Ұн тағамдық атауларының анықтағыш сөздігі


Бадам қосылған бисквит (орыс. миндальный бисквит, ағылшын. almond cake)



бет10/102
Дата06.02.2022
өлшемі0,79 Mb.
#34484
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   102
Бадам қосылған бисквит (орыс. миндальный бисквит, ағылшын. almond cake) – жұмыртқаның сары уызына қант қосылып шайқалып, баяу отта қыздырылады да, үстел үстінде көлемі 2-3 есе ұлғайғанша және қоюланғанша бұлғанады. Содан соң ұн және лимон қабығының үгіндісі қосылады. Бәрі жақсылап иленеді. Жұмыртқаның көпіргенше езілген ақ уызы қосылады. Қамыр мол мйланып, туралған бадам себілген формаға салынады.


Бадам қосылған пешеней (орыс. печенье с миндальем, ағылшын. cookies with almonds) – тазартылған бадам кептіріліп, ет тартқыштан тартылады. Қант, ұн, май, жұмыртқаның ақ уызы және су қосылады. Сөйтіп қамыр иленеді. Қамыр қатты болуы тиіс. Ол 1см қалыңдықта жайылып, стақан немесе басқа құралмен кесіледі де, майланған металл табаға салынады.


Бадам қосылған кепкен нан (орыс. сухарики с миндальем, ағылшын. crackers with almonds) – жұмыртқаның сары уызы қант қосылып ағарғанша шайқалады да, езілген май қосылып ұн, жақсылап жуылған мейіз, ұсақталған бадам және туралған цукат кезекпен қосылады. Әбден араластырған қоспа столға аударылып оқтаумен қалындығы 1см етіліп жазылады да майланған металл табаға орналастырылады. Бетіне жұмыртқа жағылады да, ірі етіп туралған бадам себіледі. Сөйтіп температурасы 240-260° С пешке қойылады. 8-10 минуттан соң пештен алынып кішіріктеу шаршы формасында кесіліп 20-25 минуттай екінші рет пісіріледі.

Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет