Дәнекерұлпалардың жіктелуі Дәнекер
ұлпа жасуша аралық заттарының құрылымдары мен
жасушаларына, ондағы талшықтарының реттеліп орналасуына және оларды
біріктіріп тұратын аморфты заттың физико-химиялық қасиетіне байланысты
жіктеледі. Дәнекер ұлпа меншікті дәнекер ұлпа (талшықты және арнайы
қызмет атқаратын), қаңқалық ұлпа болып жіктеледі. Қаңқалық ұлпаға
шеміршек (гиалинді, эластинді, талшықты), сүйек ұлпасы (фиброзды –
талшықты, қабыршақты) жатады (16-кесте). Тіс цементі мен дентиннің де осы
ұлпаға қатысы бар.