Байланысты: Мал шаруашылығы негіздері by Омарқожаұлы Н., Шуркин А.И. (z-lib.org)
Қолдан ұрықтандыру табиғи және қолдан ұрықтандыру болып бӛлінеді.
Қолдан ұрықтандыруды ұйымдастырғанда:
1)
Негізгі жӛне кӛмекші аталықтарға арналған қоралар;
2)
Ұрықтандыруға арналған үсті жабық сарай;
3)
Кезекшілерге арналған және шәуіт сапасын тексеруге арналған сарай;
4)
Жемшӛп сақтайтын, малдың буаздығын бедеулігін және құрал-
жабдықтар қоятын қора;
5)
Малдәрігерлік қобдиша, сүлгі, халаттар, мәрлі т.б. болуы керек.
Қолдан ұрықтандыруға арналған барлық бӛлмелер таза, тӛбесі мен
қабырғалары ақталған, мал ұрықтандыратын жері сілті қоспасымен
залалсыздандырылған болу керек. Ұрықтандыруға әкелінген әр аналық бас
аталық жіберілмей тұрып малдәрігерлік тексеруден ӛткізіледі. Жыныс
жолдарында ірің, жара не ісігі бар мал малдәрігердің рұқсатымен ғана
ұрықтандырылады. Аталық мал әрдайым малдәрігерінің бақылауында болып, ай
сайын кемінде бір рет тексеріліп тұрады.
Мал ұрықтандыру күн тізбегін жасағанда аналық мал басын үш топка
бӛледі: а) Буаздығын анықтауға жататындар; б) Тӛлдегендер; 3) Тӛлдегеннен
бір айдан кейін ұрықтанбаған бедеу бастар. Ұрықтандыру кестесіне
ұрықтандыру кезеңі келген барлық аналық малды кіргізеді.
Қондылығы тӛмен, арық мадың азықтандыруын күшейтіп, қалыпты орта
қоңдылыққа жеткізеді. Ұрықтандыруды бастау алдында қосымша аталықтарды
немесе жыныс мүшелері тігілген аталықтардың керекті санын дайындап, ондай
аталықтар болмаса, әр түрлі алжапқыш дайындайды. Шаруа қожалықта жыл
сайын желтоқсанның 15-не дейін аналық малды ұрықтандырудың жоспарын
жасау қажет. Онда ұрықтандыру түрі (қолмен, табиғи) белгіленіп,
шаруашылықтағы әр аналық тобының белгілі бір аталыққа бекітілген жоспары,
тӛлдеген кейінгі ұрықтану мерзімі кӛрсетіледі. Ұрықтандыру орнында карантин
бӛлмесі болып, ұрықтандыру орнына кіретін жерде ауру таралмауына арналған
залалсыздандыру бӛгеті (дезбарьер) қойылады.