Омарқожаұлы Н. Шуркин А. И. Мал шаруашылығы негіздері


Ет өнімділігін есептеу және бағалау



Pdf көрінісі
бет32/82
Дата08.04.2024
өлшемі3,77 Mb.
#200620
түріОқулық
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   82
Байланысты:
Мал шаруашылығы негіздері by Омарқожаұлы Н., Шуркин А.И. (z-lib.org)

Ет өнімділігін есептеу және бағалау 
Малдың еттілігі мен ет ӛнімділігін олардан алынатын еттің салмағы және 
сапасы мен бағалайды. Алынатын ет мӛлшерін малдың сойыс алдыңдағы 
тірілей салмағы, қондылығы, сойыс салмағы және сойыс шығымы арқылы 
анықтайды. Сойылатын малдың тірілей салмағы ауыр, қоңдылығы жоғары және 
сойыс салмағы ауырлаған сайын одан алынатын еттін мӛлшері молайып, сапасы 
жоғарылай түседі.
Сойыс салмағына (убойная масса туши) терісіз, бассыз, ішек-қарны мен 
ішкі мүшелерінсіз, сирақтарынсыз ұшаның және оның ішкі (бүйрекпен қоса) 
майларының салмағы жатады. Сойыс салмағының малдың сойыс алдыңдағы 
тірілей салмағына қатынасы сойыс шығымын кӛрсетеді. Мысалы, 
бордақыланған ӛгіздің тірілей салмағы 800 кг тартса, ал ұшасының және ішкі 
майларының салмағы 415 кг болса, оның сойыс шығымы: 415 : 800 = 0,518 
немесе 51,8% болады. Тұқымына, жынысына, жасына, қондылығына қарай ірі 
қара малдың сойыс шығымы - 50-70%, қойдікі — 40-60%, шошқанікі - 60-75% 
аралығында болады. 
Еттің сапасын кӛзбен кӛріп, сезім мүшелерімен сезініп және химиялық 
талдау жүргізу арқылы анықтайды. Тері асты, ет талшықтары аралығындағы, 
бүйрек және бӛтеке майлары қалың болған сайын еттің сапасы жақсарады. Еттің 
химиялық құрамы зертханалық зерттеулерде су (ылғалы), ақуызы, майы, 
кӛмірсулары, дәрумендері мен минералды заттары бойынша анықталады. Еттің 
морфологиялық және химиялық құрылысы күрделі, ағзаның әр мүшесінде әр 
түрлі болатындықтан мал ұшасын сортқа бӛліп, ағзасын бӛлшектейді. 


59 
Құс етін ӛндіру мен сапасын анықтауда мал түліктерінікі мен 
салыстырғанда ӛзіндік ерекшеліктері бар. Құстың ӛсу кезеңдерінде олардың 
бағып-күту мен азықтандыру деңгейіне сол кезеңдегі тірілей салмағы мен 
ӛнімділігіне сәйкес түзетулер енгізу үшін ӛсірілетін жалпы санының 1 пайызын 
ӛлшеп тұрады. Балапандарын апта сайын, сақайғандарын екі апта сайын 
ӛлшейді. Жұмытртқалағыштығы құстың ӛсу жылдамдығына жарық режимінің 
ықпал ететінін де ескеру қажет. 
Құс етінің түрлерінен тауық еті, күркетауық еті, үйрек пен қаз еті және 
мысыр тауығы, бӛдене секілді басқа да құс еті ӛндіріледі. Құстың ет 
ӛнімділігіне оның тірілей салмағы мен сойыс салмағы және етінің сапасына 
қарай баға береді. Сақа тауықтарды - бір жасында, тауық балапандарын - 9-, 20-, 
34- апталығында, күркетауық балапандарын - 13-, 17- апталығында, қаз 
балапандарын 9-, ал үйрек балапандарын - 7-апталықтарында ӛлшейді. 
Барлық құс түрін бағалағанда олардың белгілі бір жасқа дейінгі 
ӛміршеңдігін, ӛнім бірлігіне (1000 дана жұмыртқаға немесс 1 кг салмақ 
қосуына) жұмсалған азық шығынына (құрамажем мӛлшеріне), ӛніп-ӛсу 
қасиеттеріне (жұмыртқа- лағыштығы, жұмыртқаларының ұрықтануы, балапан 
шығымы т.б.) есепке алады. 
Жұмыртқа ӛнімін есептеу және бағалау. 
Тауықтың жұмыртқалағыштығы 
белгілі бір мерзімде (бір айда, 300- немесе 500-күндігінде, бір жылда, бүкіл 
тіршілігінде) 
салған 
жұмыртқа 
санымен 
анықталады. 
Тауық 
жұмыртқалағыштығын бағалағанда келесі кӛрсеткіштерді ескереді: 1) Салынған 
жұмыртқа саны; 2) Бір жұмыртқаның орташа салмағы; 3) Белгілі бір мерзімдегі 
жалпы жұмыртқаның салмағы: 4) Мекиеннің алғашқы жұмыртқа салған жасы; 
5) Жұмыртқа салу жиілігі; 6) Үзілісіз жұмыртқа салу мерзімі; 7) Салынған 
жұмыртқа сапасы. 
Шаруашылықта жыл басындағы бір тауық басына шаққандағы немесе жыл 
бойындағы 
орташа 
бір 
тауық 
басына 
шаққандағы 
орташа 
жұмыртқалағыштығын анықтайды. Ол үшін бір жылда жиналған барлық 
жұмыртқаны басындағы тауықтар санына немссе жыл бойындағы орташа тауық 
санына бӛледі. 
Асыл 
тұқымды 
құс 
шаруашылықтарында 
әр 
тауықтың 
жұмыртқалағыштығы жеке есептеледі. Мекиендердін жұмыртқалағыштығына 
бағалағанда олардың алғашқы жұмыртқа салған жасына жете мән беріледі
ӛйткені жылдам жетіліп, ерте жұмыртқа салған тауық сол жылы кӛп жұмыртқа 
береді. Алғашқы жұмыртқаны тауық мекиендері - 120-180- күндігінде, үйрек 
пен қаз мекиендері - 250-300-күндігінде, күркетауық мекиендері — 200-250-
күндігінде салады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет