Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет81/151
Дата22.09.2022
өлшемі481,97 Kb.
#150391
түріМонография
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   151
Байланысты:
treatise125445 (5)

138. «Үйімнің үстіндегі кім?»
Ойынды бастау үшін қатынасушылардың бірі жұдырығын түйеді де, столдың үстіне қояды, оның үстіне 2, 3, 4, 5-ші ойыншылар да өздерінің бір жұдырықтарын қояды. Бірінің үстіне бірі қойылған жұдырықтар бірнеше қабат үй сияқтанып биіктей түседі. Егер ойыншылар аз болса, әр ойыншы екі жұдырығын өзара алмастыра қоюына болады. Ең үстіңгі жұдырықтың астындағы қолдың иесі:
Үйімнің үстіндегі кім?
Мұсамын.
Неғып жүрсің?
Ұшамын.
Тезірек ұш.
Қорқамын.
Кейінірек ұш!
Асығамын.
Секіріп түс.
Жығыламын.
Астыңдағы не?
Келі.
Ішіндегі не?
Тары.
Жүзің неден сары?
Жас шіркінің кәрі.
Осы сөз айтылысымен ойыншылар түгелдей: «Атта жымпи, көжеңді іш те тымпи» – деп қолдарын алады да, тым-тырыс бола қалады. Кім бұрын күліп қойса немесе қозғалып қойса сол айыпты болады. Айыпты орындаудың жолы, тәртібі – күліп қойған ойыншының алақанын жазып, білегінен ұстап отырады да: «Кімнің үйіне қондың?» – деп сұрайды. Күлген бала тез өзі білетін үйлерінің ішінен біреудің атын атайды. Мысалы, «Әсеттікіне қондым» дейді. Ұпай алушы бала:
Әсет атам ет асатар,
Ет асатса бес асатар,
Бесбай етті неше асатар?
деп тез-тез 5 рет айтып шық деген бұйрық береді.
Ойнаушы жаңылтпашты жақсы айтып кетсе, сонымен ұпайдан құтылады. Егер айта алмаса ойын бастаушы күліп қойған ойыншының алақанын қаттырақ шымши отырып «ет асата» бастайды. «Ет асатуды» үйде неше кісі болса, сонша қайталап жасайды. Ең соңынан ойын бастаушы «Енді жақсылап тұрып, өзім де бір асайын» – деп батыра шымшып, өзі де «асайды». Мысалы, Әсеттің үйінде 3 адам бар. Өзі, әйелі Қанипа, ұлы Мұрат.
Мә, Әсет ағай.
Мә, сізге Қанипа апай.
Мә, саған Мұрат балақай,
дейді де, содан кейін өзі «асайды». Ойын осылайша жүргізіле береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет