Ұн тағамдық атауларының анықтағыш сөздігі


Вареник (орыс. вареник, ағылшын. dumpling)



бет19/102
Дата06.02.2022
өлшемі0,79 Mb.
#34484
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   102
Вареник (орыс. вареник, ағылшын. dumpling) ашымаған қамырды жайып, шағындау етіп кесіп, ішіне ақ ірімшік я жидек салып қайнатып пісіретін тағам. Сонымен қатар аспаздық кітаптардың кейбірінде вареники сөзі сусомса немесе ақ тұшпара деп беріледі.


Ватрушка (орыс. ватрушка, ағылшын. cheesecake) – ішіне ақ ірімшік салып пісірген күлше.


Вафли (орыс. вафли, ағылшын. waffles) бидай ұны, жұмыртқа және кілегейден әзірленген сұйық қамырдан дайындалатын кондитерлік өнім; вафлилік құймақтардың бірнеше қабатынан тұрады.


Вермишель (орыс. вермишель, ағылшын. vermicelli) зауытта істелген жіңішке, жұмыр кеспе.


Витушка (орыс. витушка, ағылшын. vitushka) – ширатылған ұзынша формалы ақ нан.

Г

Галеттер (франц. galette) (орыс. галеты, ағылшын. biscuits) ұзақ мерзім сақталатын, нанды алмастыратын пешенейлер. Жәй (құрғақ печенье, крекер) және майлы (құрамында 10-18 % сары май мен маргарин бар) болып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет