сияқты. I.Жансүгіровтің жаңа ұйымдасып жатқан колхоз өмірінен жазған «Жаңа тұрмыс», «Таныңдар», «Социалды Қазақстан» т.б. өлеңдері жоғарыда сөз еткен лирикаларынан өзгеше жоспарда жазылған шығармалар.
Жалпы алғанда, ақын колхоздасу кезіндегі қиындықтарды жеңу, еңбекке ұйымшылдықпен кірісіп, халық тұрмысын жақсартуда колхоздасудың өте-мөте қажетті екенін айтады. Жалқауларға, төрешілдерге, сұғанақтарға қарсы күресіп, еңбек дабылын қағады. Өз кезінде, сөз жоқ, бұл шығармалардың үгіттік ролі болмай қалған жоқ. Бірақ, ақынның осы идеясы көркемдік форма таба алмайды да поэзиялық биік сатыға көтерілмейді.
Өлең ұзын-сонар баяндаудан құралады. Үлкен тақырыптың ішінде көптеген майда тақырыпшалар жүреді, олардың өзі бір-бірімен тығыз байланысы жоқ, жеке-дара, үзік-үзік дүниелер болып келеді. Шығармада лирикаға тән жинақтап айтылған сипат, поэмаға тән сюжеттік желі, кесек характерлер де жоқ. Өлеңдердің ұзына бойындағы кейбір жап-жақсы шумақтары бола тұрса да, тұтас алғанда, колхоз туралы жазылған очер-өлең болып шыққан. Мұндай шығармалар ақынның жаңа тақырыпты кең жоспарда меңгеру жолындағы іздену ниетінен туған. Алайда, мұның көркемдік нысанаға жетуде мардымсыз тәжірибе болғанын Ілиястың өзі де сезініп, екі-үш өлең-очерктен кейін оған қайтып оралмайды.
Жалпы, еңбекті жырлау, еңбек адамдарының бейнесін жасауда қазақ совет поэзиясының белді бір өкілдері С.Сейфуллин, Б.Майлин, С.Мұқановтармен қатар Ілияс Жансүгіровтің де біраз жетістіктерге жеткенін байқадық. Бірақ, қазақ поэзиясын тұтастай алғанда, еңбек адамдарының ірі тұлғасы, оның жан дүниесі, философиясы әлі де болса терең ашылып беріле қойған жоқ. Жетістік дегенде біз алғашқы ізденудің жемісін ғана айтып отырмыз. Қаланы жырлау, өндірісті жырлау, ондағы адамдардың жаңа бейнесін көрсетуде қазақ совет ақындарының алдында әлі де үлкен міндеттер тұрды.
I.Жансүгіров техника жеңістерін жырлағанда, оны өндірісті дамытудың, адам еңбегін жеңілдетудің жолы деп түсінеді. Шынында да техниканың мәні мен маңызы қоғам өмірінде қаншама қажет болғанмен ол әдебиет үшін, адам бейнесін, характерін ашу үшін қызмет ету керек. Техника жетістіктері ешуақытта адамды өзінің тасасына тығып, бүркеп тастамауы тиіс. Бірақ, 20-30-жылдары поэзияда белгілі бір ой айтылып, адамның көзқарасы, сезімі көрініп қалып жүрсе де адам алдына техниканың шығып кететін жайлары жиі ұшырайды. Ақындар техниканы, өндіріс орындарын адамнан тыс, жалаң жырлады. Мұндай кемшілік басқа ақындар сияқты I.Жансүгіровтің творчествосына да тән еді.
Жаңа өмірдің жаңалығын жазуда қазақ поэзиясында құрғақ айқай, «жасасын» деген ұрандар, «тақ-тұқтар» орын алып кеткенін I.Жансүгіровтің өзі де түсіне бастайды. Совет адамдарының тағдыры, еңбегі, ертеңгі күннің жоспары, ойы мен арманы көп жағдайда жалаң, адамның ішкі жан дүниесіне бойлай бара алмағандықтан, сырттай бейнелеу, жалпылауға әкеліп соғады.
Орақ ору, жер жырту, оқып білім алу, жердің қойнындағы асыл қазыналарды алу, т.б. туралы өлеңдер жазылған, бірақ соның бәріне бірдей адам тебіренбей, салқын қанды қала береді. Оның басты себебі, ақындар көп жағдайда адамның өзін, оның сезімі, ойы мен арманы, тағдырын айтудан көрі сыртқы жылтырақтарға бой ұрады.
Қазақстан кеңес жазушыларының тұңғыш съезінде «Қазақ кеңес әдебиетінің бүгінгі күйі, келешектегі міндеттері» деген баяндамасында Ілияс Жансүгіров былай дейді: «Бұл жылы жазушылардың қаламына да жаңа табыс, желпінгендік бола алмады. Көбінше Қазақстандағы қатенің салдарынан туған қиыншылық кезінде көркем әдебиетіміздің еңсесі көтеріле алмады, жазушылардың бірсыпырасы тереңдей алып, қызығып жаза алмады. Ал, жазам дегені жалпылап, сырттай соқты... Бірқатар құрғақ жасасыңдар, рапорттар жазылды. Колхоз, совхоз, тракторды жалпылап, жасасындап, науқан жайында өлеңмен үлкен рапорттар, ұзын-ұзын поэмалар мен баталар беріліп жатты. Оны ел сүйсініп оқыған жоқ, қайта жүрегін айнытты. Сүйтіп, біз сол екі жылда, 1930-32-жылдың ішінде, әдебиетіміздің, әсіресе, өлеңдердің құнын арзандатып, сапасын төмендетіп алдық. Менің «Социалдық ауыл» , Сәкеннің «Социалистан», Сәбиттің «Көмір коммунизм», «Алатаудың алыбының» қақ жартысы, Бейімбеттің «Рапорт», Қалмақанның «Екпінді», Асқардың «Құрылыс», Мәжиттің «Құрылыс жыры», «Социализм жыры» деген жинақтары, Тайырдың «Коммунизм таңы», Ғалымның «Балға орағы», «Доңғалағы», Исаның «Колхоз, совхозы», Жақанның сол жылғы өлеңдері, Өтебайдың «Ақ алтын», «Қара алтындары», тағы басқалар сапасы төмендеген шығармалардың белгілері. Бұларда қадап жырлаған мазмұн, тартыс жоқ, тек жалпылау, «көп жасасын» болды. Адамды көрмей, ауылдан қашып, тек «трактор», «аэроплан», «бесжылдық» деп жалпылап, жауыр поэманы көбейтіп алдық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет