Вареник (орыс. вареник, ағылшын. dumpling) – ашымаған қамырды жайып, шағындау етіп кесіп, ішіне ақ ірімшік я жидек салып қайнатып пісіретін тағам. Сонымен қатар аспаздық кітаптардың кейбірінде вареники сөзі сусомса немесе ақ тұшпара деп беріледі.
Ватрушка (орыс. ватрушка, ағылшын. cheesecake) – ішіне ақ ірімшік салып пісірген күлше.
Вафли (орыс. вафли, ағылшын. waffles) – бидай ұны, жұмыртқа және кілегейден әзірленген сұйық қамырдан дайындалатын кондитерлік өнім; вафлилік құймақтардың бірнеше қабатынан тұрады.
Галеттер(франц. galette) (орыс. галеты, ағылшын. biscuits) – ұзақ мерзім сақталатын, нанды алмастыратын пешенейлер. Жәй (құрғақ печенье, крекер) және майлы (құрамында 10-18 % сары май мен маргарин бар) болып келеді.