Омарқожаұлы Н. Шуркин А. И. Мал шаруашылығы негіздері


Малды өсуі мен даму кезеңдеріне сойкес пайдалану



Pdf көрінісі
бет28/82
Дата08.04.2024
өлшемі3,77 Mb.
#200620
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   82
Байланысты:
Мал шаруашылығы негіздері by Омарқожаұлы Н., Шуркин А.И. (z-lib.org)

Малды өсуі мен даму кезеңдеріне сойкес пайдалану.
Малдың ӛмірінің ұзақтығын туылғаннан бастап ӛз ӛлімі мен ӛлуі 
аралығындағы уақытпен ӛлшейді. Ол мерзім әр мал түлігінің эволюциялық 
дамуы мен шаруашылық пайдалану барысында қалыптасқан. Табиғатта әр мал 
түлігінің ӛмірі ӛзіне тән биологиялық мерзіммен шектеледі. П.Кулешовтың 
мәліметі бойынша кейбір жылқы малы 67 жас жасаған. Мал ӛмірінің ұзақтығы 
одан ӛндірілетін ӛнімді және тұқымды молайтады. Бүгінгі күнгі ғылыми 
деректерге қарағанда сиырдың бұзаулау мүмкіндігі 12-14 (15-17) жылға, ал мол 
сүттілігі - 11-12 (13- 15) жылға, мегежіннің тӛлдеуі және сүттілігін сақтауы - 5-
6-дан 7-8 жылға дейін, саулықтың тӛлдеуі мен жоғары жүнділігі - 5-7-ден 8-9 
жылға дейін сақталады. Осы мерзім ұзартылған сайын малдан, оның ішінде 
әсіресе тұқымдық басынан алынатын ӛнім кӛлемі ӛсе түседі. 
 
1.8 Мал өнімін есепке алу 
 
Мал шаруашығының салалары сүт, ет, жұмыртқа секілді құнды қоректік 
ӛніммен қоса жүн, тері, т.б. секілді бағалы шикізат ӛндіреді. Бұл ӛнімдерінің 
ӛндірілуі малдың ӛнімділігіне, яғни олардан белгілі мерзімде алынған ӛнім 
мӛлшері мен сапасына, тәуелді болғандықтан, соңғыларды бақылап, есепке алу 
қажет. 
Мүйізді ірі қара мал шаруашылығында сиыр сүті мен етін, терісін 
ӛндіреді. 
Сиыр сүттілігін
тәуліктік, айлық және жылдық сауымымен және 
сүтінің майлылығымен бағалайды. Оны дәл есепке алу үшін күнделікті 
сауымды ӛлшеп тұру қажет. Әдетте, сиыр сүттілігін шаруашылықта жүргізіліп 
тұратын декадалық немесе ай сайындық бақылау сауымы (контрольная дойка) 
бойынша, алғашқысын 10-ға, ал кейінгісін 30-ға кӛбейтіп шығарады. Осылайша 
бақыланған сиырдың 10 айлық (305 күндік) сауымының графикалық белгіленуін 
лактация қисық сызығы (лактационная кривая) деп атайды. 
Сауымның (лактация) қисық сызығының бастапқы сүтейту (раздой) 
кезеңінен кейінгі шыңына жету мерзімі және оның сауым тұрақтылығын 


53 
байқататын ай сайынғы кемуіне қарай жалпы сиыр сүттілігін аңғаруға болады. 
Дұрыс азықтандырылып, сауым бойындағы қисық сызығы біртіндеп кемитін 
сиырдың тәуліктік сүт сауыны 305 күндік сауынның 1/200 бӛлігін құрайды деп 
есептелінеді. Сауым тұрақтылығын сипаттайтын сауым бойындағы сүт 
сауынының ең жоғары тәуліктік сауылған сүт мӛлшеріне қатынасы 
сауынның 
біркелкілік коэффициенті
деп аталады.
Бұл кӛрсеткішермен қатар сиырды сүттілігі бойынша сұрыптауда 
желінінің жетілгендігі мен формасы, оның бӛлімдерінің біркелкі дамығандығы, 
емшектерінің орыналасуы мен мӛлшері, сүт сауылу жылдамдығы (кг/мин.), 
сүттілік индексі (сауым бойындағы сүт мӛлшері / сиырдың тірілей салмағы), 
сүттің майлылығы мен белоктігі секілді кӛрсеткіштері есепке алынады. Ай 
сайынғы қатар екі күнде сауылған сүт майлылыған анықтап, оны сауылған сүт 
мӛлшеріне кӛбейту арқылы 1%-дық сүт мӛлшерін шығарып, оны 4-ке бӛлу 
арқлы сиырдың 4%-дық майлылықтағы сүттілігін біледі.
Ірі қара еттілігін 
оның сойыс салмағының сою алдындағы
 
24-сағаттық 
аш ұстаудан кейінгі тірілей салмағына қатынасымен шығарылатын 
сойыс 
шығымымыен (убойный выход)
және етінің сапасымен бағалайды. Мүйізді ірі 
және ұсақ қара малдың сойыс салмағына қаны ағызылыған, бассыз, сирақсыз, 
терісіз, құйрықсыз, ішек-қарынсыз, бірақ іш майымен ӛлшенген ұщасының 
салмағы кіреді. Шошқаның сойыс салмағына қаны ағызылыған, бассы мен 
терісі, іш майы сақталған, бірақ сирақсыз және ішек-қарынсыз ұщасының 
салмағы кіреді. Құстың бӛлшектелмеген (басы, сирағы, ішек-қарны сақталған, 
қансыздандырылған 
және 
қауырсыны 
жұлынған 
ұшасы), 
жартылай 
бӛлшектелген (ішексіз ұшасы) және бӛлшектелген (ішкі ағзаларынсыз, бассыз 
және сирақсыз ұщасы) ұшасының салмағын ажыратады. 
Малдың жасы мен қоңдылығына байланысты сойыс шығымы: мүйізді ірі 
қара малдікі – 45-56%, қойдікі – 44-52%, жылқынікі – 47-52%, шошқанікі – 75-
85%, жартылай бӛлшектенген құстікі – 77-81% кӛлемінде болады. Дене бітімі 
нәзік те болбыр болып келетін ет бағытындағы бордақыланған қара малдың 
сойыс шығымы – 70-72%-ға, жылқынікі – 60-62%-ға, шошқанікі – 87-89%-ға 
жетеді. 
Мал еттілігінің қосымша кӛрсеткіштеріне ұшасының желінетін бӛлігі мен 
сүйектерінің арақатынасымен есептелінетін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет