Объединение юридических лиц в форме ассоциации «общенациональное движение «бобек»



Pdf көрінісі
бет94/117
Дата27.12.2023
өлшемі3,05 Mb.
#199598
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   117
Байланысты:
Сборник МНПК

Көрсеткіш
Жылдар
2019 
2020 
2021 
Табыс деңгейі
5,1% 
7,5% 
8,4% 
[2] деректері негізінде құрастырлған 
Халықтың жан басына шаққандағы орташа номиналды ақшалай табысы 2022 жылғы 
желтоқсанда 149 510 теңгені құрады, бұл 2021 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 4,7%-
ға жоғары. Алайда қазақстандықтардың нақты ақшалай табысы көрсетілген кезеңде 13% - 
ға төмендеген. 
ҚР Ұлттық статистика Бюросының мәліметінше, ағымдағы 2023 жылдың қаңтар 
айында жұмыссыздар саны 456 мың адамды құрады. ҚР Премьер министрінің орынбасары 
Ералы Тоғжановтың айтуынша, 2022 жылы 2,2 млн-нан астам қазақстандықтың жалақысы 
өскен. Бірақ бұл көңіл қуантарлық көрсеткіш емес. Халықтың нақты ақшалай табысы соңғы 
бес жылдағы ең төменгі өсу қарқынын көрсетеді Бұған елде баға деңгейінің өсуі әсер етіп 
отыр. Инфляцияның өсуінің негізгі факторы барлық негізгі топтар бойынша азық-түліктің 
қымбаттауы болып қала береді. Азық-түлік инфляциясы 24 пайыздан асты [2]. 
Қазақстандықтардың нақты ақшалай табыстары 2022 жылғы желтоқсанда 2021 
жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 13 пайызға төмендеді. Еліміздегі Орташа жалақы 


INTERNATIONAL SCIENTIFIC JOURNAL 
«GLOBAL SCIENCE AND INNOVATIONS 2023: CENTRAL ASIA» 
ASTANA, KAZAKHSTAN, APRIL 2023 
91 
туралы айтатын болсақ, 2022 наурыз айындағы статистикаға сүйенсек, еліміздегі орташа 
жалақы 275 мың теңгеден асқан [3]. Жалпы соңғы 6 жылдағы орташа жалақы мөлшеріне 
назар аударсақ, төмендегі кестеден 2,3 есеге артқанын көруге болады (кесте-2).
Кесте-2. 2015-2021 жылдар аралығындағы орташа айлық жалақы мөлшері (теңгемен)
 
Жылдар 
1 тоқсан 
2 тоқсан 
3 тоқсан 
4 тоқсан 
2015 
118 638 
124 227 
124 656 
136 094 
2016 
132 769 
143 600 
141 187 
154 632 
2017 
140 265 
149 951 
147 988 
163 725 
2018 
152 442 
162 751 
161 783 
176 050 
2019 
168 489 
186 537 
191 129 
203 883 
2020 
200 332 
212 035 
204 330 
233 136 
2021 
230 829 
251 545 
243 667 
275 580 
[3] деректері негізінде құрастырылған 
Қай сала мамандарының еңбекақысы жоғары деген сұраққа жауап беретін болсақ,
 
ресми деректерде келтірілген ақпаратқа сүйеніп, қай салада жалақының жоғары екеніне 
тоқталсақ, мынадай мәліметтерге куә боламыз. Ұлттық статистика бюросының 
мәліметінше, ең көп еңбекақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу қызметі 
үшін төленеді екен. Жалақысы – 546,4 мың теңге, бұл орташа республикалық деңгейден 2 
есе жоғары. Қаржы және сақтандыру қызметінде - 520,7 мың теңге (1,9 есеге көп), кәсіби, 
ғылыми және техникалық қызметте – 442 мың теңге (1,6 есеге көп), ақпарат және байланыс 
саласында – 370,1 мың теңге (1,3 есеге көп) [3] Ең төменгі атаулы жалақы ауыл, орман және 
балық шаруашылығы қызметкерлерінде – 167,3 мың теңге, оған қоса сумен жабдықтау
кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылайтын қызметкерлер 
жалақысы – 169,1 мың теңге. Сонымен қатар, ауылды жерлердегі тұрғындардың жалақысы 
төмен екенінде білеміз. Ал енді қай өңірлерде жалақы мөлшері аз дейтін болсақ

төмендегі 
кестеден өткен жылғы ІV тоқсандағы орташа айлық жалақы мөлшерін көруге болады. 
Жалпы төмендегі суреттен көріп отырғанымыздай, мұнайлы аймақтар жалақы бойынша 
көшбасшы болып отыр. Мәселен, қызметкерлерге Атырау облысында – айына 420,4 мың 
теңге, Маңғыстау облысында – 382,4 мың теңге, Нұр-Сұлтанда – 391,4 мың теңге, 
Алматыда – 329, 1 мың теңге төленеді. Ал ең аз жалақы Солтүстік Қазақстан облысына 
(202,983 мың тг) тиесілі екенін байқаймыз. Сондай-ақ Түркістан облысы (207,929мың тг) 
мен Шымкент қаласы да (209,308 мың тг) алғашқы үштікке енген [3] 
Сурет-1. 2021 жылғы орташа айлық жалақы мөлшері 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   117




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет