Мырзабек дүйсенов көптомдық шығармалар жинағы төртінші том дүйсенов М


Шорманның Оқасы! – деп шапты анталап



бет74/126
Дата17.11.2022
өлшемі4,8 Mb.
#158722
түріМонография
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   126
Байланысты:
4-ТОМ
Жалпылама қолданылатын сөздер мен терминдер, СӨЖ. ҚФ-201. 2-ТОП (3)-1, 74-1-145-1-10-20150911, Zhalmakhanov, b212, 830321
Шорманның Оқасы! – деп шапты анталап,
Бір үйді қырғыз алды Шабдан Манап,
Оязы Қараөткелдің Измаилов,
Бір үйде ләйліп отыр ішіп арақ...


Бір үйде бәйбішелер – бауырсақтай,
Ауызы ет пен майға дамыл таппай,
Сүртініп сорпа терін жеңіменен,
Ұзын күн істеп отыр қарнын қаптай...


Албасты Арқадағы абыжылан –
Молда отыр ысқырынып оқып Құран,
Атты арбап, атан жұтып жатыр молда,
Құранмен жем түсіріп жуан-жуан.


Түлкісін санап қыстай пұшпақтаған,
Бір үйде бір дарақы құс мақтаған.
Саудагер мата сатқан сөз қатып тұр,
Қылжықтап бір тоқалға тыштақтаған.


Бір үйде өлеңші отыр жұрт мақтаған,
Сөз сатып, тиын тілеп ел ақтаған.
Толтырып сүйек-саяқ дорбасына
Бір қора қайыршылар жүр қаптаған67.
Осындағы әрбір асқа тігілген сырты «ақ» үйлердің ішінде қандай пәле болып жатқанын ақын бір шумақ, жарым шумақ өлеңмен дәл де айқын көрсетеді. Мұндай ас, бір жағынан, құлқын құлы адамдардың пайдасына жарап жатса, екінші жағынан, еңбекші халыққа келген жұт. Себебі, топ-тобымен қырылып жатқан мал керей руының үй басына салған салықтан жиналған. Ол ат төбеліндей байлар ғана емес, қара құрымдай кедей-кепшіктің маңдай тер, еңбек ақысы. Ру намысы деп кедейлер байлар үшін шығынданады.
Сол аста өзінше «қызық» көргендер де, дау-шарға араласын жүргендер де әр елдің мықтылары, шонжарлары, «жақсылары».
Ал, ақын осындай жиындағы кедейлер халіне де аянышын білдіріп, бірде:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет