Омарқожаұлы Н. Шуркин А. И. Мал шаруашылығы негіздері


Мал басын сұрыптау және жұптау



Pdf көрінісі
бет24/82
Дата08.04.2024
өлшемі3,77 Mb.
#200620
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   82
Байланысты:
Мал шаруашылығы негіздері by Омарқожаұлы Н., Шуркин А.И. (z-lib.org)

 
Мал басын сұрыптау және жұптау
.
Ӛсірілетін мал басын сұрыптап, оларды бір-бірімен шағылыстыру үшін 
жұптап, жұп таңдаудың негізін салған Ч.Дарвин. Ол эволюция барысында 
жануарлардың ӛзгергіштік, 
сұрыптау 
және 
тұқым 
қуалаушылықпен 
қалыптасатының айтады. Жаңа тұқымдық топтардың пайда болуында сұрыптау 
шешуші қызмет атқарады. Ӛзгергіштік әр ұрпақта онша кӛзге кӛрінбейтін 
кӛптеген ұсақ пайдалы жаңа нәсілдік қасиеттер туғызады. Дәл сұрыптау осы 


48 
кӛзге кӛрінбейтін кӛптеген ұсақ пайдалы жаңа нәсілдік қасиеттерді жинақтап 
белгілі бір арнаға түсіріп отырады. Сӛйтіп тіршілік пошымдары бірте-бірте 
ӛзгеріп дамып отырады. 
Сұрыптау табиғи және қолдан сүрыптауға бӛлінеді. Табиғи сұрыптау 
тіршілік үшін күресте бейімделу артықшылығы арқасында тірі қалып, ұрпақ 
қалдыруға себептессе, қолдан сұрыптауда қажетті мал басы жеке іріктеліп 
ӛсіріледі. Оны қозғаушы, жіктеуші және тұрақтандырушы түрлеріне бӛледі. 
Қозғаушы сұрыптауда малдың бұрын қалыптасқан ӛнімдік белгілері мен 
қасиеттерінің орташа мәнін ӛзгертуге бағыттайды. Сұрыптаудың бұл түрі 
белгілі бір мал тұқымының тобының, табынның, тұқымдық топтардың ӛнімдік 
және нәсілдік қасиеттерін жақсарту үшін қолданылады. Табиғатта жаңа 
пошымды түрлердің пайда болуы және ескі пошымдардың жойылып кетуі де 
осы қозғаушы сұрыптаудың әсері болып табылады. 
1.20-сурет – Асылдандыру ісін жүргізу 
Тұқым ішінде екі немесе одан да кӛп пошымдарының пайда болып, 
тіршілік етуіне қолайлы әсер ететін сұрыптауды жіктеуші сұрыптауға 
жатқызады. Оны ғылыми тәжірибелерде ерекше қасиеті бар мал тұқымдарын 
шығарғанда қолданылады. Тұрақтандырғыш сұрыптауды тұқым ішінде 
бұрынғы қалыптасқан белгілер мен қасиеттердің тұрақтылығын сақтауда 
қолданады. Жүргізу тәсіліне қарай қолдан сұрыптауды жаппай (фенотиптік) 
және жеке (фенотип және генотип бойынша), жанама, технологиялық деп те 
бӛледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет