Омарқожаұлы Нұрберген Омарова Қарлығаш мал азықтандыру пәнінің практикумы


Құлын-тай, құнан-дөнен, спорт жылқыларыназықтандыру



бет79/90
Дата23.02.2022
өлшемі1,32 Mb.
#132924
түріПрактикум
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   90
Байланысты:
Азықтандыру практикумы

4.4.2. Құлын-тай, құнан-дөнен, спорт жылқыларыназықтандыру

Туғаннан кейінгі алғашқы айдан бастап құлынды қосымша азық жеуге дағдыландырып үйретеді. Ол үшін жеке науаға сүйек ұны, азықтық бор, ас тұзы секілді минералдық қосындыларды, мыжылған сұлы дәніне бидай кебегі, шөп ұны мен күнжара ұнтағы қосылған, 1 а.ө.-де 110-120 г қорытылатын протеин бар қоспаны салып қояды. Оған құлынды біртіндеп үйретіп, 2-айлығында - 0,5-1 кг, енесіненажыратар 5-6-айлығында - 4-5 кг жегізеді. Тұқымға қалдырылатын құлынға 7-8 айға дейін енесін еміздіреді.


Тай, кұнан, дөненді өсіру бағытына сәйкестендіріп, әр 100 кг тірілей салмағына шаққанда, 6-12-айлығында - 3 кг, 12-18-айлығында - 2,85 кг, 18-24-айлығында - 2,6 кг құрғақ зат жеткізілетін мөлшерде түрлі сапалы жемшөппен азықтандырады. Еркек құлынның азыктық мұқтаждығы ұрғашы құлындікінен 10% жоғары болады.
Спорт аттарын жастайынан жаттықтырып, олардың азықтандыруын бойына мол күш-қуат жинауына бағыттап азықтандырады. Спорт аты азығының аумағы шектулі жағдайында қуаттылық, протеиндік, минералдық және витаминдік құнарлылығы жоғары болуы үшін, жеңіл қорытылып, қоректік заатары жұғымды пайдаланылатын жоғары сапалы жемшөптен құрастырылады. Оларға жегізілетін азықтың 1 кг құрғақ затындағы қоректік және биологиялық әсерлі заттарының шоғырлану дәрежесі жоғары болыпжасұнықкөлемі 16% аспауға тиіс (4.25-кесте).

4.25-кесте.Жас және спорт аттарын азықтандыру нормасы



Көрсеткіш





6-12 аиында



12-18 айында



18-24 айында



Спорт атына



Бос
кезде

Жарыс кезінде

100 кг т.с. құр. зат, кг

3,0

2,85

2,6

2,2

2,5

1 кг құрғақ заттағы:
-азық өлшемі

0,92


0,88


0,83


0,85


1,00


4.25 кестенің жалғасы

-АЭ, МДж

9,62

9,20

8,68

8,90

10,46

-қорыт. протеин, г

94

80

76

72

72

-ас тұзы, г

2,0

2,3

2,5

3,0

5,0

-кальций, г

7,0

5,5

5,0

5,0

5,0

-фосфор, г

5,0

4,5

4,0

4,0

4,4

- каротин, мг

6

5

5

5

5

Ескерту.Жарысқа дайындық және жарыс кезеңінде спорт аты азығының 1 кгқұрғақзатында 11 мг Ғе, 1,1 мг Си, 2,5мг Zп, 3,0мг Мп, 0,5мг Со, 0,5 мгІ, 6,1 мың х.ө. А, 1,5 мың х.ө. Д, 2,5мг Е, 0,3 мг В1, 0,3 мг В2, 0,4 мг В3, 145 мг В4, 6,4 мг РР, 1,5 мг В6, 6,0 мкг В12, 1,4 мг Вс витаминдері болуға тиіс.

Тұқымдық тай, кұнан, дөненді жазда мүмкіндігінше ұзақмерзім жайылымда бағып, қыста аралас пішен, пішендеме, 1/3 бөлігі бидай кебегінен тұратын бұршақ, күнжара, шрот, сұлы, арпа мен жүгері жармасын тәулігіне құнан басына - 3-4 кг, дөнен басына - 4-5 кг жегізеді.


1-тапсырма. Тірілей салмағы 300 кг құнанның құрғақ затқа мұқтаждығын есептеп, оны қамтамасыз етуге берілетін азықтар мен қосындылар көлемін көрсетіңдер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет