еттілік коэффициенті
, жартылай
алынған артының ұзындығы мен шоқтығының биіктігі арақатынасымен
есептелінетін
еттілік индексі
жатады. Грегори индексі деп те аталатын еттілік
индексімен соймай тұрып мал еттілігін бағалауға болады. Ет бағытындағы ірі
қара малдың бұл индексі – 0,87 болса, сүт бағытындағыларінікі – 0,70
шамасында. Ет сапасын бағалауда оның мал түлігінің тұқымдық, жастық,
жыныстық ерекшіліктері мен қоңдылығына байланысты ӛзгеретін химиялық
құрамын (калориялығын) да есепке алады.
54
Қой шаруашылығының ӛніміне
қой еті, жүні, елтірісі мен терісі кіреді.
Қойдың жүн ӛнімділігі оның қырқылған жүнінің тазартылмаған физикалық
және тазартылып жуылған таза салмағымен ӛлшенетін мӛлшерімен және
ұзындығы, жіңішкелігі, біркелкілігі, иректілігі, мықтылығы, серпінділігі,
иленгіштігі, түсі, жылтырлығымен сипатталатын сапасымен бағаланады. Биязы
жүнді және жартылай биязы жүнді қой тұқымдарынан бірыңғай талшықты
біркелкі (однородная), ал жартылай қылшықты және қылшық жүнді қой
тұқымдарынан әр түрлі талшықты аралас (неоднородная) жүн қырқылады.
Биязы жүнді қойдың жүні (жабағысы) түбітті талшықтардан түрса,
қылшықты жүнді қойдікі түбіт пен қылшықтан тұрады. Жабағыдағы ол
талшықтар шайырланып, жекелеген тұлымдарға бірігеді. Жүнінің шайырлану
деңгейіне байланысты қылшық жүнді қойлардың таза жүн шығымы 60-65%,
биязы жүнді қойлардікі – 30-50% болады.
Қойдың жүн ӛнімділігін терісінің қатпарлануынан, жүнділігінен, жүнінің
тығыздығынан және біркелкілігінен, тұлымдары мен жабағысының жағдайынан
ж.б. сыртқы кӛрсеткіштері мен қатар жалпы жүн қырқымы (кг) мен оның таза
шығымымен (%) және жүнінің сапалық кӛрсеткіштерімен бағалайды.
Жылқының ет ӛнімділігімен қоса
жүк кӛтеру, тасу күші және
жылдамдығы, ж.б. тӛзімділік кӛрсеткіштермен сипатталатын
жұмысқа
қабілетмілігін
бағалайды. Жұмыс атының тасу күшін (Т) жүк салмағын (М)
қарсыласу (үйкелу) коэффициентіне (к) кӛбейтіп шығарады: Т = к х М. Аттың
ұзақ мерзім болдырмай жұмыс атқарудағы тасу күші оның тірілей салмағының
13-15% құрайды. Ал қысқа мерзімде олар бұл кӛрсеткішті 50-80%-ға дейін
жеткізеді. Спорт аттарын шабыс жылдамдығымен бағалайды.
Шошқа ӛнімділігін
еттілігімен қоса туғандағы тірі торай басымен,
олардың
қосқан
21-күніндегі
салмағымен
ӛлшенетін
сүттілігімен,
торайларының 45, 60 күндегі жалпы салмағымен бағалайды. Торайлардың ет
ӛніділігін 100 кг тірілей салмақ тартқан мерзімімен, 6-шы-7-ші
омыртқаларының үстіндегі майының (шпиг) қалыңдығымен, ұшасының
ұзындығы және жартылай ұшасы үштігінің салмағымен бағалайды. Сонымен
қатар шошқа еттілігінің маңызды кӛрсеткіші болып, олардың 1 кг салмақ
қосуына жұмсалған азық шығыны, табылады.
Тауық ӛнімділігін
айына, жылына салынған жұмыртқа санымен
есептелінетін жұмырқалағыштығымен, белгілі мерзімде салнған жұмыртқа
санымен есптелінетін жұмырқалағыштық қарқынымен бағалайды. Үйрек, қаз,
күркетауық жұмырқалағыштығын алғашқы жылы салған жұмыртқа санымен
бағалайды.
Мал ӛнімі мен ӛнімділігіне ӛмірінің ұзақтығы мен қоса күтіп-бағу мен
ӛсіру әдістері, сұрыптау мен жұптау нәтижесі, т.б. жағдайлар ықпал етеді. Осы
жағдайларға байланысты малдан сүт, ет, жұмыртқа, жүн, мамық, панта (мүйіз),
55
қауырсын секілді негізгі, тері, сүйек, қан, мүйіз, тұяқ және ішкі секреция бездері
секілді қосымша ӛнім түрлері алынады.
Мал ӛнімдерінің ішінде адам үшін аса маңыздыларының бірі –
сүт
. Сүтті
құстан басқа барлық сүт қоректі жануарлар түрі береді, бірақ мӛлшері әр түрлі
болады. Кӛбінде олар сүтті тӛлінің (шошқа, қоян) қажеттілігі мӛлшерінде
ӛндіреді. Ал сиыр, буйвол, жылқы, ешкі, қодас, сарлық, түйе т.б. сүтті тӛлінің
қажеттілігінен артық ӛндіреді. Сондықтан артық сүттері сауылады. Әлемде ең
басты сүт беретін мал түрі мүйізді ірі қара малы. Сиырдан дүние жүзінде
ӛндірілетін сүт онімінің 90-95% алынады. Сиыр сүтінде 87,5% су, 12,5% құрғақ
зат, 3,8% май, 4,2% қант, 0,7% минералды зат бар.
Сүт биологиялық құндылығы жағынан мал ӛнімінін ішіндегі құнды
тағамның бірі. Сүтте 100-ден аса қажетті қосылыстар, оның ішінде 20
аминқышқылдары, осы шамада май қышқылдары, қанттың бірнеше түрі 50-ге
жуық минералдық элементтер (мыс, кобальт, темір, мырыш, марганец, йод,
күміс, қалайы, хром, мышьяк, титан, ванадий және т.б.) мен 25-ке жуық
витаминдер тобы (В тобы, С және Р), сонымен қатар иммундық денелер
(ферментгер, гормондар) бар.
Сүт шикілей не пастерленіп, қайнатылып пайдаланылады. Сүттен май,
қаймақ, ірімшіктің әр түрі, сүзбе, айран, балмұздақ т.б. тағам түрлері
жасалынады. Түйе сүтінен шипалы шұбат, бие сүтінен қымыз дайындалады. Бұл
ӛнімдердің емдік қасиеті айтарлықтай.
Ет
– аминқышқылдық құрамы құнды ақуызды мал ӛнімі. Ет құрамында
барлық органикалық заттар кездеседі. Ет адам ағзасында маңызды роль
атқаратын тағамның бірі. Етті мал түлігінен жылқы, сиыр, қой, құс, шошқа,
ешкі, қодас, қоян және зебуден ӛндіреді. Қазақстанда кӛп пайдаланылатын мал
ӛнімі сиыр еті, қой, жылқы және құс еттері.
Малдың ең басты және етті бӛлігі оның ұшасы. Мал түлігінің ӛнімдік
бағытына қарай ұшасы сойыс алдындағы тірілей салмағының 50-60% құрайды:
20% бұлшық ет талшықтарынан, 2-14% майлардан, 12-30% сүйектер,
шеміршектер және дәнекер ұлпалардан тұрады. Малдың еті мен ішкі мүшелерін
(ӛкпе, бауыр т.б.) табиғи түрінде пісіріп тамаққа пайдаланады және әр түрлі
шұжықтар мен басқа да ет ӛнімдерін ӛндіруге пайдаланады.
Жүн
– халық шаруашылығына аса қажетті мал ӛнімінің бірі. Оған жүн
талшықтарының иректіглігі, мықтылығы, беріктігі, серпімдігі, жылу
сақтағыштығы, бояушылығы секілді тамаша технологиялық қасиеттері
себептеседі. Жүн негізінен қойдан алынады. Сапалы жүнді (түбіт) түйе және
ешкі малынан алуға болады. Қойдан алынатын жүн 3 топқа бӛлінеді: жіңішке
(биязы), жартылай биязы (ұяң) және жуан (қылшықты). Биязы жүндер - тоқыма
ӛнеркәсібінде, ұяң жүндері - кілем, техникалық тоқыма жіптер жасауға, ал
қылшық жүндер байпақ, ӛскерге шекпен, кілем басуға қолданылады. Шошқа
56
қылшығы бояу жағу кистері мен шетка жасауға пайдаланса, құс мамығы мен
қауырсының жастық пен тӛсеніш жасауға қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |