Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М



бет50/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ
Жалпылама қолданылатын сөздер мен терминдер, СӨЖ. ҚФ-201. 2-ТОП (3)-1, 74-1-145-1-10-20150911, Zhalmakhanov, b212, 830321
Поэзияда әлі желісі көркем, тілі бай, мазмұны күшті үлгілі өлеңдер жоқ. Поэмада көрінген күшті қаһармандар жоқ. Қызықты тартыс жоқ. Өлеңге жан бітіретін лирика жоқ...
Өлең жеңіл жазылып, арзан құнды болып барады. Тек аяғы ұйқасқан – газеттің мақаласы, жаңа жарамазан, бата поэма. Әсіресе, соңғы жылдарда өлең өнерін төмендетіп алдық»59. Мұның негізгі себебі – тақырыптың сонылығында. Қандай да болмасын жаңа тақырып, жаңа типтік бейне кемшіліксіз, бірден жасала қоймайтыны белгілі. Жалпы әдебиеттің социалистік құрылыс тәжірибесінен кейін қалуының екінші бір себебі бұрын-соңды әдеби дәстүрдің жоқтығынан деп білеміз. Оның үстіне бұл тақырыпты жырлауда бұрыннан дәстүрі қалыптасқан, үлкен жаңашылдықтар тудырып жатқан өрелі әдебиеттің озық дәстүрлерінен үйренудің аздығы да қазақ әдебиетінде осы тақырыпты игеруде біраз қиындықтарға душар етті. Тың тақырыптың кілтін ақындарымыз бірден тауып кете алмады да, іздену жолында схемаға не натурализмге ұрынушылық пайда болды. Мұндай кемшілік орыс поэзиясында да ұшырасып отырады. Алайда, В.Маяковский өндіріс, құрылыс туралы жазғанда ерекше шеберлік көрсетті. Тек өлең жолдарын бөлшектеу немесе техникалық термин сөздерді жиі қолдану ғана өндіріс, құрылыс, еңбек процесін ашып бере алмайтынын, поэтикалық форманың барлық элементтерін жетілдіру керек екенін ол өз өлеңдерімен анық дәлелдеп берді.
В.Маяковскийдің поэзиядағы жаңашылдығы өлең жолдарын бұзуында, жаңа сөздерді орынды пайдалануында емес, еңбекті жырлауда көптеген поэтикалық құралдар, өрнек-нақыштар таба білуінде еді. Міне, орыс әдебиеті шыққан биікке қазақ әдебиеті де көтерілу үшін В.Маяковский т.б. орыс ақындарының жаңа дәстүрлерінен үйрену, үлгі-өнеге алу қазақ ақындарының алдында, күн тәртібінде тұрған міндеттердің бірі болатын.
Сондықтан да съезде жасаған баяндамасында I.Жансүгіров: «Бірақ бұл интернационалдық байланыс біздің әдебиетіміздің бірінші шарты. Социалдық құрылыстың дәуіріндегі ұлттардың түрі ұлттық, мазмұны интернационалдық әдебиетінің бағыты, мазмұны, өсу жолдары бір, бір-бірімен қайнаспай өспейді. Қазақ жазушылары ілгері елдің ұлы мастерлерінен оқымай, ұлы сынға түспей өсе алмайды»60, – деп дұрыс байлам жасайды. Бұл алдағы уақыттың міндетіне көшті.
Жалпы алғанда, қазақ совет поэзиясында еңбек тақырыбына ерекше көңіл бөлінді, еңбек адамдарының ойы мен арманы, ішкі жан дүниелері ашыла бастады. Тек қана ауыл шаруашылығы емес, өндіріс орындарының жырлануы арқасында қазақ совет поэзиясына жаңа ырғақ, екпін, ұйқастар пайда бола бастады. Бұл ретте, алғашқы іздену бағдарында нысананы дәл баспай жатқан шығармалар туса да, негізінен алғанда, өмірдің күнделікті жайлары, барлық қиындығы мен жарқын болашағы революциялық пафоспен даму тұрғысынан жырланды. Социалистік реализм өнерінің басты кейіпкері өмірді белсенді жаңартушы, алға қарай басып отырған адамдар, В.И. Лениннің сөзімен айтқанда, «еліміздің көркі, оның күші, болашағы болатын»61 адамдар екенін көрсете бастады.
Жаңа өмір адамдарының жаңаша қарым-қатынастары арқасында туған жаңа образдық бейнелеулермен қатар ұлттық негізде туған, бұрынғы бар образдық нақыштардың, кейбір түрлерін жаңғырта алып, жаңа мазмұнды айқындауда да I.Жансүгіровтің өзіндік үлесі болды. Ол ұлттық образдар арқылы социалистік реализм әдісінің жалпы кенересін кеңейтуге ат салысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет