Несеп-жыныс жыныс жүйесі


Үлкен және кіші жыныс ернеулері



бет2/8
Дата01.12.2023
өлшемі5,37 Mb.
#194458
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Әйел жыныс мүшесі 2

Үлкен және кіші жыныс ернеулері

  • Кіші жыныс ернеулері - үлкен жыныс ернеулерінің астында орналасқан. Кіші жыныс ернеулері қан тамырларына және жүйке тамырларына өте бай. Сондықтан оларды жыныстық сезім мүшелері деп те атайды.
  • Үлкен жыныс ернеулері – май ұлпасына бай, жұп орналасқан тері қатпарларынан тұрады. Ернеулер жыныстық саңылауды қоршап тұрады. Үлкен жыныс ернеулерінде Бартолин бездері мен қан тамырлары, нерв жүйелері бар. Бұл бездер қынапты үнемі дымқылдандырып тұратын сұйық зат бөлініп тұрады.

Қынап кіреберісі алдыңғы жағынан клитормен, артқы және төменгі жағынан үлкен жыныс ернеулерімен қоршалған кеңістік, қынап кіреберісінің түбін қыздық перде құрайды. Кіреберіс қуысына түтіктері ашылады: -несеп шығаратын өзек -қынап -2 кіреберіс бездерінің шығарушы


Аралық қорғаныштық, жыныстық қызметтерін атқарады. Сонымен қатар босану актісіне қатысады

Әйелдің ішкі жыныс ағзаларының дамуы:

  • Бел аймағында 3-ші аптада жыныс жасушалары түзіледі;
  • 7 аптада аналық без негізі қаланады;
  • Мюллеров өзегінен жатыр түтігі, жатыр және қынап дамиды
  • Вольф өзегі (12) жойылады.

Жатыр (Uterus)

  • Кіші жамбас астау қуысында алдыңғы жағынан несеп қуығымен, артқы жағында тік ішек арасында орналасқан тақ, қуыс бұлшықетті ағза. Жатырда ұрықтанған жасушадан ұрық дамып, жетіледі және туу кезінде жатыр бұлшықеттерінің жиырылуынан бала сыртқа шығарылады. Ұрықтану жүрмесе жыныс жасушасы етеккірмен шығарылады.
  • Жатыр көлемі мен салмағы меншікті өзгермелі. Ересек әйелдің жалпы жатыр ұзындығы 7-8см, ені 4см, қалыңдығы 2-3 см-ге тең. Тумаған әйелдердің жатыр салмағы 40-50г, ал туған әйелдерде 80-100 г-ға жетеді.
  • Сыртқы пішіні – алмұрт тәрізді, алдан артқа жалпайған. Жатырдың түбі, денесі және мойны ажыратылады.

Жатыр түбі (fundus uteri) – жатырдың жоғарғы шығыңқы бөлігі, төменде жатыр денесіне жалғасады.

  • Жатыр түбі (fundus uteri) – жатырдың жоғарғы шығыңқы бөлігі, төменде жатыр денесіне жалғасады.
  • Жатыр денесі (corpus uteri)– конус тәрізді ағзаның ортаңғы үлкен бөлігі. Жатыр денесінің жатыр мойнына өткен жері тарылған , ол жатыр қылтасы деп аталады.
  • Жатыр мойны (cervix uteri)– ол жатыр денесінің тікелей жалғасы, бірақ оған қарағанда дөңгелек және тар болып келеді. Жатыр мойнының төменгі бөлігі қынаптың ішіне кіріп орналасқандықтан, қынаптық бөлікті және қынап үсті бөлігін ажыратады.

Жатырдың топографиясы
Кіші жамбас астау қуысында, оның орны мен қозғалмалы болуы көршілес мүшелердің жағдайына байланысты. Жатыр ішастар мен үш жағынан немесе мезоперитонеалді жабылған. Жатырдың алдыңғы бетінің ішастар табағы қуыққа өтіп, қуық-жатыр ұңғылын,құрап, артқы бетінің ішастар табағы
Тік ішекке өтіп, тік ішек жатыр ұңғылын, немесе дуглас атты ұңғылды құрайды. Бұл ұңғыл оңнан және солдан жатыр мойнынан тік ішекке қарай бағытталған ішастардың тік ішек-жатыр қатпарымен,plica rectouterina, шектелген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет