Бүкпе шелпек (орыс.букпе шелпек, ағылшын.bukpe shelpek) – ішіне жеміс қақтарын немесе қуырған ет салып бүріп пісіреді. Бүкпенің кейбір түрлерін табаға салып пешке де пісірген.
Бутерброд – (орыс. бутерброд, ағылшын. sandwich – сөзбе-сөз май мен нан) – үстіне май, сыр, шұжық және т.б. салынған бір тілім нан.
В Ваниль қосылған кекс (орыс. ванильный кекс, ағылшын. vanilla cupcake) – жұмсартылған майға қант, ваниль қанты қосылып, ағарғанша бұлғанады, үздіксіз араластырыла тұрып, бір- бірден сегіз жұмыртқаның сары уызы құйылады да, аз аздан ұн себеді. Иленген қамыр 30-40 минут салқындатылады. Қамыр салқындап қоюланған жуылған ұсақ мейіз бен 8 жұмыртқаның ақ уызы қосылады. Абайлап араластырылған қамыр майланып, ұн себілген формаға аударылады түбіне майланған қағаз төселеді. Қамырдың таба биіктігінің бөлігіндей болуы керек, себебі қамыр көтеріледі. Кекс 200-220° С температурада 50-60 минуттай піседі. Кекстің піскен- піспегенін сіріңкемен білуге болады.