1. Кариокинез (ядроның бөлінуі); 2. Цитокинезден (цитоплазманың бөлінуі). Кариокинездің екі типі болады:
митоз және
мейоз. Әдетте ядроның
бӛлінуінен кейін жасушаның бӛлінуі жүреді, сондықтан бұл терминдерде
кариокинезді келесі жасушаның бӛлінуі деп санап, кең мағынада
қолданады.
Әдетте, жасушаның бӛлінуі алдында, оның хромосомалық аппаратында
орналасқан ДНҚ молекуласының синтезі жүреді. Бұл, прокариоттар және
эукариоттар жасушалары үшін жалпы ереже.
Митоз процесі барысында хромосомалар жиынтығы диплоидты (2n)
болып келген аналық жасушадан ағзалардың ӛсуін, регенерациясын және
жыныссыз кӛбеюін қамтамасыз ететін екі жас жасуша дамып жетіледі,
олардың хромосомалар жиынтығы (2n) диплоидты.